ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ деріне ақыл-кеңес беруі; сәбиді тұзды сумен
шомылдыруы; денесін маймен сы ла уы; қол-
аяғын созып, «өс, өс, өс» деп буындарын
бе кі туі; шала туған баланы түлкі тұмаққа
салып асырауы; оған бие сүтін беруі;
қойдың құйрығын нәрестеге сорғызуы – сол
қамқорлықтың айғағы. Денсаулық сақтауға
ерек ше көңіл бөліп, оның негізі тамақ екенін
түсінген халық «Денсаулық кепілі – ас» деп, ас
болса ауру болмайтынын былай түсіндірген:
«Ас тұрған жерде ауру тұрмас», «Ас – адамның
арқауы», «Ауру – астан» деген мақалдар соған
дәлел бола алады.
Дұрыс тамақтану да денсаулық сақтаудың
кепілі, оны сыпайылық, мәдениеттілік деп
түсінген халық асты аса тойып жеуге, қома-
ғайлыққа қарсы болған. Оны былай ескерткен:
«Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама»,
«Жарты құрсақ пайда», «Алты күн аш болсаң
да, Атаңның әдетін сақта».
Тамаққа және денсаулыққа байланысты
мақал-мәтелдерде үнемділікке, қанағатты-
лық қа, шыдамдылыққа тәрбиелейді. Мысалы,
«Қанағат қарын тойғызады, қанағатсыздық
жалғыз атын сойғызады», «Тарта жесең тай
қалар, қоя жесең қой қалар, қоймай жесең нең
қалар».
Адамның ауруы және саулығы тазалыққа
байланысты пайда болатынын халық былай
түсіндірген: «Қотыр қолдан жұғады, таз
тақиядан жұғады», «Көзің ауырса, қолыңды
тый», «Тазалық – саулық негізі, саулық –
байлық негізі».
Қазақтың халықтық медицинасының тә-
жі рибесіне сүйеніп, ата-аналар балаларын
түр лі аурулардан өздері жазып отырған.
Мысалы: Баланың тамағы ауырса, жалбызбен
шайғызған; Баланың тісі ауырса, меңдуана
басып қойдырған; Баланың іші ауырса, сынап
ішкізіп қойдырған, немесе іш ауырғанда
қойдың құйрық майымен сылап қойдырған;
Баланың аяқ-қолы қақсаса, ерменнің бұлауына
салып жазған; Баланың басына қотыр түссе,
күлден жасалған қара сабынмен жуып
кетірген.
Халық емшілері түрлі шөптерден әр-түрлі
дәрілер жасап оларды ауру-сырқауларды жа-
зуға қолданған. Халықтық медицина қазақ
халқында кең дамыған. Ол туралы соңғы
жылдары бірнеше әдебиеттер жарық көрді.
Емшілік қабілеттері бар сынықшы, тамыршы,
отамашылар қазақта көп болған. Олар түрлі
аурулардың пайда болуын, оларды жазу
жолдарын білген, сондықтан халықтық
медицинаны ғылыми медицина теріске шығара
алмайды, оның жетістіктерін пайдалануы тиіс.
«Ақылды адамға иман парыз, иманды
адамға ғибадат парыз» деп ағартушы Абай
айтқандай, адам баласының бұл дүниеге жі-
берілуінің түпкі мақсаты – Жаратушыны та ну
болса, танығаннан кейінгі кезекте құлшылық
жа сау тұратыны айтпаса да белгілі. Ал
құлшылық өз кезегінде тазалықсыз жүзеге
аспайды.
Ислам дінінде тазалықтың орны ерекше.
Тіпті ол «иманның жартысы» болып есеп-
теледі. Сондықтан да мұсылмандар әрдайым
тазалыққа ынталандырылған. Күнделікті
құл шылығының бәрі тазалыққа негізделген.
Бұл турасында Құранда: «Аллаһ көп тәубе
етушілерді және көп тазарғандарды ұнатады»,-
делінген.
Ислам дініндегі алғашқы әмірлері де та-
залыққа байланысты келген. Алғаш түскен
аяттардың бірінде: «Киіміңді таза ұста! Әр
түрлі лас істерден аулақ бол», - делінген. Бұл
аятта сыртқы және ішкі (рухани) тазалықтың
өза ра байланысы сөз болған. Мүминдерге
жүректі, рухты, бойды, киім-кешек пен арды
таза ұстау міндеттелген.
Исламда тазалық және тазалану мағы-
наларын білдіретін негізгі ұғым – бұл «таха-
рат». Құран Кәрімде тазалыққа қатысты 31
жерде кездесетін негізгі терминдер осы сөз-
ден тарайды. Олар сумен немесе өзге де жол-
дармен тазалануды, күнәдан, харамнан бойды
аулақ ұстауды, сонымен қатар, мінез-құлық
пен ахлақ тазалығын, пәктікті білдіреді.
Намаз оқу үшін дәрет алып тазалық жа сау-
дың міндеттелуі де тегін емес. Дәрет алмаған
жан намаз оқи алмайды. Мәселен, Құрандағы
мына аят дәретке, тазалыққа ерекше көңіл
бөлетін Құба мешітіндегі сахабалар жайлы
түскен: «Алғашқы күннен-ақ тақуалық негі-