Екі сəулем ерке еді (С.С.).
Екі кербез қатар түзеп
Көлдің келді шетіне (С.С.)
Күміс суды жұмсақ сызып,
Екі сұлу сыланды (Сонда).
Тоғыз белбеу, қос жібек,
Екі мұрын, бір шүмек,
Өлсем де « Көк кептерге» бір соғайын,
Қу тақтай екі шекті əпер бері!
Аузыма айырыларда сөз салмасаң,
Қонғаның өлең шіркін бекер ме еді? ...
172
Екі антқа жаны ашысын кім елжіреп,
Беттеріне түкірді бəрі де кеп,
Борсақтың басты адамы батыр Қиял
Болмады: «Таспен атпай, дарға асам!» – деп (Шəкəрім).
Бекзаданың бейнесі мүсінінде,
Бұл өлкеде болмаған кісі мүлде,
Қос жанары қараса от шашады,
Тəкаппарлық тулап тұр пішінінде.
Бұл мысалдарға «төрт сирақ» əйтеуір мінуге
жарайтын ат, ал «екі сұлу», «екі кербез» тату-тəтті өмір
сүріп жатқан жұбай аққулар. Ал «тоғыз белбеу», «қос
жібек», «екі шек» деген тіркестермен домбыра сөзінің
бірнеше варианттарын бере білген. Бұл перифраздардың
жасалуына себеп болып тұрған нəрсе – сан есімдер мен
синекдохалық мағынадағы тіркестер.
Қорыта айтқанда, екі мүшелі перифраздарға
құрылымдық жəне семантикалық тұрғыдан талдау
жүргізгенде, олардың құрамындағы сөздердің мағына-
лық қарым-қатынасына көңіл аудару қажет. Екі мүшелі
перифраздардың екінші сыңары ауыспалы мағынада,
яғни коннотативтік ыңғайда жұмсалады. Айталық,
«қайыңдардың көйлегі» тіркесіндегі «көйлек» сөзі
«жапырақ» деген мағынаны білдіріп, ауыс мəнде қол-
данылып тұр.
Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері өзінің
құрамы жағынан қаншалықты сан алуан болып келсе,
сыңарларының бір-бірімен байланысу тəсілі жағынна да
соншалықты сан алуан болып келеді. Тіліміздегі еркін
сөз тіркестері тəрізді тұрақты сөз тіркестері өздерін
қоршап тұрған басқа сөздермен немесе сөз тіркестерімен
үнемі байланысқа түсіп отырады. Əйтсе де, еркін сөз
тіркестеріне қарағанда, тұрақты сөз тіркестерінің басқа
сөздермен байланысып, тіркеске түсу мүмкіншілігі
173
шектеулі. Себебі, біріншіден, тұрақты сөз тіркестері
өздерінің құрылымы жағынан күрделі (кем дегенде екі
мүшелі) болып келеді.
Екіншіден, жеке сөз тіркестерінің бір компоненті
барлық жағдайда ауыс, бейнелі мағынада жұмсалуы –
заңды құбылыс.
ҮШ МҮШЕЛІ ЕСІМ ПЕРИФРАЗДАР
Есім перифраздардың екінші бір тобы – үш мүшелі
перифраздар. Бұлардың 4 түрі бар: «зат есім + зат есім +
зат есім»; «сын есім + зат есім + сын есім»; «сын есім +
сын есім + зат есім», «сын есім + зат есім + зат есім»
болып үш топқа бөлінеді.
а) «зат есім + зат есім (ілік) + зат есім (тəуелдік)»
Бұлтттың жібек пердесін
Судырлатты жел түріп (С. Мəуленов).
Бақа-шаян, айуандар не түрлі,
Сол күнəні қалайтындай секілді.
Басқа шығып бал шарабы көктемнің!
Балбыратып, мазамызды кетірді (М. Мақатаев).
ə) «зат есім (ілік) + сын есім + зат есім (тəуелдік)».
Бұл модельде жасалған перифраз көбінесе құбылыс-
тары атауларының орнына жүріп, олардың суреттемелі
атаулары қызметін атқарады.
Ұшан теңіз.
Жердің семіз
Тəні болып иген соң (С.С.).
174
Күздің желі ұшырған,
Жаздың жасыл желегін (С. Мəуленов).
Егер бірінші мүше ілік септігіндегі зат есім болса, онда
бірінші мүшесі түспейді, егерде бірінші мүше есімдік
болса, ол көбінесе түсіп қалып, оның орнына мысалы,
«ақ, қара, қызыл» деген сияқты түр-түсін білдіретін сын
есімдер қолданылады.
Мысалы:
(Менің) Қара сиырым қарап тұр,
(Менің) Қызыл сиырым жалап тұр (Жұмбақ).
(Менің) Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды (Жұмбақ).
Бұл тіркестерде ілік септігінде есімдік түсіп қалып,
ол, зат есімге ( сиыр, сандық) жалғанған тəуелдік
жалғауынан белгілі болып тұр.
б) «сын есім + сын есім + зат есім»:
Ұшқындап сəні кеткен ағаштарға,
Достарыңызбен бөлісу: |