Мазмұны мамандық бойынша қабылдау емтиханының мақсаты мен міндеттері



жүктеу 74.12 Kb.

Дата11.01.2017
өлшемі74.12 Kb.

МАЗМҰНЫ 

 

1.  Мамандық  бойынша  қабылдау  емтиханының  мақсаты  мен 

міндеттері 

 «6М011700  –  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  мамандығы  бойынша  қазақ  тілі 

пәнінен  қабылдау    емтиханы  магистратураға  түсушілердің  бакалавриатта 

алған білімдерін тексеру үшін ӛткізіледі.  

Қабылдау емтиханының бағдарламасына қазіргі қазақ тілінің фонетика, 

лексикология, сӛзжасам, морфология және синтаксис салаларына, сондай-ақ 

қазақ әдеби тілінің тарихы, қазақ тілінің тарихи грамматикасына байланысты 

маңызды сұрақтар енгізілді.  

Қабылдау  емтиханының  мақсаты  –  болашақ  магистранттардың  ҚР 

МЖМББС-на  сәйкес  «6М011700  –  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  мамандығы 

бойынша оқу жоспарындағы оқу пәндеріне дайындық деңгейін анықтау.  

Қабылдау емтиханының міндеттері:  

1. Қазақ тіл білімі бойынша қарастырылуға тиісті тақырыптар, олардың 

теориялық және практикалық маңызы, салалары  жӛнінде терең білуі

2.  Лингвистикалық  негізгі  ұғымдарды,  олардың  қажеттілігін,  зерттеу 

нысандарын,  қарастыратын  мәселелерін  зерттеудің  әдіс-тәсілдері  мен 

әдіснамалық негіздерін танудың мүмкіндіктерін білуі қажет; 

3.  Қазақ  тіл  білімінің  салаларына  қатысты  терминдер  мен  ұғымдардың 

мәнін  терең  түсіну,  тілдің  тарихи  қоғамдық-әлеуметтік  жағдайлармен 

байланысын қарастыру арқылы даму сипатын, лингвистикадағы қазіргі жаңа 

бағыттар мен салаларды, олардың теориялық мәселелерін жетік білуі қажет. 

Бағдарлама  сұрақтары    міндетті  пәндердің  негізгі  мазмұнын  қамтиды. 

Қазақ  тілі    мен  әдебиет  мамандығына  магистратураға  түсушілердің  білім 

деңгейін және ғылыми дайындығын анықтауға мүмкіндік береді.  



 

2.  Магистратураға  түсушілердің  дайындық  деңгейіне  қойылатын 

талаптар 

 

Магистратураға  түсушілердің  тӛмендегідей  білім,  дағдылары  болуы 



қажет:  

1.  Қазақ  тіл  білімінің  салалары  бойынша  ғылыми  түсінігінің  болуы; 

лингвистикалық  білімнің  кәсіби  білім  беру  контексіндегі  маңызын  түсіну; 

оның  даму  үдерістері  мен  қағидаттарын  ажырата  алу;  Интернет 

дереккӛздерін ӛз деңгейінде пайдалана білу.  

2. Қазақ тіл білімінің теориялық мәселелеріне қатысты тұжырымдар мен 

ғылыми  болжамдарды  дәстүрлі  әдіс-тәсілдер  арқылы  талдау  мен  бағалауға; 

лингвистикалық  білім  қорын  құзыреттілікпен  пайдалану  және  соған 

бейімделе  білуге;  шет  тілін  қарым-қатынас  және  таным  құралы  ретінде 

пайдалануға, тілдерді меңгеру деңгейін арттырып, қолданыс аясын кеңейтуге 

ӛзіндік жеке қабілетінің болуы. 

3.  Лингвистикалық  мәселелерді  шешуде  оның  проблемалық  тұстарын 

анықтай білу, ӛзекті деп танылатын мәселелерді бӛліп алу, қазақ тіл білімінің 

фонетика,  лексикология,  сӛзжасам,  грамматика  салаларындағы  ӛзекті 



мәселелерді 

қазіргі 


инновациялық, 

ақпараттық-коммуникациялық 

технологиялардың кӛмегімен анықтау. 

4. Теориялық лингвистиканың гуманитарлық ғылымдар аясындағы іргелі 

мәселелерін  меңгеру,  ғылыми-терминологиялық  қорын  игеру  қабілетін 

қалыптастыру;  қазақ  тілтанымының  қазіргі  қалпы  мен  даму  бағыттарын 

түсіну.     

 

3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері  

 

1.

 



Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы – 2 кредит 

2. Қазіргі қазақ тілі (фонетика, сӛзжасам, морфология) – 2 кредит 

3. Қазіргі қазақ тілінің жай сӛйлемі мен құрмалас сӛйлемі – 2 кредит

 

 



 

 

4. Емтиханға дайындалатын пәндер бойынша тақырыптар тізімі   

 

Бағдарлама  мамандық  бойынша  қабылдау  емтиханына  дайындалуға 



арналған.  Емтихан  билеттеріндегі  сұрақтар  бағдарламада  кӛрсетілген 

тақырыптардан ерекшеленеді.  

 

1.

 

Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы 

 

1.

 



Қазақ тілі дыбыс жүйесінің зерттелуі. 

2.  Дауысты  дыбыстар,  түрлері.  Тілдің  қатысына  қарай  жуан,  жіңішке, 

жақтың қатысына қарай ашық, қысаң, еріннің қатысына қарай еріндік, езулік 

дауысты дыбыстар болып бӛлінуі.  

3. Дауыссыз дыбыстар. Дауыс пен салдардың қатысына қарай үнді, ұяң, 

қатаң болып бӛлінуі.  

4.  Үндестік  заңы.  Дыбыстар  мен  буындардың  үндесуі  туралы  түсінік. 

Үндестік  заңының  негізгі  түрлері.  Сӛз  құрамындағы  буындардың  бірыңғай 

жуан  немесе  жіңішке,  еріндік  болып    үндесу  себебі.  Дыбыстардың  ӛзгеруі 

мен үндесуі.  

5.  Дыбыс  үндестігі:  ілгерінді,  кейінді,  тоғыспалы  ықпал.  Буын 

үндестігі:  тіл,  ерін  үндестігі.  Тіл  үндестігі  бойынша  сӛздің  барлық 

буындарының  бірыңғай  жуан  немесе  бірыңғай  жіңішке  болып  үйлесуі.  Тіл  

үндестігіне  бағынбайтын  қосымшалар.  

Ерін  үндестігі.  Сӛз  ішіндегі  еріндік  дауыстылардың  үндесуі. 

Бейімдестік.  Дауысты-дауыссыз  дыбыстардың  үндесуі.  Дауысты  дыбыстың 

орналасу  тәртібіне  байланысты  ілгерінді, кейінді  аккомадация  түрлері.  

6.  Буын.  Буынның  жасалуы.  Буынға  тән  белгілер.  Буынның  түрлері. 

Буынның дыбыстық құрамы. Сӛздің буын құрамы. Буын және тасымал. 

7.  Екпін.  Екпін  туралы  түсінік.  Екпін  мен  ырғақ,  ырғақтың  маңызы. 

Екпін мен ырғақтың сӛз мағынасын саралау қызметі.  

8. Орфография. Орфографияның негізгі принциптері, артықшылықтары 

мен  қиындықтары.  Бірге  және  бӛлек  жазылатын  сӛздер.  Кірме  сӛздердің 

емлесі.  



9.  Орфоэпия.  Орфоэпияның  әдеби  тілдегі  орны.  Орфоэпиялық 

норманың негізгі ӛлшемдері. Орфография мен орфоэпияның арақатысы. 

 

2.

 

Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы 

 

1. Сӛз  туралы түсінік. Сӛздің атауыштық қызметі.  



2. Ұғым: түрлері, мазмұны мен кӛлемі. 

3. Сӛз  мағынасының  түрлері. Лексикалық мағына, типтері.  

4. Сӛз мағыналарының ӛзгеруі. Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер. 

Полисемия.  Сӛздердің  ауыспалы  мағынада  қолданылу  себептері.  Метафора. 

Метонимия. Синекдоха.  

5. Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары. Қазақ тілінің негізгі 

сӛздік  қоры  мен  сӛздік  құрамы.  Терминдер  және  кәсіби  сӛздер.  Тӛл  сӛздер 

мен кірме сӛздер. Диалектизмдер. Фразеологизмдер. Мақал-мәтелдер.  

6.  Лексикография.  Сӛздіктер.  Сӛздердің  шығу  тегі.  Ономастика. 

Этимология.  

7. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні, қолданылу аясы. 

8. 


Фразеология 

және 


оның 

ӛзіндік 


белгілері, 

түрлері. 

Фразеологизмдердің  мақал-мәтелдерге  қатысы.  Фразеологизмдер  және 

ұйытқы сӛздер. 

9. Фразеолгизмдердің сӛз таптарына қатысы. 

10.  Фразеологизмдердің  кӛп  мағыналылығы.  Фразеологиялық 

синонимдер және антонимдер. Фразеологиялық варианттар. 

11. Фразеологизмдердің шығу арналары. 

12. Фразеологизмдердің сӛздіктерде берілуі. 

 

3.



 

Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы 

 

1.  Сӛзжасам  –  тіл  білімінің  дербес  саласы.  Сӛзжасамның  тілдің  басқа 

салаларымен байланысы. 

2. Тілдің сӛзжасамдық жүйесі.  

3.  Сӛзжасамдық  бірліктер:  сӛзжасамдық  ұя,  сӛзжасамдық  жұп, 

сӛзжасамдық тізбек, сӛзжасамдық саты, сӛзжасамдық тарам. 

3. Сӛзжасам тәсілдері. 

4. Сӛзжасамдық мағына, оның түрлері, ерекшелігі. 

5. Туынды сӛздер, түрлері. 

6. Күрделі сӛздер, түрлері. 

7.  Сӛз  таптарының  сӛзжасамы:  зат  есімдер  сӛзжасамы,  сын  есімдер 

сӛзжасамы,  сан  есімдер  сӛзжасамы,  етістіктер  сӛзжасамы,  үстеулер 

сӛзжасамы. 

 

4. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы 



 

1.Сӛздің  грамматикалық  мағынасы.  Грамматикалық  ұғымдар. 

Грамматикалық мағынаның түрлері, берілу тәсілдері. Грамматикалық форма. 


Грамматикалық  мағына  мен  грамматикалық  форманың  сәйкестігі.  Нӛлдік 

форма. Грамматикалық категориялар, түрлері, сӛз таптарына қатысы. 

2.  Морфема  және  оның  түрлері.  Түбір  морфема.  Белгілері.  Сипаты. 

Қосымша  морфема:  жұрнақ  және  жалғау.  Жұрнақтар.  Құрамы. 

Жұрнақтардың  мағыналық  түрлері:  омоним,  синоним,  антоним  және  кӛп 

мағыналы  жұрнақтар.  Жалғаулар.  Оларға  тән  белгілер,  түрлері.  Кӛптік, 

септік, тәуелдік және жіктік  жалғаулары. 

3.  Қазақ  тіліндегі  сӛз    таптары  және  сӛздерді  таптастырудың  негізгі 

қағидаттары. 

4.  Зат  есімдердің  жалпы  сипаты,  негізгі  грамматикалық  белгілері. 

Кӛмекші  есімдер. Лексика-грамматикалық  сипаты. Түрлері. 

5.  Сын  есім.  Негізгі  грамматикалық  белгілері.  Сын  есімнің  шырай 

категориясы, жасалу  жолдары.  

6. Сан есім: түрлері, құрамы, мағыналық топтары. Ерекшелігі.  

7.  Есімдіктің  сӛз  табы  ретіндегі  сипаты,  мағыналық    топтары,  сӛз 

таптарымен байланысы. Түрлену  ерекшеліктері. 

8.  Етістік.  Негізгі  грамматикалық  белгілері.  Кӛмекші  етістіктер. 

Түрлері. Ауыспалы және арнаулы кӛмекші етістіктер. Қызметі. 

9. Етістіктің  грамматикалық категориялары. Есімше, кӛсемше, қимыл 

атауы.  Аналитикалық  етістіктер,  ерекшелігі.  Аналитикалық  форманттар, 

құрылымы, түрлері. 

10.  Үстеу,  негізгі  грамматикалық  белгілері.  Мағыналық  топтары. 

Үстеуге тән ерекшеліктер. Негізгі және туынды үстеулер.  

11.  Еліктеуіш  сӛздер.  Еліктеуіш  сӛздердің  фонетика-морфологиялық 

сипаты. Мағыналық топтары.  

12.  Шылау.  Шылаудың    түрлері.  Септеуліктер.  Демеуліктер. 

Жалғаулықтар.  

13.  Одағайлар.  Одағайлардың  түрлері,  мағыналық-интонациялық 

ерекшеліктері. Негізгі және туынды одағайлар.  

14.  Модаль  сӛздер.  Модаль  сӛздердің  сӛз  табы  ретіндегі  ерекшелігі, 

басқа сӛз  таптарымен  арақатынасы. Түрлері. 

 

5.Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі 



 

1. Қазақ  тілі  сӛйлем  жүйесінің  зерттелуі. 

2.  Сӛз    тіркесі.  Сӛз    тіркесінің    құрылысы.  Сӛз  тіркесінің  байланысу 

тәсілдері.  Сӛз    тіркесінің  байланысу  формалары.  Сӛз  тіркестерінің 

синтаксистік  қатынасы.  Есімді,  етістікті  және  ортақ  басыңқылы  сӛз 

тіркестері. 

3.  Сӛйлем  мүшелері.  Сӛйлемнің  тұрлаулы  мүшелері.  Сӛйлемнің 

түрлаусыз мүшелері. Жасалуы. Құрамы. Ерекшеліктері. Сӛйлемнің бірыңғай 

мүшелері. Үйірлі мүшелер. 

4.  Жай  сӛйлем,  құралымдық  ұйысымы.  Сӛйлемнің  айтылу  мақсатына 

қарай  бӛлінуі.  Ерекшеліктері.  Жасалу  жолдары.  Бір  негізді  және  екі  негізді 

жай  сӛйлемдер.  Жалаң,  жайылма  сӛйлемдер.  Жақты,  жақсыз  сӛйлемдер. 



Толымды,  толымсыз  сӛйлемдер.  Атаулы  сӛйлем.  Ерекшеліктері,    жасалу  

жолдары.  Күрделі  жай  сӛйлемдер.  Айқындауышты  сӛйлемдер.  Қыстырма 

сӛйлемдер.  Кӛсемше  оралымды  және  есімше  оралымды  сӛйлемдер. 

Қаратпалы оралымды сӛйлемдер.  

5.  Құрмалас  сӛйлем,  грамматикалық  табиғаты,  түрлері.  Салалас 

құрмалас  сӛйлем.  Жалғаулықты  және  жалғаулықсыз  салалас  құрмалас 

сӛйлемдер. Ерекшеліктері. Жасалу  жолдары.  

6.  Кӛп  құрамды  салалас  құрмалас    сӛйлем.  Ерекшеліктері.  Жасалу  

жолдары.  

7.  Сабақтас  құрмалас  сӛйлем.  Сабақтас  құрмалас  сӛйлемнің  түрлері. 

Грамматикалық  белгілері. Байланысу  амалдары. 

8.  Аралас  құрмалас  сӛйлемдер.  Грамматикалық  ерекшелігі.  Құрамына 

және байланысу тәсіліне қарай түрлері. 

9. Күрделі синтаксистік тұтастық. Тізбекті және параллель байланысты 

күрделі синтаксистік тұтастық. Күрделі синтаксистік тұтастық және абзац. 

 

6. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы 



 

1.  Қазақ  тілінің  тарихи  грамматикасы  пәнінің  мақсаты,  міндеттері, 

зерттелуі, нысаны. Грамматиканың басқа түрлерінен ерекшелігі. 

2. Тарихи фонетика мәселелері. Қазақ тілі дыбыстық жүйесі дамуының 

негізгі ерекшеліктері. 

3.  Кӛне  түркі  тіліндегі  дауысты,  дауыссыз  дыбыстар  жүйесі.  

Сингармониялық параллельдер. Редукция, элизия, екпін, сингармонизм. 

4.  Қазақ  тілінің  тарихи  лексикологиясы,  зерттеу  нысаны,  салалары, 

зерттелуі.   

5.  Қазақ  тілінің  тарихи  сӛзжасамы,  зерттеу  нысаны,  ӛзге  пәндермен 

байланысы, негізгі заңдылықтары. 

6. Қазақ тілі тарихи морфологиясының негізгі мәселелері. Түбір сӛздің 

даму  тәсілдері.  Сӛз  таптарының  даму  тарихы.  Зат  есім,  сын  есім,  сан  есім, 

есімдік, етістік, үстеу сӛз таптарының қалыптасуы. 

7. Қосымшалардың шығу тарихы.   

 

Білімді бағалау өлшемдері мен құзыреттілігі  

 

«Өте  жақсы»  -  материал  мазмұны  бағдарламадан  тыс  мәліметтермен 

толықтырылады;  ұғымдардың  мазмұны  ашылып,  анықтамалар  дұрыс  және 

толық беріледі, терминдер дұрыс қолданылады; дәлелдеу үшін тәжірибедегі 

түрлі  қорытындылар  қолданылады;  жауабы  нақты,  дәлелді  және 

қабылданушының дүниетанымының кеңдігін кӛрсетеді. 

 «Жақсы»  -  материал  мазмұны  ашылды,  анықтамалар  мен  түсініктер 

дұрыс  берілді,  терминдер  қолданылды,  жауап  еркін,  бірақ  анықтамалар 

толық  емес  немесе  жауап  беруде  жүйелілік  сақталмады,  терминдерді 

қолдануда кейбір түсініксіз тұстары болды.    



«Қанағаттанарлық» - оқу материалының негізгі мазмұнын меңгерген, 

бірақ  жауап  үзінді  түрінде  ғана  беріледі,  жүйелілік,  сабақтастық 

сақталмайды,  ұғымдардың  анықтамасы  жеткілікті  түрде  анық  емес, 

тәжірибедегі  қорытындылар  мен  пайымдаулар  қолданылмады,  жауапта, 

терминдер мен түсініктердің анықтамасын қолдануда қателер жіберілді.   

«Қанағаттанарлықсыз»  -  оқу  материалының  негізгі  мазмұны 

ашылмады,  қосымша  сұрақтарға  жауап  берілмеді.  Терминдер  мен 

анықтамаларды пайдалануда дӛрекі қателер жіберілді.  

 

Қабылдау емтиханының нәтижесін бағалау өлшемдері 

Бағаның 

әріптік 


белгіленуі  

Бағаның 


сандық  

баламасы  

Бағаның 

пайыздық 

ӛлшемі  

Дәстүрлі 

жүйе 

бойынша 


бағалау  

А 

4,0 



95-100 

Ӛте жақсы 

А- 

3,67 


90-94 

В+ 


3,33 

85-89 


Жақсы  

 

В 



3,0 

80-84 


В- 

2,67 


75-79 

С+ 


2,33 

70-74 


Қанағаттанарлық  

 

С 



2,0 

65-69 


С- 

1,67 


60-64 

D+ 


1,33 

55-59 


D- 

1,0 


50-54 



0-49 

Қанағаттанарлықсыз  



 

7. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 

 

1. Аханов  К. Грамматика теориясының негіздері. – Алматы: Санат, 1992. 

2. Байтұрсынұлы  А. Тіл  тағлымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. 

3. Байтұрсынұлы А. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Абзал-Ай, 

2013. 

4. Балақаев  М. Қазақ  әдеби  тілі  және оның нормалары. – Алматы, 1984. 



5. Балақаев  М. Қазақ  тілінің  мәдениеті. – Алматы, 1971. 

6. Балақаев  М., Серғалиев  М. Қазақ  тілінің  мәдениеті. – Алматы, 1995. 

7. Балақаев  М., Жанпейісов  Е., Томанов  М., Манасбаев  Б. Қазақ  тілінің  

      стилистикасы. – Алматы, 2004. 

8.Жұбанов  Қ. Қазақ тілі жӛніндегі зерттеулер. – Алматы, 1999. 

9. Жұбанұлы Қ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. –Алматы: Абзал-Ай, 2013. 

10. Қайдаров  Ә.Т. Қазақ тілінің ӛзекті мәселелері. – Алматы, 1998. 

11.  Кеңесбаев  І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Абзал-Ай, 2014. 

12. Кеңесбаев  І. Қазақ тілінің фразеологиялық сӛздігі. – Алматы, 1977. 

13. Кеңесбаев  І., Мұсабаев  Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. – 

Алматы, 1975. 

14. Қалиев  Б., Жылқыбаева  А. Сӛз мағыналарының негіздері. – Алматы, 



2002. 

15. Қазақ  грамматикасы. Фонетика, сӛзжасам, морфология, синтаксис. – 

Астана, 2002. 

16. Қазақ  тіл  білімі  бойынша  қорғалған  диссертация  авторефераттарының 

библиографиялық  кӛрсеткіші (1950-2000 жылдар). – Алматы, 2003.  

17. Қазіргі  қазақ  тілі. – Алматы, 1954. 

18. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы  мен 

фразеологиясы. – Алматы, 2006. 

19. Маманов  Ы. Қазақ  тіл  білімінің  мәселелері. – Алматы: Арыс, 2007.  

20. Мұсабаев  Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы, 2008. 

21. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. –Алматы: Сӛздік-Словарь, 

1999 


22. Сағындықұлы  Б. Қазақ  тілі  лексикасы  дамуының  этимологиялық 

негіздері. – Алматы, 1994. 

23. Серғалиев  М. Стилистика  негіздері. – Астана, 2006. 

24. Серғалиев  М., Айғабылов  А., Күлкенова  О. Қазіргі  қазақ  әдеби тілі. 

Оқу құралы. Екінші  басылым. – Алматы, 2006. 

25. Смағұлова  Г. Мағыналас  фразеологизмдердің  ұлттық  мәдени 

аспектілері. – Алматы, 1998. 

26. Сыздық  Р. Тілдік  норма  және  оның  қалыптасуы. – Астана, 2001. 

27. Сыздықова  Р. Абай  және  қазақтың  ұлттық  әдеби тілі. – Алматы, 2004. 

28. Тіл  білімі  сӛздігі. – Алматы, 1998. 

29. Уәлиев Н. Сӛз  мәдениеті. – Алматы, 1984.  

30.Уәлиұлы  Н. Фразеология  және  тілдік  норма. – Алматы, 1998. 

31. Сағындықұлы Б. Қазақ  тілі  лексикасы  дамуының  этимологиялық 

негіздері. Алматы: «Қазақ  университеті» баспасы, 2008. 

32. Сыздық Р. Қазақ  әдеби  тілінің  тарихы. – Алматы:Арыс,2004. 

33. Оралбаева Н. Қазақ  тілінің  сӛзжасамы. Оқулық. – Алматы, 2002. 

34. Әмір Р., Әмірова Ж. Жай  сӛйлем синтаксисі.–Алматы, 1998.  

35. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1991. 

36. Момынова Б. Қазақ  әдеби  тілінің тарихы. – Алматы: Қазақ  

университеті, 2011. 

37. Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сӛйлемдер синтаксисі. Алматы, 

2002. 


38. Балақаев  М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы, 1966. 

39. Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімінің мәселелері. –Алматы: Абзал-Ай, 2014 

40. Момынова Б., Саткенова Ж. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Есімдер. 

– Алматы: Арыс, 2007.  



 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал