№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет53/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   104
Байланысты:
ұлттық материал

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ
зін де құрылған мешітте (Құба мешіт) намаз 
оқығаның әлбетте ең дұрысы. Онда тазарғанды 
жақсы көретін адамдар бар. Аллаһ барынша 
тазарушыларды ұнатады».
Жан дүниесінің тазалығымен қоса сырт-
қы, тән тазалығын ұқыптап күткен мүмин 
Аллаһтың сүйіспеншілігіне бөленеді. Ислам-
ның бес парызының бірі намаз оқу үшін таза-
лықтың міндеттелуі мұсылманның өмірінде 
тазаланудың қаншалықты маңызды орын 
алатындығын аңғартады. Бұған қоса, намазға 
дайындық барысында дененің, киімнің және 
намаз оқитын орынның таза болуы шарт. Бұл 
туралы Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Намаздың 
кілті – тазалық!» - деп бұйырған [2].
Пайғамбарымыз хадистерінде: «Аллаһ – 
кір шік сіз таза, тазалықты сүйеді», - деп атап 
өткен. Мысалы, Аллаһ елшісінің: «Тазалық – 
иман ның жартысы, ал әлхамдулиллаһ таразы 
басын толтырады», - деген өсиетіндегі «тухур» 
сөзі сыртқы тазалықпен қоса тәубе ету, кеші-
рім сұрау (истиғфар), Аллаһқа жалбарыну, 
әрдайым Аллаһтың назарында екенін сезіну
жиі-жиі өз іс-әрекетіне есеп берумен қатар 
шынайы құлшылық ету арқылы жүзеге асатын 
рухани тазаруды да қоса қамтитын кең түсінік. 
Осы айтылғандарды өмірлік қағида ретінде 
ұстанған мұсылманның кәміл иман иесі 
болары анық.
Бұл мәселені екі тұрғыдан қолға алып 
қарастырған жөн. Біріншіден, тазалық сал-
дыр-салақтықтан арылтса, екіншіден, жүректі 
жаман әдеттен, нашар мінез-құлықтан айық-
тырып, тазартады. Міне, жан мен тән та-
залығын камшының өріміндей қатар өрген 
жан «Тазалық – иманның жартысы» деген 
пай ғамбар өсиетін орындаған болады. Алай-
да, иманның жүректе нықтап ұялауы – тек 
Аллаһтың қалауымен болатын дүние. Сайып 
келгенде, адам құлшылық мақсатында таза-
лыққа ден қойып, талпынса, жан дүниесі таза-
рып, сөзсіз оның жүрегіндегі иманы күшеймек.
Тазалыққа қатысты тағы бір айта кетерлік 
мәселе, аяттар мен хадистердің түпкі мә-
ні не үңіліп, зерттеп, зерделеген ғалымдар 
дінімізде жүрек тазалығының бәрінен жоғары 
тұратындығы жайлы тоқтамға келген. Өйткені, 
ардақты пайғамбарымыздың жоғарыда айтыл-
ған хадисінде тек сумен атқарылатын сыртқы 
тазалық айтылмаған. Су арқылы тән кірден 
арыл ғанымен жүрек күнәға белшесінен батса, 
бұның толыққанды тазалыққа жатпасы белгілі. 
Демек, ішкі және сыртқы тазалық өзара үндес-
кенде ғана ол иманның жарты бөлігін құрайды 
[2].
Сондай-ақ тазалыққа байланысты Хадис-
тер былай дейді: «Мұсылманға Аллаһ мін-
деттемеген істің бірі – әр жеті күнде бір рет 
бастан-аяқ жуынып ғұсыл құйынуы»; Қолы 
ет немесе май сасыған күйі қисая кеткен адам 
қандай да бір ауруға тап болса немесе жан-
жануарлар мен жәндіктерден бір зиян шексе, 
онда оған өзінен басқа ешкімді кінәламасын; 
«Тағамның берекеті – тамақтан бұрын және 
кейін қолдың жуылуында»; «Ұйқыдан тұра 
сала қолды үш рет жумайынша басқа ыдысқа 
қол тигізбеңіз, өйткені қолдарыңыздың 
(дененің, ағзаның) қайсысын ұстағанын біле 
алмайсыз»; «Әй, иман келтіргендер! Намазға 
тұрған кезде жүздеріңді, (шынтақтарыңа 
дейін білектеріңді жуыңдар. Бастарыңа мәсіх 
тартыңдар, (тобықтарыңа дейін) аяқтарыңды 
жуыңдар. Жүніп болсаңдар (бой дәретсіз 
болсаңдар) толық тазаланыңдар»; «Тістеріңді 
мисуакпен тазартыңдар. Бұл тазалыққа 
жатады. Тазалық болса иманға жетелейді. 
Иман – иесімен бірге жәннатта»; «Шаш пен 
сақалды саусақпен салалаңыз. Қылдардың 
ара-арасын, түптерін таза ұстауға тырысыңыз. 
Тырнақтарды қысқартыңыз. Өйткені шайтан 
ет пен тырнақ астында жүреді» [2].
Қазақ халық педагогикасы арқылы гигие-
налық тәрбие беру мәселесімен зерттеу 
жұмысын жүргізгеніміздегі тәжірибелік-экс-
перименттік сабағымның толық мазмұнын 
келтіруді жөн көрдім. Менің пікірімше, қазақ 
халқының мақал-мәтелдерін оқушыларға 
ги ги еналық тәрбие беруде пайдаланудың 
жол дары, формалары мен әдістері көп-ақ. 
Оларды сабақта, сыныптан және мектептен 
тыс жұмыстарда пайдалануға әбден болады. 
Тақырыптың мазмұнына сәйкес келетін 
мақал-мәтелдерді материалды өтер алдында, 
сабақты түсіндіру, әсіресе қорытындылаған 


56


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет