4
Ал ғы сөз
Құрметті оқушылар!
Биылғы оқу жылында информатика курсын жалғастырып,
осы пәнге қатысты білімдеріңді тереңдете түсесіңдер.
Оқулықтың мазмұны «Информатика» пәнінің түр лі саласын
қамтиды. Оқулық бес бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде сендер ақпарат ұғымы, ақпараттың қа сиет-
тері, ком пью терді ұзақ уақыт
бойы қолдану барысындағы
қа уіп терді сыни түрде бағалау, желідегі қауіпсіздік шара ла ры
мен этикет ережелерін үй ре не сің дер. Сондай-ақ осы бөлімде
бұлттық технологиялар туралы, бұлт тағы ресурстардың түрлері
мен онлайн ре сурс та рын пай да ла ну дың
артықшылықтарын
қарастырасыңдар.
Екінші бөлімді оқу барысында ком пью тер дің не гіз гі конфи-
гурация параметрлерін және компьютерді таң дау ға әсер ететін
сипаттамаларын білесіңдер.
Үшінші бөлімнің мазмұны деректер базасы мен олардың
мүмкіндіктерін зерттеп, деректердің түр ле рі
мен нысандарын
қарастыруға арналған.
Төртінші бөлімде Python программалау тілінде өз бі лім де-
рің ді кеңейте түсесіңдер.
Бесінші бөлім Python программалау тілінде PyGame кі тап-
ха на сының көмегімен 2D ойынын құруға бағытталған.
Әрбір тақырыптан соң тапсырмалар кешені ұсынылған.
«Сұрақтарға жа уап берейік», «Ойланайық, талқылайық»,
«Талдап, са лыс ты райық», «Дәптерге орын дайық»
айдар-
ларында берілген тап сыр ма лар та қы рып тың теориялық
бөлімін игеруге арналған. Ал «Компьютерде орындайық»,
«Ой бөлісейік» тапсырмалары практикада
алған білімдеріңді
бекітіп, оны күнделікті өмірде кездесетін жағдайларды шешуде
пайдалануға көмектеседі. «Үй тапсырмасы» тақырыпты үйде
қайталап, меңгеруге арналған тапсырмалардан тұрады.
Оқулыққа қосымша электронды оқу құ ра лы н (СD диск) пай-
даланып, пән бойынша алған білімдеріңді толықтыра түсетін
интерактивті қызықты тапсырмалар мен тест сұрақтарын
орындайсыңдар.
Сәттілік тілейміз!
Достарыңызбен бөлісу: