Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет73/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   128
Байланысты:
Әбішев философия сканиров

*
а
 
ды, ягни бүтіндіктің бірлігі жойылуға жақындайды. Бүтіндіктің кара- 
ма-қарсы жақтары немесе боліктері, багыттары бірлікте бола алмай­
ды. Олар түгелімен озгеріп дамудың жогаргы деңгейінде жаңа бірлік 
қүруы тиіс. Ол ж аңа бірлік қарам а-қарсы лы қтарды ң бір-бірін 
терістеуінде, тартысында оларга дәнекерлеуші болган форма. Дәне- 
керлеуші форма қарама-қарсылықтарды жаңа негізде біріктіріп, олар- 
дың озін де озгертеді. Бүл қайшылықтың шарықтау шегінде іске аса- 
тын оның бірден-бір шешілу жолы. Қайшылық озінің шегіне жетіп 
қарама-карсылықтар бітіспестей бір-бірінен алаңсыз ажыраган кезде 
олардың қатынастары антагонистік түрге енеді. Олардың мүндай 
шарықтауы бүтіндіктің алаңсыз жойылуына, ягни қарама-қарсы жақга-
172


рының да, олардың қайшылықтарының да жоғалуына әкеледі.
Гегельдің қайшылықты дүниесінде адамдар, олардың қүнды- 
лықгары - бір сәтте ғана көрініс беріп, оның даму тасқынында жоғалып 
кететін кезең. Гегель қайшылықтардың мәнін қозғалыс, өзгерістің 
шеңберінде ғана емес, даму процесінде көрсетуге тырысты. Бүл оның 
негізгі ерекшеліктерінің бірі, себебі оған дейінгі қайшылық жөнінде 
ой қозғағандар Антика дәуірінен жаңа заманға дейін дамуды білме- 
уші еді. Прогресс, эволюция, даму идеялары Жаңа заманда туып, 
күш алғанын айтқанбыз. Осы идеяға бүкіл әлемдік универсалдык 
мазмүн беріп, оның ішкі механизмдерін айрықша жүйелеген Гегель 
болды.
Қайшылыктың мазмүнын адам болмысында, әлеуметтік-тарихи 
және соның ішінде экономикалык процестерде зерттеген 
К.Маркс 
еді. Ол бүл мәселеде де Гегельдің жетістіктеріне сүйенді. Ол бірақ 
Гегельдің абсолюттік идеализмін теріске шығарып, өзінің әлеуметтік 
концепциясын материализм деи жариялаганы мәлім. Каииталистік 
товарлы қатынастарды, оның формаларын, бір-біріне отуін дамуы- 
ның негізінде карай отырып, Маркс кои жағдайда сол формалардың 
ішкі қайшылықтарының өрбуін айрықша шеберлікпен бейнелеп берді 
деп айтуға болады. Оның талдауында әрбір экономикалық форма ішкі 
қайшылықтарга толы. Соның бір, мысалы, ретінде Маркстың товарга 
берген талдауын алайық. Әрбір сатылу үшін өндірілген өнім (товар) 
айырбас қатынастарының шеңберінде екі жақты қасиеттерге ие. 
Біріншіден адамдардың белгілі бір түтыну мүктаждыгын өтей алатын 
түтыну саиасы болуы керек. Екінш і товардың қүны, ягни оган 
жүмсалган қогамдық қажетті еңбек. Осы екі қасиеттің біреуі екіншісіз 
болмайтындыгы белгілі. Егер товардың түтыну касиеті томен болса, 
товар, әрине, өтпеуі мүмкін, ягни ол сатылмай қалады. Онда ол то- 
варды, өндіруге кеткен еңбек те, жүмыс уақыты да босқа жогалады. 
Немесе товарды ондіруге жүмсалган еңбек, жүмыс уақыты сол қогам- 
дагы орта дәрежеден артык болса, ягни оган еңбек тым коп жүмсал- 
са, онда товар өзіне кеткен ш ыгыннан томен багада сатылады. 
Өндіруші шыгынга үшырайды. Осы екі қасиет бірі біріне белгілі 
деңгейде сай келмесе, өнім жалпы товарлык қасиетінен айрылады, 
ягни онда ол товар емес. Олар бір-біріне сай келген жагдайда бірі 
екіншісіне ұқсамайтын бір товардың екі түрлі қасиеттері іштей бірту- 
малық тектестігін сақтайды.
Ең қарапайым қатынас - екі түрлі товарлардың бір-біріне айыр- 
басталуын біртүтас қатынас ретінде алып қарасақ, осы қарама-қарсы 
түрган, біртүтастықты күрайтын екі жактың көзге көрінбейтін ішкі 
бір бірлігінің бар болганы. Екі түрлі товарларды бір-біріне теңгеру 
үшін олардың бір ортак табигаты болуы тиіс. Аристотель де өз кезінде
173


айырбасталатын нәрселердің соншалықты әртүрлі екендігін айта келіп, 
солардың бәрін сандық (бағалық) шеңберде тендестіріп, салыстыруға 
олардың қандай ортақ негізі бар екендігін таба алмаған. Классика- 
льщ экономикалық ойдың (соның ішінде Маркстың да) тапқан ортақ 
негізі - барлық товарлардың еңбектің нәтижесі екендігі. Олардың 
бәрінің құны өндіруге кеткен белгілі мөлшердегі адамның еңбегі. Екі 
товардың айырбасталудағы салыстырылатын белгісі - әрқайсысына 
каншалықты еңбектің кеткендігі. Бүл оларды бір нәрсе ететін ортақ 
табиғаты, олардың ішкі бірлігі.
Бірақ, түтыну касиеттері бірдей екі товарды (мысалы, екі пар 
етікті) бір-біріне айырбастай алмайсың. Айырбасталатын товарлар- 
дың түтыну қасиеттері әртүрлі болуы тиіс. Тек қана қарама-карсы 
(немесе әртүрлі) товарларды олардың ортак, бірдей негізі - оларға 
сіңген еңбектің көлемінде салыстырып бағалай аласың. Яғни мүндай 
қайшы жақтарды олардың ортақ негізі ғана біріктіре алады.
Қайшылықтарға байланысты Маркстың қоскан бір өзгешелігі- 
антагонистік қайш ылықтар жөнінде. Адамдар тарихында таптар 
күресіне тым әсіре мән бергендіктен оны қоғам дамуының қозғаушы 
күші деп түсінді. Қанаушы тап пен қаналушы таптың арасындағы 
тартыс ешбір ымыраға келмейтін жаулық, олар ерте ме, кеш пе осын­
дай қоғамның бірлігін жояды деп ойлаған.
Гегель және оның үрдістерін жалғастырғдн Маркс, әсіресе өзін 
шын марксист деп есептеген В.И.Ленин қайшылықтың тартыс жағына, 
қарама-қарсылықгардың тепе-теңдігінен көрі олардың ымыраға кел- 
мес бір-бірін терістеу жағына айрыкдіа мөн берді. Бүл олардың даму- 
ды универсалдық дәрежеге котеруінен еді. Олар жақсылық, қүнды- 
лық тек келешекте деп, тек үнемі келешекке үмтылатын, прогресті 
белгілі бір табынатын нәрсеге айналдыратын қоғамның белсенді жар- 
шьшары, теоретиктері болды. Соз жок олар осындай үмтылыстағы 
ойшылдар болгандықтан қарама-қарсылықтардың бірлігі жагына, сол 
бірліктің табиғатына жеткілікті коңіл боле алған жоқ. В. И Л енин тіпті 
бірлік салыстырмалы, откінші, ал қарама-қарсылықтардың тартысы 
абсолюттік деп анықтама берген. Әрине, “ескі” дүниені түбірін де 
қалдырмай қиратып барып, жаңа дүниені тып-типыл болған кеңістікте 
қүруды мақсат еткен революционер үшін ол таңқалар нәрсе емес. Ол 
белгілі бір қүндылыққа қарай бағытталгандықтың корінісі. Револю­
ционер үшін түрақсыздық, айнымалы, үнемі аударылып-тоңкеріліп 
жататын дүние қымбат. Ол үнемі қиратуға өзір. Бүлдыр келешек үшін 
бүгінгінің бәрін, әсіресе бүгінгі адамдарды қүрбан етіп отыру осы 
түргыдан заңды, ойткені келешектің түрғысынан бүгінгінің бәрі де 
тек қүрылыс материалдары ғана. Өткеннің бәрін тәрік ету, откен та- 
рихты күрметтемеу, оны кобінесе пәстікке, тіпті жалғанға балау осы-
174


дан шығады. Революционер үшін өзгермелілік өзінен өзі қымбатты, 
бірден-бір қүндылық. Ал өзгермелілікті кайшылық туғызады. Олай 
болса, қайшылық, әсіресе оның шиеленісуі, антагонизмге шарықта- 
уы негізгі құндылықтардың бірі. Ал өткен мен бүгінгіні кадірлеу, 
бүгінгіні кешегінің жемісі, келешек болса, ол откен мен бүгінгінің 
жалғасы деп білетін қатынас бүтін болмыстың сабақтастығын күнды- 
лыкка балайды. Ондай қатынас өзгермелілікті, дамуды мойындай 
отырып, оларды болмыстың үмтьшыстарының тек бір жағы деп қарай- 
ды. Оның екінші жағы, екінші үмтылысы - болмыстың үйлестігін, 
ішкі бірлігін сақтау, қозғалыс процесінде оны қайталап, қайта жаңгыр- 
тып отыру. Бұл екі үмтылыс та өмірде бар, бірақ белгілі бір сыңар 
жақты қүндылыктың көзімен, сондай үмтылыстың түрғысынан олар- 
дың біреуі ғана корінуі мүмкін. Ягни, қайшылық дегеніміз - козгалы- 
стағы әрбір күбылыстың озін өзі теріске шыгаруы әрі озін өз қал- 
пында бекітуі, нығайтуы. Қозғалыста, өзгерісте ол озін озі ретінде 
қайталай алмаса, ол жоғалады. Екінші жағынан оның өзінің озге фор­
масы пайда болып жатпаса да ол оз қалпын сақтай алмайды. Ол өзін 
өзінің озге формасында қайталайды, себебі озге форма да оның озінің 
формасы. Гегель осыган мынандай мысал келтірген: Өсімдік осе келе 
гүл жарганда, гүл-осімдіктен басқаша, гүл озін шыгарган нәрсені 
теріске шыгарады, ол оган қарама-қарсы нәрсе болып түр, бірақ со­
лай бола түра, ол өсімдіктің өз туындысы, ол өсімдікті терістеу арқылы 
гана оның болмысын растайды, бекітеді, жалгастырады. Гүлден 
шыққан жеміс те енді гүлден тіпті басқа, тіпті бөтен көрінуі ықтимал. 
Жеміс гүлді де, ол арқылы өсімдікті де (мысалы, жеміс агашын) теріске 
шыгарады. Бірақ оның да теріске шыгаруы осімдіктің бүтін болмы­
сын жалгастырып, ныгайтудың жолы. Себебі оның үрықтарымен тагы 
да коптеген осімдіктердің болмысы көбейіп, кеңіп дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет