3. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға немесе зағиптарға қызмет
көрсететін "Мүгедек" деген таным белгілері бар көлік құралдарының
жүргізушілері елді мекендердегі аялдауға тыйым салатын жол белгілері
қолданылатын аймақта көлік құралын тірек-қимыл аппараты бұзылған
адамдарды немесе зағиптарды отырғызу немесе түсіру үшін тоқтатады.
4. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамды немесе зағипты қолынан
жетектеп межелі жеріне және кері алып жүретін, тірек-қимыл аппараты
бұзылған адамға немесе зағипқа қызмет көрсететін "Мүгедек" деген таным
белгілері бар көлік құралының жүргізушісі елді мекендерде көлік құралын осы
бөлімнің 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларда тоқтатады.
Жол жүрісі қағидаларына
1-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: