ПДД Қазақстан
Жол жүрісі қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жол жүрісі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан
Республикасының бүкіл аумағындағы жол жүрісінің бірыңғай тәртібін
белгілейді.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автомагистраль
– көлік құралдарының жүруі үшін жобаға сәйкес
арнайы салынған немесе реконструкцияланған, жол бойындағы иеліктерге
қызмет көрсетпейтін жол. Оған тек басқа жолдардан ғана әртүрлі деңгейлердегі
жол айрықтары арқылы өтуге болады. Бұл жолдың:
бір-бірінен жүруге арналмаған бөлу жолағымен бөлінген, әртүрлі бағытта
жүру үшін бөлек жүру бөліктері бар;
басқа жолдармен, теміржолдармен және трамвай жолдарымен және жаяу
жүргінші жолдарымен бір деңгейде қиылыстары жоқ;
автомагистральға кіру кезінде 5.1 белгісімен және шығу кезінде 5.2
белгісімен автомагистраль ретінде арнайы белгіленген (осында және бұдан әрі
жол белгілерінің нөмірленуі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес келтіріледі);
2) автобус — жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған, онда
жүргізуші орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автомобиль;
3) автомобиль – адамдар мен жүктерді тасымалдау олар үшін қосымша
функция болып табылатын ауыл шаруашылығы тракторларын немесе
механикалық көлік құралдарын қоспағанда, жолдарда жүруге және олармен
адамдарды, жүктерді немесе үстіне орнатылған жабдықты тасымалдауға немесе
адамдарды, жүктерді немесе үстіне орнатылған жабдықты тасымалдауға
арналған көлік құралдарын сүйретуге арналған, оның ішінде троллейбустарды
қоса алғандағы механикалық көлік құралы. Бұл ұғым тракторлар мен өздігінен
жүретін машиналарға қолданылмайды;
4) автопойыз — тіркемеге (тіркемелерге) тіркелген механикалық көлік
құралы;
5) артықшылық (басымдық) - жол жүрісіне басқа қатысушылармен
салыстырғанда белгіленген бағытта бірінші кезекте жүру;
6) ауыр салмақты көлік құралы - толық массасы немесе жүктеменің оның
осі бойынша бөлінуі осы жол санаты мен ондағы құрылыстар үшін рұқсат
етілген шекті жүктеме мөлшерінен асатын жүгі бар немесе жүксіз көлік құралы;
7) аялдау — көлік құралының жүрісін 5 минутқа дейін не егер бұл
жолаушыларды отырғызу немесе түсіру, көлік құралын тиеу немесе түсіру үшін
қажет болса, одан да көбірек уақытқа әдейі тоқтату (көлік құралының жүрісін
жол жүрісін ұйымдастыруға орайластырып тоқтату қажеттілігі аялдау (тоқтап
тұру) болып саналмайды);
8) багаж - буып-түйілген және Жолаушыларды және багажды автомобиль
көлігімен тасымалдау қағидаларында белгіленген нормалар шегінде автобустың,
шағын автобустың багаж бөлімшесінде немесе автобусқа, шағын автобусқа
ілесіп жүретін багаж автомобилінде, сондай-ақ тасымалдаушымен қосымша
келісімнің негізінде таксиде тасымалданатын жолаушы мүлкі;
9) басты жол - қиылысатын (қосылатын) жолдарға қатысты 2.1, 2.3.1-2.3.3-
белгілерімен немесе 5.1 белгісімен белгіленген жол немесе қиыршық тас
төселген жолдарға қатысты қатты (асфальтталған, цементті-бетондалған, тас
материалдар және сол сияқты) жол. Екінші дәрежелі жолда тікелей қиылыс
алдында төселген учаске болғанымен, ол қиылысатын жолмен тең болып
саналмайды;
10) басып озу – жүріп келе жатқан жолағынан шығумен және кейіннен
бұрын жүріп келе жатқан жолағына қайта түсумен байланысты алдында жүріп
келе жатқан бір немесе бірнеше көлік құралынан озып кету;
11) бөлу жолағы - жолдың аралас жүру бөлігін бөлетін және жолды елді
мекеннен тыс кесіп өткен кезде жаяу жүргіншінің мәжбүрлі тоқтауын
қоспағанда, рельссіз көлік құралдарының және жаяу жүргіншілердің жүруіне
және тоқтауына арналмаған конструкциялық бөлінген элементі;
12) велосипед — екі немесе одан көп дөңгелегі бар (мүгедектерге арналған
кресло-арбалардан басқа) және оның үстіндегі адамдардың дене күшімен
қозғалысқа келтірілетін көлік құралы;
12-1) велосипедші – велосипедті басқаратын адам;
12-2) велосипед жолы – велосипедтердің жүруіне арналған және тиісті
белгімен белгіленген жеке жол немесе жолдың бір бөлігі. Велосипед жолы басқа
жолдардан немесе нақ сол жолдың басқа элементтерінен конструктивтік түрде
бөлінеді;
12-3) велосипед жүретін жолақ – жолдың жүру бөлігінің велосипедтер
жүруге арналған жолағы. Велосипед жүретін жолақ жолдың басқа жүру
бөлігінен ұзына бойындағы жол таңбасы және арнайы белгілер арқылы бөлінеді;
13) газон - өсімдіктерді отырғызу және саябақ ғимараттары үшін фон болып
табылатын жасанды шөп жабыны бар жер учаскесі;
14) гүлзар - ондағы өсімдіктер өрнекті немесе суретті бейнелейтін
геометриялық пішін түріндегі жер учаскесі;
15) елді мекен - оған кіретін және шығатын жерлері 5.22 - 5.25 белгілермен
белгіленген, құрылыс салынған аумақ;
16) жаяу жүргінші - жолда көлік құралынан тыс жерде тұрған және онда
жұмыс жүргізіп жатпаған адам. Мүгедектерге арналған кресло-арбалармен
жүріп-тұратын, велосипедті, мопедті, мотоциклді жетелеп әкеле жатқан, шана,
арба, балалар арбасын сүйретіп келе жатқан жеке адамдар жаяу жүргіншілерге
теңестіріледі;
17) жаяу жүргіншілер өткелі - жүру бөлігінің 5.16.1, 5.16.2 белгілерімен
және (немесе) 1.14.1 - 1.1.14.3 таңбаларымен белгіленген және жаяу
жүргіншілердің жолдан өтуі үшін бөлінген жолдың жүру бөлігінің учаскесі.
Таңба болмаған жағдайда, жаяу жүргінші өткелінің ені жол осі бойынан 5.16.1
және 5.16.2 белгілерінің арасындағы арақашықтықпен айқындалады (осында
және бұдан әрі жол белгілерінің нөмірленуі осы Қағидаларға 2-қосымшаға
сәйкес жүргізіледі);
18) жеткіліксіз көріну — тұман, жаңбыр, шаң, қар жауу және сол сияқты
жағдайларда, сондай-ақ қаракөлеңкеде жолдың 300 метрден кем көрінуі;
19) жолаушы — көлік құралының үстінде (ішінде) отыратын және оны
басқармайтын адам;
20) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдау
-
тұрақты тасымалдауға жатпайтын, белгіленген тәртіппен берілген
лицензиялары бар тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды
пайдалана отырып жүзеге асыратын тасымалдаулар;
21) жол – "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және
осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен көлік құралдары мен жаяу
жүргіншілердің жүруі үшін жайғастырылған немесе ыңғайластырылған және
пайдаланылатын жердің барлық бөлінген жолағы не жасанды құрылыстың үсті.
Жол бір немесе бірнеше жолдың жүру бөліктерін, сондай-ақ трамвай жолдарын,
тротуарларды, жол жиектерін және олар болған кезде бөлу жолақтарын
қамтиды;
22) жол беру (кедергі туғызбау) - жол жүрісіне қатысушы, егер бұл оған
қатысты артықшылығы бар жол жүрісіне басқа қатысушылардың жүру бағытын
немесе жылдамдығын өзгертуге мәжбүр етуі мүмкін болса, жүруді
бастамайтынын, қайта бастамайтынын немесе жалғастырмайтынын, қандай да
болмасын маневрді жүзеге асырмайтынын білдіреді;
23) жол жиегі – жолдың жүру бөлігімен тікелей қосылатын және жер
қыртысының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, жол жүрісі қауіпсіздігін
арттыруға,
жаяу
жүргіншілер
мен
велосипедшілердің
қозғалысын
ұйымдастыруға, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде пайдалануға арналған
жолдың элементі;
24) жол жүрісі — жолдар шегінде адамдар мен жүктерді көлік құралдары
арқылы немесе оларсыз тасымалдау процесінде туындайтын қоғамдық
қатынастар жиынтығы;
25) жолдың жүру бөлігі - көлік құралдарының жүруі үшін пайдаланылатын
жолдың бір бөлігі;
26) жол жүрісіне қатысушы — жол жүрісі процесіне жаяу жүргінші,
жолаушы немесе жүргізуші ретінде тікелей қатысатын адам;
27) жол жүрісінің қауіпсіздігі - қатысушыларының жол-көлік оқиғалары
мен олардың зардаптарынан, сондай-ақ жол жүрісінің экологиялық жағдайға,
халықтың дене саулығына теріс әсерінен қорғалу дәрежесін көрсететін жол
жүрісінің жай-күйі;
28) жол жүрісін ұйымдастыру - жол жүрісін басқару жөніндегі ұйымдық-
құқықтық, нормативтік-әдістемелік, жобалау-іздестіру, ұйымдық-техникалық,
бақылау-қадағалау, өкімдік және басқа да іс-шаралар кешені;
29) жол-көлік оқиғасы - көлік құралының жолдағы қозғалысы процесінде
және оның қатысуымен туындаған, адамның денсаулығына зиян келтіруге,
өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне не өзге
материалдық залалға әкеп соққан оқиға;
30) жол қиылысы – жол қиылысы ортасынан неғұрлым алыс, тиісінше
қарама-қарсы жолдың жүру бөлігінің дөңгелене бастайтын жерлерін жалғап
тұратын жорамалданған сызықтармен шектелген жолдардың бір деңгейде
қиылысу, қосылу немесе тармақталу орны. Іргелес аумақтардан шығу, сондай-ақ
олардың алдынан басымдық белгілері қойылмаған дала, орман, тұрғын
аймақтарынан шығу және басқа да қосымша жолдармен қиылысу (қосылатын)
орындары жол қиылысы болып саналмайды;
31) жүргізуші - көлік құралын басқаратын адам, жол бойымен мал табын,
жүк артылған, жегілген немесе мініс малын айдаушы;
32) жүксіз масса — көлік құралының экипажсыз, жолаушылар мен жүксіз,
бірақ толық отын қоры мен қажетті құрал-сайман жиынтығы бар массасы;
33) жүкті масса - тиелген көлік құралының, экипаж бен жолаушылардың
нақты массасы;
34) жолдың жүру бөлігінің шеті - таңбалау сызығымен, ол жоқ болғанда,
сондай-ақ жолдың жүру бөлігінің трамвай жолдарымен жол шетінде жанасатын
жерлерде жол жабыны өтетін шартты сызықпен айқындалады. Жол жабынының
жиегін, оның ішінде жол жағдайлары бойынша айқындау мүмкін болмаған кезде
жолдың жүру бөлігінің шетін таптаурын жолақтың шеті бойынша жол жүрісіне
қатысушы өзі айқындайды;
35) жүру жолағы — жолдың жүру бөлігінің ұзына бойғы таңбамен
белгіленген немесе белгіленбеген және автомобильдің бір қатарда жүруіне
жетерлік ені бар кез келген ұзына бойғы жолағы;
36) жүруге кедергі - осы жолақ бойымен жүруді жалғастыруға мүмкіндік
бермейтін жүру жолағындағы қозғалмайтын объект. Кептеліс немесе осы жүру
жолағында Қағидалардың талаптарына сәйкес тоқтаған көлік құралы кедергі
болып табылмайды;
37) жүру үшін қауіптілік - оның барысында нақ сол бағытта және нақ сол
жылдамдықпен жүрісті жалғастыру жол-көлік оқиғасының туындау қаупін
тудыратын жол жүрісі процесінде туындайтын ахуал;
38) қатар ауыстыру — көлік құралының өзі жүріп келе жатқан жүру
жолағын бастапқы жүру бағытын сақтай отырып ауыстыруы;
39) қауіпті жүк — тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу және
сақтау кезінде оған тән қасиеттерге және ерекшеліктерге байланысты
жарылыстың, өрттің немесе техникалық құралдардың, қондырғылардың,
ғимараттар мен құрылыстардың зақымдануының, сондай-ақ адамдар,
хайуанаттар өлімінің, жарақаттануының немесе сырқаттануының, қоршаған
ортаға зиян келтіру себебі болуы мүмкін жүк;
39-1) қоғамдық көлік – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты
және тұрақты емес тасымалдауларды жүзеге асыратын, көпшілік пайдаланатын
көлік, сондай-ақ такси;
40) көлік құралы - адамдарды, жүктерді немесе үстіне орнатылған
жабдықты жолдармен тасымалдауға арналған құрылғы;
41) күндізгі жүру жарықтары - тәуліктің жарық уақытында жүріп келе
жатқан көлік құралының алдынан көрінуін жақсартуға арналған сыртқы жарық
беру аспаптары;
42) маневр жасау - қозғалыстың аялдамадан (тұрақтан) басталуы, аялдау,
бұрылу (кері бұрылу), орын ауыстыру, тежеу және көлік құралының артқы
жүріспен қозғалысы;
43) маршруттық көлік құралы - жол бойымен жолаушыларды
тасымалдауға арналған және белгіленген аялдама пункттері (аялдамалары) бар
белгіленген маршрутпен жүретін жалпы пайдаланудағы көлік құралы (автобус,
троллейбус, трамвай);
44) мәжбүрлі аялдау - оның техникалық ақауынан немесе ол әкеле жатқан
жүк тудырған қауіптіліктен, жүргізушінің (жолаушының) жай-күйінен, жолда
кедергі пайда болуынан көлік жүрісінің тоқтауы; Ережеге бағынып тоқтау
Достарыңызбен бөлісу: |