Бүрын да айтылғандай XX ғасырдағы философияның негізгі ерек
ше белгісі - өткен ғасырлардағы қалыптасып, дамып келген жалпылық
идеясының үстемдігіне карсы әртүрлі жекеліктің дербестігіне құрьшған
қағидалар. Солардың бір көрінісі - субстанция идеясына теріс көзқарас.
Оны көбінесе субстанциалдық концепцияларға сыннан көруге бола
ды. Ондай сынның жалпы ақиқаттық белгілі негізі бар.
Субстанциялық, яғни барлық саналуандықтың түпкі бір-ақ негізі
бар дейтін ой жүйелерінде белгілі дәрежеде кашанда жекеліктің мәнін
төмендету бар. Кейде солай төмендету дүниені біркелкілікте көрсету-
ге дейін жетеді. Белгілі дәрежеде дүниенің біркелкіліктік бейнесі
бүрынғы ой жүйелерінің бәрінде дерлік кездеседі. XX ғасырдың фи-
лософиялық ойы осы біркелкіліктің бейнесін бүзды.
Жинақталған өмірлік, рухани тәжірибе, қазіргі білімдеріміз же-
келіктің субстанциалдық ой жүйелерінде көрсетілетініндей мазмүнын
тіпті басқаша екенін аша бастады. Жекелік, күбылыс, кездейсоқтық,
сырткы, форма, модус немесе акциденция дегендеріміз мәнніц,
бірліктің, қажеттіліктің, субстанцияның коріну формалары ғана емес,
олардың бірден бір болу жолы екен. Көріну формасы деу қүбылыс-
тың мәнге, модустың субстанцияға катысы шамалы деген соз. Мән,
субстанция онда өзінің қүбылыстарынан, модустарынан тәуелсіз,
негізінде тәуелсіз, ол оларсыз да бола алады деген мағына береді. Ол
субстанцияның модусқа үстемдігі. Егер мон, субстанция, қажеттіліктер
сондай озінен өзі бола алатын болса, онда олардың өзі де бір же-
келік, қүбылыстың дәрежесінде болар еді. Шындығында субстанция
идеясы көрсететін түпкі бірлік - ол бірдейлік емес және бір ғана нәр-
сенің өзін көбейтуі емес. Бірліктің озі жекеліктерден, жалқылықтар-
дан туындайды. Әрбір жалқылық өзінің ішкі бірлігін өзі қалыптасты-
рады. Ягни субстанцияның орнығуы модустардан басталады. Егер суб
станция модустарды қалай қамтыса, модустар да субстанцияны озінің
ішкі бірлігі ретінде қамтиды. Әрбір модус субстанциядан тумайды.
Модус жалқы, аяқталған өмір ретінде түпкі бірлігін өз ішінде әркашан
қайта жасап, тудырып, қалыптастырып отырады. Модустардың озара
бірлігі оларға дейін болған және соларды туғызатын субстанцияның
өзіне бір ерекше түр беруінен емес. Әрбір модус жеке бір жалқылық
ретінде субстанцияның кайта тууы, қайта жаңаруы.
Модустар субстанциядан туа алмаса, онда түпкі бірлік бір-біріне
тәуелсіз жалқылыктарда жоғалып кетпей ме? Онда түпкі бірліктің
болмағаны ма? Егер түпкі бірлік белгілі бір аяқталған, кеңістік пен
уақытта бастауы мен шегі бар жалқылықтың ішкі бірлігі болса,
Достарыңызбен бөлісу: