ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ Keywords: education of offspring, effective way, knowledge, skills, personality, behavior, family,
tradition.
Біздің халықтың ұрпақ тәрбиелеуде сан
ғасырлар бойы жинақтаған өзіндік тарихи
тағылымы, ой-пікір қорытындылары ұшан-
теңіз. Олар бүкіл ұлттық болмысымызды
жан -жақты бейнелейтін, басқа ұлттардан
ерекшелігімізді даралап тұратын халқы мыз-
дың даналық тұжырымдары, әдеп әлемінің
айнасы. Уақыт сүзгісінен сүрінбей өткен, сан
ғасырлар бойы санамызға ұялаған жазылмаған
заңдар жазылған заңдардан да өміршең екенін
дәлелдейді. Бірақ тарих сахнасынан өткен
кешегі Кеңес дәуірінде сол асыл мұра, алтын
қазынамызды жабық күйінде қалдырып,
санамыздан сызып тастауға күш салынғаны
жасырын емес. Ендеше, оны заманауи тұр-
ғы дан терең талдап, саралап, өлгенімізді
тірілтіп, өшке ні мізді қайта жаңғыртып, ұрпақ
тәрбиесінде кәдеге жаратуға тиіспіз. Білімді,
жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың
ба ға жетпес қазынасы. Ал, қазақ халқының
ұлт тық тәжірибелері мен тағылымдарының
мол қазынасы халықтық педагогикада жинақ-
талған. Осыдан келіп ұрпақ тәрбие сінің түзу
жолы қалыптасады. Жас ұрпаққа сапалы білім
мен саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін
жоғалтқан емес. Қазір де солай.
Мұғалімнің кәсіптік білімінің үздіксіздігі
оның шығармашылық қабілеттерін дамыту дың
қажетті алғышарты, оның өмір тірші лігінің
біріктірілген элементі және жеке педагогикалық
тәжірибесін ұдайы дамытып отырудың шарты
болып табылады. Менің осы сабақ жоспарын
ұсынуда ең алдымен «оқушыны қалай қы-
зық тыра аламын», «қандай әдіс-тәсілдерді
қолданған қолайлы», «берген білімім сапалы
болуы үшін мен олардың қызығушылығын
арттыра аламын ба» сынды сан мың сұрақтар
болады. Осы сұрақтарға жауап тапқанда ғана
мен білім нің мотивациялық сипатын арттыра
ала мын. Мектеп табалдырығын жаңа атта-
ған 1-сынып оқушылары дүниетану пә-
нін алғаш оқи бастағанда бұл пәннің өзде рі
үшін қаншалықты маңызды екенін тү сін -
ді. Пәнге деген қызығушылықтары біртін-
деп қалыптасты. Себебі, бұл пән күнде-
лікті өмірмен байланыстырылып оқы тыл-
ды. Ұсынылып отырған «Менің отба сым.
От басылық дәстүр» тақырыбының жос па-
рын да да осы мәселеге көп көңіл бөлінді.
Яғни, оқушы отбасы жайлы, отбасындағы
дәстүрлер мен тәрбие жайлы сабақ алмас
бұрын өз отбасы туралы әңгімелейді, отбасы
мүшелерін қалай жақсы көретіндерін айта-
ды. Үйде аталып өтілетін мерекелер жайлы
сөз қозғайды. Жоспар бойынша тақырыпты
аша тын әр түрлі ойындар ойнатылады. От-
ба сылық дәстүрлерге байланысты көпте ген
мәліметтер келтіріледі. Мәселен, «тұсау ке-
сер», «шілдехана» сынды мерекелеріміздің түп
негізінің қайдан шыққаны туралы сөз болады.
«Сен білесің бе?», «Анықта», «Орын дап көр»
сияқты тапсырмалар ар қы лы тақырып жан-
жақты ашылады, оқушы лар дың ойлау, өз ойын
анық жеткізе алу қабілеттері артады. Оқушы
дұрыс сөйлей білуге, дұрыс ойлай білуге
дағдыланады.
Жалпы, білім беруші өз шәкірттерін тек
қана тыңдаушы ретінде емес, әрқайсысын
өз ойын емін-еркін жеткізе алатын жеке
тұлға ретінде көре білуі керек. Ең бастысы,
ұлттық дәстүр мен ұлттық мүддемізге қай шы
келмеуіміз қажет. Қандай тақырып болмасын
оны қызықты етіп өткізу үшін түрлі әдіс-
тәсілдерге сүйеніп, сонымен қоса дүниетаным
қалыптастыра оқыту – басты міндетіміз бо-
лып табылады. Кез келген адам дұрыс ойлай
алса, дұрыс сөйлей біледі. Сол себептен
де, оқушы бойына дұрыс ойлау мен дұрыс
сөйлей білу қабілетін қатар дамытуымыз тиіс.
Ж.Аймауытов айтқандай: «Оқыту – оқулықтан
өмірге қарай емес, өмірден оқулыққа қарай
жүруі тиіс». Бұл 1-сыныпқа өткізілетін барлық
сабақта, соның ішінде ең бастысы дүниетану
сабағында көп назарға алынады. Оқушы
дүниені тану үшін өзін қоршаған ортамен
тығыз байланыста болуы керек. Өйткені,
дүниені тану – ең алдымен өзін танудан,
қоршаған ортасын танудан басталады.
Көрнекті ғалым А.Байтұрсынов мектеп
мұғалімінің баланың табиғатын біліп, көңіл