84
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
МРНТИ 14.07.09
«СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАНУҒА ҮЙРЕТУ» МОДУЛІНІҢ БІЛІМДІ ҰРПАҚ
ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ПАЙДАСЫ
С. Сұлтанова
«Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп – мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі
Ащысай ауылы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы
Бұл мақалада еліміздегі білім беру жүйесінің жаңа реформаға негізделген түрін өз тә-
жі рибемізде қалай қолдану керектігі айтылады. Оқушылардың сабаққа деген ынтасын жо-
ға рылату үшін әр түрлі әдістер мен тәсілдерді меңгеруіміз керек, оқу әдістемесін жаң ғыр-
туымыз тиіс. Баланы дұрыс сөйлей білуге, дұрыс ойлай білуге дағдыландыруымыз қажет. Өз
жұмысымыздың нәтижесіне қол жеткізу үшін қолданылатын тәсіл таңдалуы керек. Ол тәсіл оқу
ережесіне сай түсінікті болуы шарт. Олар өзара сабақтастық тапқанда педагогикалық нор маның
көрсеткішіне айналып, әдіс дидактикалық сипатқа ие болады. Әрбір оқушыға берілетін білім
олардың танымдық белсенділігін туғызуға бағытталуы тиіс. Білім алуға деген талпынысты,
қызығушылықты, ынта-ықыласты оята білген мұғалім ғана нағыз шәкірттерді тәрбиелей
алады. Осындай мамандар көбейсе, кез келген тақырыпты тек қана қатып қалған ережемен ғана
емес, түрлі әдіс-тәсілдермен көңілге бекітер еді. Ал, көңілге бекітілген нәрсе әруақытта санада
жаңғырып тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: