та оралады. Шексіздік олай болса әрі жалпы озгеру процесінің түта-
стығы, әрі өзі өзінің бір ішкі сәті, кезеңі. Сондықтанда шын барлық,
шын реалдық, ол - шексіздік, ал шектілік оның бір сот ие болатын
тұрақты келбеті, өткінші бір формасы.
Шектілі мен шексіздің бірлігі деу олардың табиғатын ашатын
анықтама емес. Ол анықтама әуелі бір нәрсені екі боліп, теке-тірес-
кен қарама-қарсьшықтарға айналдырып алып, содан кейін оларды
қалай бітістіруді білмеуден шыкқан әлектің корінісі.
Шексіздік өзінің шын мәнінде - ішкі екі кезеңі мен бірге
қалып-
тасу
түрінде, әсіресе қалыптасудың келесі дәрежесіндегі сипатында
корінген қалпы. Оның ішкі қарама-карсы кезендері (сәттері) енді
басқа түрде. Әуелде олар абстрактылық болмыс пен ештеңе, онан
кейінгі ксзендері - нақты барлық бірдеңе мен өзге, ал енді ол ке-
зендер шектілік пен шексіздік түрінде. Шексіздік - үнемі өзінің әр
кезендегі калпын бекітуге, біршама түрақтандыруға үмтылу мен ешбір
түрақтанған форманы ақырғы деп мойындамай, өзінің ол шеңберінен
асуға, әрі қарай өзінің осы қалпын терістеуге үмтылудың бірлігі. Ол
жеке екі түрлі бағыт пен процестердің сырттан келіп қосылуьі емес,
керісінше бір процестің екі айқындыгы. Шектілік болса, ол - осы
шексіз мәңгілік агымның ішкі, бір откінші қалпы. Шексіздік - да-
мылсыз әрі оз шегінен аттау, әрі үнемі езіне қайтып оралу, өзімен озі
қауышу, озін озі негіздеу. Сондықтан да ол бас-аяғы белгісіз бүлдыр-
лық емес, ішкі айқындықтары, бастауы мен аяқталуы әрқашан анық
нақты процесс. Гегельдің айтуынша, егер мағынасыз шексіздіктің
корнекі бейнесі бір нүктеден екі жағына шексіз созыла беретін сы-
зық болса, нагыз шын шексіздіктің бейнесі - шеңбер болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: