№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет81/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   104
Байланысты:
ұлттық материал

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
жүргізу адамгершілікті оңды қатынастар 
бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік 
жа сап, қоғамдық бағыттылық пен шығар-
машылық даралаудың бірлігінде оларды 
қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Оқу танымдық іс-әрекеттердің ерекшелік-
терін ескере отырып, төмендегідей ұжымдық 
танымдық іс-әрекеттің, өзіндік және біріккен 
іс-әрекеттердің төмендегідей белгілерін 
көрсетуге болады:

бірыңғай мақсаттың, жалпы мотивтің 
болуы, оқушының қоғамдық маңызды 
мақ сат қа жету үшін ұжым мүшелерінің 
барлығының күшінің біріктірілуінің қажет-
тігін түсінуі;

ұжымның әрбір мүшесінің білімді, 
білікті және дағдыларды меңгерулерін қам-
тамасыз ететін жұмыстар мен қызметтерді 
оқушыларға тиімді бөлініп берілуі;

іс-әрекеттер барысында оқушылар 
арасында өзара жауапкершіліктің және 
тәуелділіктің пайда болуы;

бірігіп жұмыс істеу барысында 
оқушылардың іс-әрекеттерін басқарудың, 
оқушылардың, ұжым мүшелерінің өздерінің 
де кей жағдайда бақылау жасауларының 
қажеттігі;

бірыңғай кеңістік болуы және 
ұжым ның барлық мүшелерінің жеке іс-
әрекеттерінің бір уақытта жүзеге асырылуы;

жалпы нәтижелердің болуы.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер сабақта 
және сабақтан тыс уақытта қолданылатын 
жұмыс түрлерінің жүйесі болуы мүмкін. 
Ұжымдық оқу әрекетінің тұлғаға сол тұлға-
ның өзінің белсенділігіне қарай әсер етуі 
мүмкін, яғни ұжымдық танымдық іс-әрекет 
оқушының белсенділігін талап етеді. 
Оқу шы лардың басым көпшілігі белсен-
ділік танытуы үшін танымдық іс-әрекет 
барысында қалыптасатын белсенді оқу 
әрекеттеріне сүйену қажет.
Белсенді топтар жұмысын ассистент-
тердің, кеңесшілердің, еңбекті ғылыми 
ұйымдастырудың мектебін құрудан бастау 
керек, ал мүшелерін таңдау белсенділердің, 
оқу ұжымының, мұғалімнің қалауы бойынша 
жүргізіледі. Сонымен бірге оқу белсенді 
тобының қызметін оқу ісінің меңгерушісі 
басқарады және ол беделді, өзіндік маңызы 
бар топ болуы керек, оның жүргізген жұмыс-
тарының барысы семинарларда, мектептік 
қорытынды конференцияларда тыңдалып 
отыруы қажет.
Мектеп бағдарламасында тілдің мәнерлеу 
құралдарын тереңірек оқып-үйренуге баса 
назар аударған дұрыс. Әйтпесе, сөз өнерін 
игерудің ғылымилығы төмендейді. Бұл қа-
зіргі жастардың, жалпы көпшіліктің сөзінің 
көбіне-көп жұтаңданып, бір жақтыланып, 
қасаңдаған тұсында керек.
Орта мектепте шешендік өнерге баулуда 
бірізділік керек-ақ. Яғни, шешендік өнерге 
баулу қарапайымнан күрделіге, әліппеден 
бас тап ғылым биігіне қарай жетелеу 
негізінде жүргізілуге тиіс.
Ендігі бір ескертетін үлкен жұмыс – 
оқушыларды шешендік сөйлеу мәдени-
е ті не практикалық жұмыстар арқылы 
машықтандыру. Бір тақырып алып, пікір-
талас тудыру. Оның қарапайым, күрделірек, 
күрделі түрлерін жасаттыру. Шешендік 
өнерге баулуда белгілі бір мәтінді талдаудың 
маңызы зор.
Өз пікірін батыл айту, оның дұрыстығын 
дәлелдеу. Көпшілік алдында бір мәселе ту-
ралы бірнеше вариантты (мазмұны, маңыз-
дылығы, көлемі жағынан) ой түйіндеп үй-
рену – оқушылардың үлкен өмірдегі бас ты 
қажеттілігі. Пікірталас ұйымдастыру, пікір-
талас үстінде жиі қолданылатын әдіс терді 
мең геру пікірдің қонымдылығын, ой дың 
өтімділігін күшейтеді. Сондықтан оқу шы-
ларға ол жөнінде түсінік беріп отыру абзал.
Қорыта келгенде, жалпы орта білім беретін 
мектепте шешендік өнерді пән ретінде оқыту 
аса қажет және оны оқытуды жолға қою үшін 
педагог-мамандардан, әдіскер-ғалымдардан 
оның жалпы дидактикалық және арнайы 
ұстанымдары осы аталмыш пәнді оқытудың 
нақты әдістері мен түрлерін іріктеуді қажет 
етеді.


83


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет