ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ тәрбиелеу; тән сұлулығын қарастыру, әсем-
дiкке баулу; адамгершiлiк қасиеттерге (iзгi-
лiк ке, имандылыққа, қайырымдылыққа,
адал дыққа т.б.) тәрбиелеу; отансүйгiштiкке,
ұлтжандылыққа бүкiл адам баласын сүюге
тәрбиелеу; «Жiгiтке жетпiс өнер аз», «Өнер
өрге сүйрейдi» деп қарап, өнер мен бiлiмдi
насихатттау; табиғатты, қоршаған ортаны ая-
лауға, әсемдiкке тәрбиелеу; дененi шынық-
тыруға тәрбиелеу [3].
Сонымен қатар, ғалым «Қазақ этно пе да-
го гикасының теориялық мәселелері» атты
мо нографиясында халықтық тәрбиенiң осы
басты қағидаларының ғылыми педагогикамен
байланысы қандай дегенге төмендегі сегіз
қағиданы басшылыққа алуды көздейді:
Халық педагогикасында тәрбие iсi баланың
жас ерекшелiгiн ескере отырып жүргiзілген.
«Ұлыңа бес жасқа дейiн патшадай қара, он бес
жасқа дейiн қосшыңдай сана, он бес жастан
асқан соң ақылшы досыңдай бағала» деген
мәтел баланы еркiн тәрбиелеудiң, көмекшiм
деп үмiтпен қараудың, ақылшым деп тең
санаудың қажеттiгiн меңзейдi. Ал бұл ғылыми
педагогиканың ынтымақтастық принципiмен
қабысып жатыр.
Халық педагогикасында тәрбие iсiн әр
баланың жеке бас ерекшелiктерiн (пси холо-
гиясын) ескере отырып жүргiзудi де ескертедi.
«Баланы туады екенсiң, мiнездi тумайды екен-
сiң», «Бiр биеден ала да туады, құла да туады»,
«Балаңа үмiт арту – әкенiң парызы, ақтау –
ба ла ның қарызы» деп ой түйiндеген. Халық
педагогикасы баланың тәрбиесi ту ған, өскен
ортасына, ата-ананың, отбасы үлкендерiнiң,
ұстазының үлгiсiне байланысты деп қараған.
Халық педагогикасының тағы бiр принципi
балаға үлкен талап қоя бiлуге, оның жеке
басын қадiрлеуге негiзделген. Баланың жi бер-
ген қателiктерiн үлкендер дер кезiнде бақы-
лап, дұрыс жолға салуды мақұлдаған. «Ата
– ба ла ға сыншы», «Баланың балалығына
әке нiң даналығы бар», «Ақырып айтқаннан
ақылмен айтқан артық» деген мәтелдер осы
ойды құптаудан туған. Яғни, тәрбиешiнiң
жылы жүректi болуын, тапқырлық тәсiлмен
тәрбиелеуiн орынды санаған.
Шәкiрттi тәрбиелеу, оқыту барысында
ақыл -ойын дамыту бүгiнгi педагогиканың ең
көкейкестi мәселелерiнiң бiрi. Дамыта оқытып
тәрбиелеу iсi асқақ арманмен байланысты.
Осы ны құптаған ата-бабамыз «Армансыз ұлан
– қанатсыз қыран», «Арманы жоқтың пәрменi
жоқ» деп, келешектi қиялдай бiлетiн арманға,
ой дербестiгiне тәрбиелеудi мақсат еткен.
Халық педагогикасының негiзгi прин цип-
терiнiң бiрi – тәрбиенiң бiртұтастығы. Тәрбие
iсiнiң бiртұтастығы ұрпақ тәрбиелеудегi мақсат
бiрлiгiнен туындайды. Кез келген тәрбие құра-
лы на талдау жасасақ, тәрбиенiң түрлерi (еңбек,
ақыл-ой, адамгершiлiк, әсемдiк т.б.) iштей са-
бақ тасып жатады. Оны бесiк жырынан, бата-
тiлектер мен терме толғаулардан байқауға
болады. Тәрбие iсiн кешендi жүргiзудi ғылыми
педагогикалық еңбектер де қуаттайды.
Тәрбие iсiнiң туғаннан өмiр бойы үздiксiз
жүргiзiлуiн халық педагогикасы да, ғылыми
педагогика да құптайды. Халық педагогикасы
отбасы үлкендерiнен бастап, ауыл ақсақал да-
ры, өнер иелерi тү гел қатынасатын ұжым дық
тәрбие iсiне не гiз делген. Халықтық педаго ги-
ка да «Көп талқысы – тез», «Көп қорқытады,
терең батырады», «Көпке қарсылық – құдайға
қарсылық» деп ұжымдық тәрбиенi құптаған
[3].
Ұлттық тәрбие ұғымының мән-мағынасын
ашуда М.Жұмабаев: «Әрбір ұлттың баласы өз
ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қы-
латын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол
ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті», деген
иде ясы қазіргі таңда зиялы қауым өкілдерінің
негізгі ұстанымына айнылып отырғаны белгілі
[5].
Халықтық тәрбие, ұлттық психология мә-
се лесін зерттеген ғалымдардың бірі Қ.Жарық-
баев. Оның ХV ғасыр тарихын жинақтаған
пе дагогикалық Антологиясы, қа зақ тың тә-
лім-тәрбиесі, ұлттық психология, «Аталар
сөзі -ақылдың көзі» еңбектері бүгінгі ұрпақ
тәрбиесіне қажетті асыл мұра деп бағалауға
болады.
Профессор К.Ж.Қожахметованың «Халық
педагогикасын зерттеудің кейбір ғылыми және
теориялық мәселелері» атты еңбегі халықтық