Перифраздары



Pdf көрінісі
бет37/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   80
Байланысты:
Ө.Айтпаев Қазақ фразеологизмдері

Құла тайын құздардан қарғылатқан (М. Мақатаев).
Бұл тектес құрылымдық типтермен жасалған 
перифраздарға мысалды көптеп келтіруге болады. 


165
Бұларға тəн грамматикалық ерекшелік сол: оның мүше-
лерінің бір-бірімен матаса байланысуы жəне оның бі-
рінші мүшесінің міндетті түрде ілік септігінің жасырын 
(имплицитті) формасында, ал екінші мүшесі міндетті 
түрде тəуелдік жалғауының үшінші жағында ашық 
(эксплицитті) формасында тұруы. Бұл құрылымдық 
типтің мүшелері де бір-бірімен нық байланыста бола 
тұрып, соның нəтижесінде олар жартылай тұрақты 
сипатқа ие болып, кейде тұрақты (узуалды), кейде еркін 
(окказионалды) перифраздар жасайды.
3) «зат есім (ілік) + зат есім» (тəуелдік): көктің 
кемесі, қайыңдардың көйлегі, толқынның арғымағы
малдың патшасы, сөздің патшасы, суымның тұнығы, 
өлеңнің ордасы т.б. Бұл сөз тіркестері бір-бірімен 
матаса байланысады.
Сөгілді бұлттың көбесі,
Көрінді көктің кемесі.
Алатау тұрды асқақатап,
Аспанды тіреп төбесі (М. Мəуленов).
Желмен ұшып қайыңдардың көйлегі
Күркіреген күн мен аспан сөйлейді (Сонда).
Жаздың демі,
Дерттің емі лебі тиген соң (С.С.).
Шұлғи тартқан сұлығын ту асаудай,
Арындайды толқынның арғымағы (С. Мəуленов).
Жылқы – малдың патшасы
Түйе – малдың қасқасы (Мақал).


166
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы,
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы (Абай).
Қазақтың тарлан жорғасы
Өлеңнің көркем ордасы.
Ойдың терең арнасы,
Жырдың асыл қазынасы (Н. А.).
Бұп-бұлтық өкшеңменен тебінесің,
Ұмтыласың, шалқалап 
Баданадай көздері бақырайып,
Ей, өмірдің қонағы, не білесің? (М.Мақатаев).
Неге, неге ? Білмейсің. Мен білемін,
Мен айтайын кезегім келді менің.
Ей, өмірдің даңғаза қуанышы,
Түсінерсің бір кезде, сендіремін (Сонда).
Махаббатын қыз Бану күйеледі,
Бағдат барып, қайыңға сүйенеді,
Керуен тартыпты батыс жаққа,
Кер тырналар – аспанның түйелері (Сонда).
Тауы – құмға, Айналған жаны – мұңға,
Қорғаушыңды, аққуым, таныдың ба?
Неге сонша телміріп көп қарадың,
Мият тұтып, мұң шағып, жалыну ма?
Пана таппай жалғанның жарығында (Сонда).
Адамның бағзы арманы –
Жұлдыздар қайда манағы?


167
Аспанның лағыл маржаны,
Мұхитқа батып барады (Сонда).
Жоқ сөндірме, сөндірме, жыламан да,
Қуаныштан мұң жуық тірі адамға.
Дариясы өмірдің шайқалмайды,
Дəрмені жоқ бір пенде жылағанға (Сонда).
Жетер енді, жел сөзді желпіді інің,
Жолаушы аға, барсың ба, мен тірімен.
Атын былғап, аман- сау жүрсін бе сен,
Қазақтың қасиетті кемпірінің? (Сонда).
Жұмабай деген бала тұла бойым тұңғышым еді – 
дейді ол сырласып отырып – отымның алды, суымның 
тұнығы еді (С.М.).
Бұл моделі бойынша жасалған перифраздар да 
баршылық. Олардың бірінші мүшесіне ілік септігінің 
жалғауы, екінші мүшесіне тəуелдік жалғауы ылғи да 
ашық (эксплицитті) түрде жалғанады. Бұл перифраз 
мүшелерінің арасындағы мағыналық байланыстың 
«кездейсоқ», «ойламаған жерден» болатынынан болса 
керек. Өйткені бұлар таза поэтикалық метафорға 
негізделген. Ақын, жазушының өмір танымына, 
талантына байланысты метафораның небір өзгеше 
түрлері пайда болып жатады. Мəселен, С. Мəуленов 
қайыңның «қайыңдардың көйлегі», С. Сейфуллин 
сайғақты «жаратылыстың баласы» десе, басқалар 
оны «қайынның желегі», «жаратылыстың перзенті» 
(варианттары көп) деуі əбден мүмкін ғой. Міне, осыдан 
болса керек, бұл тектес перифраздар көбінесе еркін 
(окказионалды) сипатта болады. Олардың тұрақты 


168
(узуалды) деңгейге көтерілуі өте сирек. Бірақ оңдайлар 
жоқ та емес. Мысалы, «Қайда барсаң Қорқыттың көрі», 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет