ҰСТАЗҒА КӨМЕК қалыптасты;
10.Әркім өз ойларын нақты дәлелмен
қорытындылауды үйренді;
Осыған орай, оқушылардың бойында сын
тұрғысынан ойлауға жетелейтін әдіс-тәсіл дер-
ді қолдана отырып, сабақ барысында жақ сы
нәтижеге қол жеткізе бастағанымды байқадым.
Келесі сабағым М. Мәжікеевтің «Болар
бала басынан» тақырыбы болды. Бұл сабақта
да оқушылардың сын тұрғысынан ойлануына
жағдай жасалды. Білім алушылар төрт топ қа
бөлінді. Сыныпта ынтымақтастық атмос фе ра-
сын қалыптастыру үшін «Уәде беремін» атты
шаттық шеңберін пайдаландым. Әр оқушы
өздерін жеке тұлға ретінде түсініп, бір-біріне
уәде берумен сабақ та басталып кетті. Әр топқа
өз есімдері берілді. 1 топ – Ақыл, 2 топ – Қайрат,
3 топ – Білім, 4 топ – Бұлақ деп бөлінді. Сабақта
оқушылардың қызығушылықтарын ояту үшін,
әр топ постер қорғаудан бастады. «Батыр кім?»
тақырыбын әр топ өз түсініктері бойынша бес
минут ішінде өз ойларын ортаға салып, пос-
терді қорғады. Әр топтың бірігіп жұмыс іс-
теу кезінде мына ерекшеліктерді байқадым:
ұтымдылық, ең жақсы түсініктемені табуға
ұмтылу; үзілді-кесілді жауаптарды іздеудің
орны на сұрақ қою; дәлелдерді талап етіп, кез
кеген дәлелді есепке алып отыру; эмоцияға
емес себепке негізделу (бірақ төменде айтылған
өзіндік сана-сезімге қатысты эмоция да болуы
мүмкін); сыңаржақтылықтың болмауы; бар-
лық қорытындыларды бағалау; болжамды
көз қарастар мен мүмкіндіктердің барлығын
қарастыру; баламалы интерпретацияларға
ашық болуға ұмтылу; дәлелдердің деңгейі
мен маңызын мойындау; балама жорамалдар
мен мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе
артықшылығын мойындау; өзіндік эмоция мен
көзқарастардың, сенімдер мен болжамдардың
субъективті екенін сезіну.
Міне, сын тұрғысынан ойлауға үйре ту
тәсілінің іске асуы бізге осындай артық шы-
лық тар алып келеді.
Оқушыларды топқа бөлудің тағы да бір тә-
сі лі бар. Ол тәсілді де айта кеткен жөн. Стол
үстіне түрлі жапырақ стикерлерді қойдым.
Оқушылар таласа-тармаса алып жатты. Олар
таңдаған стикерлеріне байланысты топқа бө-
лін ді. Осылайша, сынып оқушылары өзін-өзі
реттеуге үйреніп қалғандарын көрсете бастады,
ынтымақтаса жұмыс істеуге дағдыланды.
Ме нің өзіме түйген ойым, бұдан былай да
ынтымақтастық атмосферасын орнатуда басқа
да қызықты әдістерді қолданып отыру қажет
екен. Мәселен, допты лақтыру арқылы үйге
берілген тапсырманы сұраудан бастауды жөн
көрдім. Бұл жерде оқыту мен оқудағы жаңа
тәсілдерді басшылыққа ала отырып, сабақты
бастау керектігін білдім. Сабақ барысында
оқушылардың өзара білім алмасу мен мұғалім
мен оқушы арасындағы байланыстың негізгі
құралы диалог көрініс тапты. Бұл әдіс сабақта
оқушылардың қызығушылығын арттырумен
қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес
қосатын бірден бір мүмкіндік болды. Осы
саба ғымда оқушылардың өзара қарым-қа-
ты насы оқуда маңызды рөл атқаратынын
білдім. Сыныптағы жиырма үш оқушының
бар лығы дерлік жұмысқа қызу кірісті. Осын-
дай белсенділікті жоғалтып алмас үшін бола-
шақ та дарындылықты дамытуға арналған
тап сырмалар түрін көбейту керектігін ескеру
керек деп ойлаймын. Мағананы тану кезеңінде
«Оқыту мен оқудағы АКТ- ны пайдалану»
модулін ықпалдастыра отырып, бейнетаспа
мен электронды оқулық материалдарын да
пайдаланған қолайлы.
Жалпы айтқанда, сын тұрғысынан ойлау
көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы
шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әре-
кет тің жаңа немесе түрлендірілген тәсіл дерін
енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйым-
дастырылған қоғамдық әрекеттерге бейімділік
пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға
бау луды білдіреді. Мен болашақта сыни тұр-
ғы да ойлана білетін, жан-жақты білімді,
ынта лы оқушылардың көбейетініне сенемін.
Болашақта менің оқушыларым сыни тұрғыдан
ойлай алатын, өз ойын толық жеткізе білетін,
сөйлеу тілі дамыған, топпен және жұптасып
жұмыс істеуді білетін талантты және дарынды
жеке тұлға болып қалыптасатынына кәміл
сенемін.