ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ кездерде пайдаланса өте әсерлі, әрі тиімді
болатындығын тәжірибемізден көріп жүрміз.
Біз белгілі әдебиетші Өтебай Тұрманжановтың
құрастыруымен жарық көрген «Қазақтың
мақал-мәтелдері» деген көлемді жинақтан
және мерзімдік баспасөз беттерінен гигие-
налық мазмұндағы мақал-мәтелдерді, әдебиет
пәні мұғалімдерінің жәрдемімен іріктеп
алдық. Соларды сабақтарда, сабақтан тыс
жұмыстарда, баяндама жасағанда, кештер
және экскурсия өткізгенде мейлінше мол
пайдаланамыз. Ата-аналармен жүргізілетін
жұмыстарда да бұлардың көп көмегі тиіп жүр.
«Тән тану» пәні сабақтарында мақал-мә-
тел дерді пайдалану жолдарына қысқаша тоқ-
талайық. 9 сыныпта осы пәннің «Асқорыту»
тарауындағы «Қоректік заттар және тамақтық
азық-түліктер» тақырыбын өтер алдында
оқушыларға халықта «Ас – адамның арқауы»,
«Ас тұрған жерде – ауру тұрмас», «Аз қайғыны
ас басады, көп қайғыны дос басады», «Ауру –
астан, дау – қарындастан», «Тәні саудың – жаны
сау», «Іш кетсе, күш те кетеді» деген мақалдар
бар, сендер оларды қалай түсінесіңдер де-
ген сұрақ қоямыз. Әрине, оқушылардың жа-
уап тары астың адам тіршілігіндегі маңызы
төңірегінде болады...
Тамақтың химиялық құрамын түсіндіріп
болған соң, біздің қазақ халқы астың құрамына
өте ертеден көңіл бөлгендігіне тоқталамыз.
Мысалы, қазақта мынадай мақалдар мен
мәтелдер бар: «Арақтың сорпасында дәм
болмайды, ақылсыздың сөзінде мән болмайды»,
«Көженің кенеуі болса, қымыздың қызуы бар»
десек, құрамында белогы көп тағамдарды
атағанда: «Ет етке, сорпа бетке» деп, қазақ ет
пен сорпаны маңызды тамақтардың қатарына
ертеден қосқандығын айтамыз.
«Тамақтану гигиенасы. Ішек-қарын ауру-
ла рынан алдын ала сақтану» тақырыбын
өткенде, тамақтану кестесін мөлшерлейді,
бір күнгі жейтін тамақ мөлшерінің 25 %
таңертең, түсте 50 %, түс ауғаннан кейін 15
%, кешке 10 % қабылдау керектігін және
көптеген отбасы тамақтың көп мөлшерін
кешке, жатарда ішетінін, содан ұйқыларының
мазасыз болатынын, осыған байланысты адам
шымшытырық түстер көретіндігін айта кеткен
де орынды.
«Тәбет» тақырыпшасын түсіндіргенде, тә-
бет тің жақсы болуы астың жақсы сіңуінің
кепілі екендігін, сондықтан халық «Қайғысыз
– қара суға да семіреді» деп көңіл-күйдің
маңызын тұжырымдаса, «Ас иесімен тәтті»,
«Асы бар аяқ әдемі», «Тамақ табағымен
жарасты, батыр жарағымен жарасты» деген
мақалдарда халық тамақты шын ықыласпен,
таза, әдемі ыдыс-аяқпен берудің гигиеналық
маңызын ертеден білгенін айтамыз.
«Тыныс алу» тарауындағы «Ауа арқылы
жұғатын аурулар», «Қолдан тыныс алдыру»
тақырыптарын өткенде тұрмыстың, жеке
бастың тазалығын сақтаудың жолдарын айта
келіп, «Жұғын бар жерде шыбын бар, шыбын
бар жерде шығын бар» десек, тыныс алу
органдарының аурулары – туберкулез, тұмау,
баспа және тағы басқа жұқпалы аурулардың
алдын алу жолдарын түсіндіргенде «Сынықтан
өзгенің бәрі жұғады», «Тұмау аяғы құрт, тұман
аяғы жұт» деген мақалдарды пайдалансақ,
қоршаған ортадан жұғатын аурудың алдын
алудың, денсаулық сақтаудағы маңызын айта
келіп: «Аурудың алдын алмаған өледі, даудың
алдын алмаған төлейді» деген мақалмен
қорытындылауға болады.
«Терінің гигиенасы» деген тақырыпшаны
балаларға түсіндірер алдында «Қотыр қолдан
жұғады, таз тақиядан жұғады» деген мақалды
қалай түсінесіңдер? – деген сауал қоямыз.
Балалар пікірлерін ортаға салады...
«Сезім органдары» тарауындағы «Көру
және оның гигиенасы» тақырыбына арналған
сабақта көру органдарына қойылатын гиги-
е налық талаптарды еске салып, көздің
көруінің нашарлауы кейде ауру тудыратын
микробтардың зиянды әсерінен болатынын
айтып, «Көзің ауырса, қолыңды тый, ішің
ауырса, аузыңды тый» деген мақалды мысалға
келтіреміз.
«Жоғарғы дәрежелі жүйке қызметі» тара-
уындағы «Ұйқы және оның маңызы» деген
тақырыпты өткенде адамның ұйқысы қанбаса
немесе екі-үш тәулік бойы мүлдем ұйықтамаса,
онда жүйке жүйесі нашарлайтындығын айта