дастырса, ал оның тарихи дамуы, орнығуы әлеуметтік белгілі жүйе-
лер жасап, солардан туатын талаптар мен тәртіптер, мүқтаждықтар,
тілек, армандар т.т. түтасымен алғанда тарихи қажеттілік дейтін нәр-
сені қүрайды. Түптеп келгенде тарихи қажеттілік деген бүрынғы та
рихи материализмде айтылатындай адамдарға тәуелсіз, олардың
еркінен тыс тарихтың бет қаратпайтын бағыты емес. Тарих дегеніміз
адамдарды ң барлы ғы ны ң күнделікті өз мүқтаж ды қтары на сай
істерінен, харекеттерінен күралады. Ол барлык жеке ырықтардың
тоғысуы. Тарихи қажеттіліктің өзі көптеген адамдардың белгілі бір
ортак күндылыққа үмтылуының күші. Осындай белгілі бір бағыттағы
көптеген ырықтардың ортақ күшіне карсы, оны тоқтатуға үмтылатын
жеке әрекеттер, сөз жоқ жеңіліс табады. Тарихи кажеттілік, яғни,
алғаш бастан жеке, болуы да, болмауы да мүмкін жеке ырықтардың
калауларынан басталған және барлық кейінгі кезендер де сол жеке
ырықтардың қалаулары өзінің кездейсоктық сипатын жоймайды. Олар
әр сәтте сол қалауын қайталай ма, әлде баска бір нәрсені қалауға
ауыса ма, оны анықтайтын қажеттілік жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: