Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет75/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   128
Байланысты:
Әбішев философия сканиров

негіздеу
немесе 
негізделу
дейміз.
Сондықтан, шын мәніндегі негіз осы процестің озінен туатын, 
соның нәтижесі болып дүниеге келген негіз. Дүниеге енді келген өрбір 
жаңа нәрсе оз негізінде пайда болмайды. Оны тугызган нәрсе оган 
тектес те, ал кобінесе тектес емес те болуы мүмкін. Бірақ тектес бол­
сын немесе болмасын, олар эуелде сырткы негіздер. Жаңа пайда болган 
нәрсе енді оз болмысын үнемі сырткы негізден жаңғыртып отыра 
алмайды. Ол енді озін озі негіздеуі тиіс. Оны тугызган негіз жогалып 
жатады, немесе осы оз нәтижесінде жогалады. Оның озі орныгып, 
мызгымайтын оз тіренішін оз әрекетінде жаратуы тиіс.
Философия тарихында негізді біршама кең талдаган Гегель. Оның 
философиясында негіз абсолюттік идеянын коп айқындықтарының, 
оның озін іске асыру және озін озі тану жолындагы сатылардың бірі. 
Негіз мәннің коп кезендерінің бірі. “М ән озін негіз түрінде айқын- 
дайды”25. Гегель логикасында кайшылык негізден алгашқы форма. 
Қарама-карсылыктардың бір-бірін терістеуі, бірлік пен айырмашы-
24 
Гумилев А.Н.
Хунну. СПб., 1993. С. 53.
25 Гегель Г.В. Ф.
Наука логики. М., 1971. Т.2. С.70.
176


іықтың бір-біріне ажырап қарсы түруы қайшылықтың бастамасы ғана. 
Ьірақ оның өрістеуі онымен аяқталмайды. Қайшылықтың мәні қара- 
ма-қарсылықтардың соқтығысуында емес, оның шешілуінде. Осы 
карама-карсылықтарды біріктіріп, өз бойында өзгертіп сақтай ала­
тын дәнекерлеуші форма, яғни қайшылықты шешудің нәтижесі Ге- 
гсльдің түсіндіруінде негіз болып есептелінеді: “Шешілген қайшы- 
іық... негіз...”26 . Ішкі қайшылықтарға күрылған бір нәрсе сол қай- 
міылықтарды шеше алса, яғни жоғалып кетпей оларды жаңа формада 
бойына сіңіре алса, онда ол жана форма негізге айналады. Бүл жаңа 
(|»ормада қарама-қарсылықтар жаңа дәрежеде қайта туады. Жаңа фор- 
мадағы қарама-қарсылықтың қатынастары үлкен екі айрыктай, олар- 
іыц ортасында өткінші көптеген формалар туып сол қайшылықты 
«іргүрлі деңгейде және әртүрлі мағынада шешіп жатады. Бүл жаңа 
гуган қарама-карсылықтардың ауқымын кеңейтіп өрістеуі. Оның 
откінші формадағы қайшылықтарының шешіліп, жоғалып жатуы, 
к іңаларының тууы. Сол жалпы қарама-қарсылықтардың дамуы, олар 
осы жолда қайта шиеленісе түседі. Яғни жаңа формадағы қарама- 
карсылықтардың әуелгі шиеленіспеген, озді озіне үйлығысқан түрі 
о
іардың кейінгі қанатын кең жаюының негізі. Яғни негіз деп қай- 
шылыкты емес, содан шығатын нәтижелерді айту керек.
Негіз, әрине, оған негізделетін немесе негізделген нэрселер үшін 
неііз. Олай болса, оның айқындығы, яғни негіз екендігі, оған негізде- 
■іетін нәрселермен байланысында ғана корінеді. Негізделетіндер оның 
нотижелері. Негізделетіндерде негізден шықпаған, негізде жоқ еш- 
норсе жоқ. Эрине, олар тек негіз арқылы анықталады. Сонымен қатар 
негіздің өзі де толық мағынасында өзімен өзі анықталатын нәрсе емес, 
ол да озіне негізделгендер арқьшы анықталады. Оның негіздік анықта- 
масының озі оған негізделетіндер болғандықтан. Әрбір карама-қарсы 
(кійланыста, бірін бірі айқындап түратын нэрселер озара “сәулеленіп” 
гүратындығы белгілі. Олар бір-біріне айна тәрізді, өрқайсысы озінің 
монін тек екіншісінен гана коре алады, себебі әрқайсысының шын 
моні екіншісінде. Олай болса, біршама дамыған қатынастар жүйесінде, 
игни белгілі бір жүйені алсақ, әсіресе оған кіретін элементтердің оза­
ра қатынастарын талдасак, осы бір-бірін анықтайтын сипатында олар- 
дың бәрі де басқаларына бір жағынан негіз. Түйықталған жүйедегі 
)лементтер бәріде бірін бірі туғызып түрады. Яғни бәрі бәріне негіз. 
Ьірақ өзара байланыстардың екі жағынан да олардың бәрі де әрі негіз, 
орі негізделген.
Дегенмен аяқгалған жүйелер түпкі немесе алғашқы негізді теріске 
шығара алмайды. Себебі әрбір аякталған, сондықтан да белгілі дәре-
26 С о н д а. 60-6.
177


жеде тұйықталған жүйелерде оның тарихи бүрынғы болған қатынас- 
тары кері айналатыны белгілі. Жүйенің калыптасу тарихында негізден 
туындаған негізделгендердің бәрі де біршама дербес формаларға ай­
налып, енді өзін тудырған негізді өздері кайта жаратып, туғызып оты­
рады. Олар енді өздерінің негізін өздері жасай бастайды. Енді олар 
бүрынғы негізіне өздері негіз болып шығады. Сыртқы көрінісі жағынан 
енді алғашқы негіз негіз болудан қалып, енді тек негізделген нәрсе 
болып шығады.
Осы айтылған қатынастарды адамдардың әлеуметтік өмірінде 
неғүрлым айқын коруге болады. Адамдар оз қызметімен бүкіл әлеу- 
меттік қүрылысты, мәдениетін, қоғамдық қатынастарын т. т. жасаған- 
дықтан солардың тууының, өмірде барлығының бірден бір негізі өзі 
дегенбіз. Олардың бәрінің мәнін адам аныктайды. Олар негізделген- 
дер. Қоғам, мемлекет адамдардың жемісі, адамдарға негізделген. Ал 
белгілі бір адамға жаттанған қоғамда коғам, мемлекет адамдарга тәу- 
елсіз, адамдардан алғашкы, адамдардың өздерін жасайтын күш сиякта- 
нады. Немесе жаңа туған нәрестенің бүкіл өтетін омірлік жолын алсақ. 
Алғашқьі кезенде оның омірі толығымен әке-шешелерінің, басқа жақын 
адамдардың камкорлығына негізделген. Оның омірінің негізі озінен 
тыс, яғни әлі оз өмірін тек өзі негіздей алмайды, өзіне өзі негіз емес. 
Нәрестенің кейінгі биологиялық дамуы ғана емес, оның әсіресе әлеу- 
меттік жағынан субъект, жеке түлға ретінде дамуы, әрине, оның 
мүмкіндіктерін арттыра береді. Ол бүл дамуда' өзінен бүрын жасалған 
дайын мәдени, материалдық жағдайларды негізге алады, басқалармен 
қарым-қатынасының жан-жакты кеңейуімен өседі. Бірақ жеке адамды 
белгілі бір кезеңнен бастап ешбір сыртқы күш, жағдай тікелей сомда- 
майды, тікелей жасай алмайды. Өзінде пайда болған пиғылдар мен 
мәнділікке байланысты ол сырткы әсерлер мен ықпалдарды өзі іріктеп, 
өзі қалай не каламай, қабылдап не теріске шығарып өндеп, озгертіп 
бойына сіңіреді. Онда тәжірибе мен ақылдан басқа омірлік белгілі бір 
орнықгы козқарастар, әлеуметгік бағыт, түрғы қалыптасса, ол оз негізін 
өзі жасаған, өзінен озі тірек таба алатындай деңгейге жетеді. Оның 
қызметі, әлеуметтік, омірлік үстанған түрғысы баскаларға ықпал ете 
алатындай және басқалардың оны белгілі бір санаспасқа болмастай 
күш деп қарауы оны коғамда оз орны бар түлға етеді. Жеке адамның 
өзін өзі негіздеуі деп біз осыны айтамыз. Ол енді тек өзіне өзі ғана 
тірек емес, қауымға, белгілі бір ортаға, ең алдымен өз жакындарына 
тірек. Ол енді қоғамдағы жасаушы күштердің бірі, яғни басқалармен 
бірге бүкіл қоғамның, мемлекеттің тірегі. Философия болғаннан көрі 
болуға тиістіні айтады дедік, сондықтан жеке адамның осылай қалып- 
тасуы барлык уакытта осылай болады деген соз емес. Өмірде әртүрлі 
бола береді, бірак тек осылай болғанда ғана өмір онды.
178


Адамның табиғи жағы ғана емес, оның әлеуметтік, адамгершілік 
жағын алсақ, оны өзінің ырқынсыз алдын ала анықтайтын негіз жоқ. 
Түбінде ол оз негізін өзі қалайды, немесе қаламайды. Ересек адам- 
ның өзіне бір нәрсені негіз етуі оның адамгершілік жағынан құнды- 
лықты қалауы. Егер ешнәрсені қаламаса, ал омірде ол да болады - ол 
негізсіз, негізі жоқ адам. Онда негізді қалау - адамгершіліктің пары- 
зы. Өткен тарауларда айтылған жаттанудың мағынасынан шығатын 
норсе - қалыптасқан адамның өз негізін басқа нәрселерден іздейтіні. 
Ол-жалған ізденіс. Ондай ізденістерден “табылатын” негіздердің озі 
соншалықты саналуан. Біреулер үшін ондай “негіз’’ байлық, екіншілер 
үшін билік, немесе екеуі бірдей, үшіншілер үшін тағы бірдемелер т. т.
Ойлаудың формалары біздің үстанып отырған түрғымыздан тек 
қана логикалык формалар емес. Олар адамдардың дүниеге қатына- 
сының да формалары және ең алғашқы, ең негізгі жағы да осы. Олар 
дүниені - қүндылықтың козімен кору, соның таразасымен өлшеу. Одан 
олар өзінің объективтік мазмүнынан ажырамайды дедік. Егер, әрине, 
ол қүндылық адамның дүниеге оның шын бағасына сай қатынасы- 
нан шыгатын болса.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет