№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет31/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   104
Байланысты:
ұлттық материал

ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ
педагогиканың даму тарихы, салт-дәстүр, 
әдет -ғұрыптардың өзіндік ерекшеліктеріне 
жан -жақты тоқталады [7]. «Мектептегі ұлттық 
тәрбие жүйесі» атты монографиясында ұлт-
тық тәрбие жүйесінің ғылыми теориялық 
негіздері, мектептегі ұлттық тәрбие жүйесіне 
қойылатын талаптар айқындалған. 
Қазіргі таңда ұлттық тәрбиеге байланысты 
ғылыми зерттеу жұмысымен айналысатын 
ма гис транттар мен докторанттардың ынтасы 
өте жоғары. Ұлттық тәрбиенің іске асуы 
үшін, әсіресе, Абай атындағы Қазақ ұлттық 
университетінің ғалымдары үлкен жұмыстар 
атқарып отыр. Қазақстан Республикасының 
студент жастарына ұлттық тәрбие беру тұ-
жы рымдамасы дайындалды. Қазақстан Рес-
пуб ликасы Білім және ғылым министрінің 
бұйрығымен 2009 жылы университет жанынан 
Ұлттық тәрбие жөніндегі Республикалық 
үйлестіру кеңесі құрылып, Ұлттық тәрбие 
элективті курсының типтік оқу бағдарламасы, 
оқу құралы дайындалып республикамыздың 
жоғары оқу орындарының оқу тәрбие үдерісіне 
енгізілді. Сонымен қатар «Ұлттық тәрбие» 
сериясы бойынша: «Ұлттық тәрбие» оқу 
құралы, «Ұлттық тәрбие: салт-дәстүр, әдеп-
ғұрып негізінде», «Ұлттық тәрбиенің этика-
эстетикалық негіздері», «Ұлттық тәрбие және 
дін», «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» 
және т.б. оқу құралдары басылып шығарылды, 
Республикалық ғылыми-көпшілік деңгейде 
«Ұлттық тәрбие» журналы ашылды [8, 38-46; 
81-97].
Қазіргі таңда, ұлттық тәрбие беру мәсе ле-
сі жан-жақты қолға алынып, іргелі жұмыс-
тар жүріп отырғанына талдаулар жасалды. 
«Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қа-
сиет ті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір 
ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақ-
стан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елі-
міз ді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. 
Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен іс-
те рі және жас ұрпақтың жасампаздығы ара-
сын да сабақтастық болса ғана, біз «Мәң гі-
лік Ел» боламыз», - деген ұранмен болашақ 
мем ле кетімізді дамытуда ұлттық тәрбие бе-
ру арқылы жеке тұлғаның ана тілін, ата та-
ри хын, салт-дәстүрін, төл мәдениетін мең-
герген, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жә не 
осы құндылықтарды жалпыадамзаттық құн-
дылықтармен ұштастыра алатын Қазақстан 
Республикасының ұлтжанды азаматын тәрбие-
леу және қалыптастыру мәселесі жан жақты 
даму үстінде.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» 
стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 
14.12.2012.
2. Пірәлиев С.Ж., Иманбаева С.Т., Төлеубекова Р.К., Шолпанқұлова Г.К., Нурғалиева Д. 
Ұлттық тәрбие. Оқу құралы. – Алматы: 2014. - 280 б.
3. С.Қалиев. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. -Алматы. 1998. 
4. Иманбаева С.Т. Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық 
негіздері. Алматы. ҚазМемҚыздарПИ, 2006. -330.
5. Жұмабаев.М. Педагогика. – Алматы: Ана тiлi 1992 ж.
6. Педагогический энциклопедический словарь. – М.: Большая Российская энциклопедия. 
2003. - 528 с.
7. К.Ж.Қожахметова Халық педагогикасын зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық 
мәселелері. Алматы. 1993.
8. Жоғары оқу орындарында ұлттық тәрбие беру мәселелері. //Ұлттық тәрбие, № 5(13) 
2012. – Б. 81-90; – Б. 38-46.


32


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет