163
өзіндік ерекшеліктеріне тоқталады.
Осы сияқты қазақ
тіл білімінде зат есім мен өсімдіктердің тіркесуін проф.
М. Балақаев бұдан да бұрынырақ қарастырған. Ол зат
есімді сөз тіркестерінің өзіндік тіркесу заңдылықтарын
зерттеген. Осы еңбектерге сүйене отырып,
біз де
перифраздарды есім перифраздар жəне етістікті
перифраздар деп екіге бөлдік. Екі мүшелі перифраздар
екі сөзден тұрады.
Бұл тіркестерді біз олардың
мүшелерінің орын тəртібіне қарай жəне олардың лексика-
грамматикалық мағыналарына қарай төмендегідей
модельдер төңірегінде қарастырдық.
ЕКІ МҮШЕЛІ ЕСІМ ПЕРИФРАЗДАР
А. 1) «зат есім + зат есім» моделінің өзі грамматика-
лық тұрғыдан бірнеше құрылымдық типтерге бөлінеді:
«зат есім + зат есім»:
бұл модельмен жасалған
перифраздардың көбі біріккен сөздерден тұрады.
Мысалы:
отарба, төраға, отаға.
Түстім келіп метроға,
Домбырамды өнгеріп,
Жөнелді алып
отарба,
Жұлдызы жанған дем беріп (Ж .Ж.).
Мұнда зат есімдер бір-бірімен еш бір жалғаусыз
байланысқан. Осы үлгімен
жасалған перифраз
мүшелерінің арасындағы байланыс бекем əрі олар
көбінесе тұрақты сипатқа ие болады. Сөйтіп тұрақты
узуалдық перифраздарға айналады.
2) «зат есім + зат есім» (тəуелдік тұлғалы):
отағасы,
дəулет құсы, жыр бабасы, тарлан жорғасы, құдай
құлы, түн еркесі.
164
Мысалы:
Мен емес ертегінің қариясы,
Мен емес, үй ішінен үні шықпас,
От басында отырған
отағасы (А. Л.).
Жүректе жара, баста мұң,
Түнерді тұнық аспаным.
Қайран менің
бас ием,
Сорлыңды кімге тастадың (М. Мақатаев).
Дəулет құсы қонды басыңа,
Қыдыр келді қасыңа.
Бақ үйінде түнедің
Алыста тоят тілегің (Б. ғ. ж.).
Қарағай шанақ, қаз мойын,
Домбыра алған Шөжеден.
Шернияз, Бұқар, Сүйінбай
Жыр бабасы демеген (Жамбыл.).
Қазақтың
тарлан жорғасы
Өлеңнің көркем ордасы . . . (сонда).
Бар еді сол кісінің бір жақсы ұлы,
Қаза жетіп өліпті сол бір жылы.
Жесір қалған келінін Қодар алып,
Қылмайтын істі қылған
құдай құлы (Шəкəрім).
Балауса бел, құба жон, бал құрақтан,
Шəйі самал желпиді балбыратқан.
Бала бұлақ беймаза
түн еркесі,
Достарыңызбен бөлісу: