2. Нақты себептілік. Табиғаттары әртүрлі күбылыстардың бір-біріне сырттай ықпа-
лы себеп пен салдарды дамудың ішкі формалары ете алмайды. Өйткені
бүл қатынаста салдар себептің өзіндік, бірақ өзгеше дамыған форма
сы емес. Себептің табиғаты салдарға өтпейді. Табиғаты әртүрлі дер
бес қүбылыстардың біреуінің ыкпалы екіншісінде тек өз табиғаты-
ның немесе мөннің ерекшелігіне карай ғана өзгеріс туғызады. Екінші
қүбылыс біріншісінің ыкдалын тіпті жокка шығаруы мүмкін. Неғүрлым
күрделі қүбылыстар сырттан алған бір тектес әсерге өзінің ішкі жағдай-
ына байланысты эр кезде әртүрлі өзгеріспен «жауапң беруі мүмкін
жэне солай болады да. Сондыктан себептің табиғатына қарап сал-
дардың табиғатын анықтау бүл түрғыдан мүмкін емес, өйткені бүл
формальдык катынаста себеп салдардың табиғатын аныктай алмай
ды, ол формальдық себептілік. Шын мэнінде ол себептілік емес,
сыл- тау. Нақты себептілік әрбір күбылыстың оз болмысында әрі себеп
әрі салдар болуында. Қүбылыс деп бүл жерде біз болмыстың даму-
дағы орбір дербес саласын, тіпті болмысты түтас алып отырмыз. Жалпы
алғанда өз болуының себебі болмыстың өзі екендігі философияда
ертеде-ақ айтылған. “Өзінің себебі озі” (Causa sui) деген идеяны әсіресе
XVII ғасырдағы Голландия ойшылы Б.Спиноза негіздеуге тырысқан.
Накты себептілік - әрбір дербес өмірдің саласын, әрбір жетілген
жеке адамның, әрбір заттың өмір сүруінің' өзгеруінің, дамуының,
тіпті бар екендігінің, негізгі себебі озі екендігінде. Әрине, сыртқы
кездейсоқ ықпалдың күші белгілі нәрсені тіиті жоғалтып жіберуі
мүмкін, немесе оның тууына толық жағдай жасауы мүмкін, бірақ сол
қүбылыстың тууының және болуының тікелей себебі - оның өзінің
ішкі зандылықтары, яғни оның ішкі кажеттілігі, өзінің ішкі кайшы-
лығы, озіндік ішкі табиғаты, мәні. Сол қүбылысты тек осындай қүбы-
лыс ететін оның өзінің табиғаты. Себеп пен салдар осы өзін озі үнемі
жасап отыратын, жаңартып әрі өзгертіп отыратын занды процестің
бірі-біріне ауысып, айналып жататын кезеңдері ғана. Себептілік
сыртқы бөтен күбылыска бағытталған нәрсе емес, ол әрбір түтас бол-
мыстың өзін өзі жасау процесіндегі озіне бағытталған ыклалы. Сал
дар сол процестің озін жасаудағы, тудырудағы әр сәттегі нәтижесі,
озгеруі. Олар процестің бірінде екіншісі жоғалып жататын айқын-
дықтары.
Әрбір өзіндік табиғаты бар, ерекше мәнді нәрсенің өз себебі
өзінде екендігі, әсіресе, тіршілік дүниесінде, тірі организмдер де,
коғамдык адамның өмірінде неғүрлым айқын корінеді. Жанды жәндік
тіршілігінің өзіндік өзгешелігі, мысалы, оған жағдай болып есепте-
летін жансыз материяның табиғаты мен тікелей анықталмайды.
240