64
Қайран басым, Майсарадай айдарлы!
«Сҥйем сені» деп жылаған ҥздіксіз
Жалғыз сӛздің қайнарына айналды.
Ақ бетіңнен бір ӛпкен кҥн ӛр едім,
Бейшораның кҥнін қалай кӛремін?
Қайрылмай қайда кетіп барасың,
Қара көзбен ішіп-жеген қорегім?! (Ж. Жақыпбаев).
Ал прозалық туындылардағы алғашқы сөйлем мен соңғы сөйлемнің
арасындағы семантикалық байланыс қайшылыққа, іліктестікке, параллельге
негізделіп,
оқырман
үшін
мәтіннің
біртұтастығын,
модальділігін
интеграциялауға қызмет етеді. Мысалы, М. Мағауиннің «Алтыбақаннан соң»
әңгімесінің бастапқы және соңғы күрделі
синтаксистік тұтастықтары
кейіпкердің өзгеру жолын мазмұнындағы барлық оқиғаны баяндамай-ақ
көрсете алатыны даусыз. Үш абзацтан тұратын күрделі синтаксистік
тұтастықтарда авторлық баяндаумен Қосайдардың өзі туралы пікірі беріледі,
автордың субъективті көзқарасын - екіұдайылықты - атаулы сөйлемдерден,
парцеллят мүшелерден аңғаруға болады. Осы қайшылықты пікір соңғы
күрделі синтаксистік тұтастықтармен нақтыланады.
Жалпы алғанда, қаламгер тілдік-стилистикалық құралдар арасынан
таңдап, іріктеп алған әрбір бірлік оқырман үшін ұсыну қызметін атқара
алады, тек ол сюжеттік желіні ғана қуаламай, шығарма неге, несімен маған
ұнады, жағымды-жағымсыз әсер қалай туды деген сұрақтарға ойша жауап
іздеуі тиіс.
Ұсыну қағидатына сәйкес қызмет атқаратын
стилистикалық-тілдік
құралдар әр шығармада түрліше кездеседі және олардың өздерін әр оқырман
өз деңгейіне сай танып, қабылдай алады.
Сонымен ұсыну қағидатына сай оқырман мәтіндегі аса маңызды деген
позицияларға, жайттарға, кейіпкерге назар аударып, оларды тұтас мәтіндегі
басқа оқиғалармен бірлікте қарастыру нәтижесінде ондағы мазмұндық-
концептуалды, мазмұндық-астарлы ақпарды өз мүмкіндігінше түсініп,
қабылдай алады.
СҰРАҚТАР:
1. Автор стилистикасы және қабылдау стилистикасы
2. Қабылдау стилистикасындағы ҧсыну қағидатының типтері
3. Мәтіннің кҥшті позициялары
4. Мәтінаралық байланыстар лингвистикасы
5. Мәтінаралық байланыстар тҥрлері
6. Эпиграфтар қызметі
ТАПСЫРМАЛАР:
А) Қабылдау стилистикасындағы ҧсыну қағидатының типтері туралы
ғылыми еңбектер бойынша реферат дайындаңыз.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
65
Ә) Мәтіннің кҥшті позицияларына қатысты ӛз ойыңызды айтыңыз, мысалмен
дәлелдеңіз.
Б) Бірнеше кӛркем
мәтін эпиграфын жазып, оның мәтін семантикасына,
интерпретациясына ықпалын кӛрсетіңіз. Эпиграфтардың дереккӛзін
анықтаңыз.
В) М. Жҧмабаев, Г. Салықбай, Е. Раушанов ӛлеңдеріндегі мәтінаралық
байланыстар қай деңгейде екені анықтаңыз, автордың мақсатын нақтылаңыз.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
66
4. МӘТІННІҢ ВЕРБАЛДЫ ҚАБАТЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
1.Кӛркем мәтіндегі фонетикалық, лексикалық қҧралдар қызметі
2. Кӛркем мәтінде тақырыптық ӛріс қҧраушы бірліктер
3. Кӛркем мәтіндегі концепт және концептілік қҧрылымдар
4. Кӛркем мәтіндегі сентенциялар
5. Кӛркем мәтіндегі авторлық-индивидуалды қолданыстар
6. Кӛркем мәтіндегі интертекстуалды байланыстар
Кез келген қаламгер белгілі бір объективті шындықты бейнелеу ҥшін
белгілі бір тәсілді,
жанрды қолданатыны, жалпыхалықтық тілден ӛзінің ой-
пікіріне сай сӛздерді таңдап, сҧрыптап алатыны және оларды лайықты, тиімді
синтаксистік қҧрылымда жҥйелейтіні мәлім. Демек, суреткер ӛз ойын,
кӛзқарасын, әлемді тҥйсінуін басқаға дәл, нақты, әсерлі, бейнелі жеткізуде
тілдің экспрессивті қҧралдарын ӛз қажетіне мейлінше уәжді жеткізуге
тырысады. Мҧндайда тілдің синонимия, антонимия, омонимия, полисемия,
фразеология сияқты эмоционалды-экспрессивті әлеуеті мол қҧралдары мен
сезімге, санаға етер конструкциялармен қатар,
мақал-мәтелдердің, қанатты
сӛздер мен афоризмдердің стильдік қызметі айрықша ескеріледі. Бҧл, әрине,
суреткердің ӛзіндік мәнер-қолтаңбасына, шеберлігіне тікелей байланысты.
Шеберлігі жоғары қаламгердің шығармасы арқылы берілген ақпардың
адресатқа жетуі, оқырманды ойландыруы, оның кӛңілінде тҥрлі
ассоциациялар тудыруы, оның рухани деңгейін кӛтеріп, интеллектуалдық
әлеуетін арттыруға, жан-жақты жарасымды дамуына, сол арқылы қоғамды
жақсартуға, жетілдіруге ҥлес қосады.
Шеберліктің ең негізгі шарты - талант және тіл (сӛз) шеберлігі (талант,
еңбек, ӛмірлік бай тәжірибе, байқампаздық, тіл (сӛз)
шеберлігі, жазу
техникасына жетіктік, ҥнемі ҥйрену). Ал тіл шеберлігі – жазушы қолданып
отырған сӛздің дәлдігі, ықшамдығы, әсерлілігі.
Кӛркем мәтін дыбыс арқылы жасалған сӛздерден тҧрады, сондықтан
оның оқырманға тҥсінікті, қабылдауына жеңіл болуына фонетикалық
қҧралдар ерекше ықпал етеді.
Мәтіннің дыбыстық жағынан бірыңғай ҥйлесімді берілуін фоника
қарастырады, яғни кӛркем мәтіннің дыбыстық қҧрылымының әуезділігі мен
ҥйлесімділігі оның эстетикалық әсерін кҥшейтетінін кӛрсетеді.
Кӛркем мәтіндегі фонетикалық қҧбылыстарға қатысты ең бірінші
айтылатыны - дыбыстық қайталамалар. Бҧл ӛте ертеден белгілі тәсіл мәтінде
стильдік және мәтінтҥзушілік қызмет атқарады. Дыбыстық қайталамалар
қатарлас дыбыстардың, тҥбірлес дыбыстардың,
бірыңғай дыбыстардың
қайталануына негізделеді.
Дыбыстық қайталамалардың аллитерация, ассонанс, дыбыстық анафора,
дыбыстық эпифора, ҧйқас, ырғақ, дыбысқа еліктеу, ішкі ҧйқас,
паронимиялық аттракция сияқты тҥрлері бар.
Дыбыстық қайталама терминін ғылыми айналымға алғаш енгізген
О.Брик, негізінен, дауыссыз дыбыстардың қайталануына назар аударған
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
67
болатын. Прозаға қарағанда поэзиялық шығармаларда дыбыстық
қайталамалар жиі қолданылады, себебі дыбыстың қайталануы сӛзге әсерін
тигізіп, олардың арасында тығыз байланыс орнатады.
Дыбыстық анафора – дауысты, дауыссыз дыбыстар тіркесінің
қайталануы (аллитерация мен ассонанс). Оны дыбыстық анафора және
дыбыстық эпифора деп деп бӛледі:
Достарыңызбен бөлісу: