Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері


§ 14. Өзі-үшін-болмыс (для-себя-бытие)



Pdf көрінісі
бет66/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   128
Байланысты:
Әбішев философия сканиров

§ 14. Өзі-үшін-болмыс (для-себя-бытие). 
Мөлшер (сан)
“Бірлік
” 
және “көптік
”. Өзі-үшін-болмысты болмыстың сапа- 
лык дәрежесіндегі дамуының аяқталуы деуте болады. Бүрынғы ай-
155


тылған болмыстың айқындықтары, көрінген негізгі кырлары: калып­
тасу, өзіндік болмыс пен ештеңе, нақты бар болмыс, бірдеңе мен 
өзге т.т. өзі-үшін-болмыста өзіне қайта оралып, оның ішкі белгілеріне 
айналған. Біз адамдарсыз, адамдардан тыс жалпы болмыс емес, адам- 
ның дүниедегі болмысын айтып отырғандықтан ол туралы үғымдарға 
адам санасының, ойлауының айрықша қатысты екенін үмытпауы- 
мыз керек. Болмыстық жалпы формалар адамдардың тікелей іс-әре- 
кеттерімен қатар олардың сырткы заттық, объективтенген формала- 
рын да қамтиды.
Өзінің сыртқьі өзге формаларының бәрінен өзіне қайта оралып, 
олардың бәрін өзінің ішкі ажырамаған сәттері, немесе белгілері ету - 
қарапайым өзіне-өзі түйықталған тікелей қалыпқа кайта келу. Бүл 
қайталану бірак откеннің барлығын озінде сақтаудың түрі. Мүндай 
қалыпта сыртқы формалар мен қатыстылық жоғалады. Олардың бәрі 
ішкі қатыстылыққа айналады. Сырттай дәнекерленгендік жоғалып, 
олар ішкі бірлікке ауысады. Егер нақты бар болмыс өзінің анықты- 
лығын да, тірелген шегін де өзінің сырткы өзгесінен тапса, өзі-үшін- 
болмыс оны теріске шығарып, оларды өз ішіндегі идеалдық кезең 
етеді. Егер адам туралы айтсақ, откен жолынан келіп ол озінің жеке 
болмысын түзейді. Өзі-үшін-болмыс өзінің өрістеген, өркенін жайған 
қалпынан қайтадан өзіне қайтып келген, томаға түйықталған түрі 
болса, ол енді өзінің өзіне іштей қатынас жасауы, ол оның өзінің 
ішкі сәттерімен қарапайым қатыстылыгы. Бүл оның енді біршама 
дамыған, бірақ қарапайым бірлігі. Сапалык жагынан негізгі белгілерін 
аяқгаған болмыс одан әрі сол сапалық қалпын өзгертпей-ақ өрісін 
кеңейте алады. Ол кеңею сапаның жаңа түрлерін туғызу емес, оның 
көлемін, мөлшерін, ауқьімдылығын т.б. қасиеттерін үластыру. Әрбір 
озі-үшін-болмыс аяқталган форма, сондықтан да ол - біреу (одно). 
Оның енді өзін өзінен итеруі, өзін өз шеңберінен ығыстыруы сапа- 
ның оз шегінен шығуы емес, оның озін үнемі қайталауында. Біреу - 
өзі-үшін-болмыстың оқшауланған қалпы. Өзі-үшін-болмыс деген атау, 
әрине, әрбір оқшау ересек адамға, әсіресе, өзіне өзі тірек бола ала­
тын субъектге сай келеді, бірақ ол терминнің мағынасы әрбір озінше 
орныққан дара болмысқа да қолдануға болады. Оның белгісі дара- 
лық, өзіне іштей негізделгендік. Табиғаты бір, бірақ бір-бірінен окшау 
әрі дербес коптеген аяқталған болмыстық түрлер енді өзін осындай 
шағынан өрістете алады. Яғни олардың әрқайсысы - біреу. Әрбір біре- 
уден басқа бір біреу, одан тағы бір біреу, сол сияқты шексіз үлғаю, 
кобею т.т. Осы біреулердің бәрі іштей сабақтастықтығы жоқ, бір- 
біріне бейтарап, тек кездейсоқ қатар немесе бірге жағдайдағы нәрсе- 
лердей кейіп алады. Біреудің өз шеңберінен шығуы, бірақ, калыптасу 
емес, өйткені қалыптасу - болмыстан ештеңеге ауысу, болмыстан
156


болмыс емеске айналу (яғни басқа бір болмысқа). Біреудің өзін өзінен 
итеруі екінші біреуге әкеледі. Әрбір біреу басқа бір сапалы нәрсеге 
емес, тап өзінің екінші біреуіне әкеледі. Қалыптасу барлықтан 
жоқгыққа және жоқтықтан барлыққа әкеледі, ал біреулердің үнемі 
көбеюі бар нәрседен бар нәрсеге алып келеді. Әрбір біреу тек өзі 
өзімен катысты, өзі өзіне қарай бұрылған, олар бір-біріне сырт. Көптік 
дегеніміз сондықтан түтастық емес, бүтіндікті құрамайды. Көптік - 
белгілі бір кайталанған бірліктер (немесе біреулер). Осындай бірліктер- 
де (немесе біреулерде) жэне солардан сырттай күралатын көптікте 
ішкі шекара жоқ (сападағы сияқты), тек сырткы шекара бар, әрі іштей 
шектелмеген біркелкі, жалаң шексіздік бар. Біреулердің көбейгенінен 
сапаның мазмүны терендемейді не байымайды. Оның негізгі функ- 
циясы сапалық біркелкілікті бекіту. Сонымен біз болмыстың сапа- 
лык айқьіндығынан сандық немесе мөлшерлік айқындығына үлас- 
тық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет