Пдд қазақстан Жол жүрісі қағидалары Жалпы ережелер


мәжбүрлі болып саналмайды



Pdf көрінісі
бет2/35
Дата31.10.2022
өлшемі1,97 Mb.
#46414
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
ПДД 2022 - Жаңа формат @baizhumaev

мәжбүрлі болып саналмайды.
 
45) механикалық көлік құралы - мопедтер мен рельстік көлік құралдарын 
қоспағанда, қозғалтқышпен қозғалысқа келтірілетін, өздігінен жүретін жол көлік 
құралы. Ұғым тракторлар мен өздігінен жүретін машиналар жол жүрісіне 
қатысқан кезде оларға да қолданылады;
46) мопед – цилиндрінің көлемі елу текше сантиметрден аспайтын іштен 
жану қозғалтқышымен не электр қозғалтқышпен жабдықталған және ең жоғары 
конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден аспайтын екі немесе үш 
дөңгелекті көлік құралы. Мопедтерге аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер, 
мокиктер, скутерлер және осыған ұқсас сипаттамалары бар басқа да көлік 
құралдары теңестіріледі;
47) мотоцикл - қозғалтқышы бар, бүйір тіркемесімен немесе онсыз екі 
дөңгелекті механикалық көлік құралы. Мотоциклдерге жүктемесіз салмағы төрт 
жүз килограмнан аспайтын үш және төрт дөңгелекті көлік құралдары, 
цилиндрінің көлемі 50 текше сантиметрден асатын скутерлер және осыған ұқсас 
сипаттамасы бар басқа көлік құралдары теңестіріледі;
47-1) озып шығу – көлік құралының бір бағытта, көрші жолақпен жүріп келе 
жатқан көлік құралының жүріс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен жүруі;
48) рұқсат етілген ең жоғарғы масса - жасаушы-кәсіпорын ең жоғары 
рұқсат етілетін ретінде белгілеген, көлік құралының жүк тиелген, жүргізуші мен 
жолаушылары бар массасы. Көлік құралдары құрамының, яғни тіркелген және 
біртұтас ретінде қозғалатын рұқсат етілген ең жоғары масса көлік құралының 
құрамға кіретін ең жоғары рұқсат етілген массасының жиынтығы болып 
қабылданады;
49) реттеуші - жолдағы жүрісті басқару бойынша реттеу іс-әрекеттерін 
орындауға уәкілетті, тиісті куәлігі мен жабдығы (нысандық киімі немесе 
айырым белгісі — қолына тағатын байлауышы, ала таяғы, қызыл белгісі не 
жарық шағылыстырғыш дискісі, қызыл шам немесе жалаушасы) бар, тәуліктің 
кез келген уақытында танылатын және көрінетін ішкі істер органдарының
әскери полиция қызметкері немесе жол-коменданттық бөлімшенің әскери 
қызметшісі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі 
көліктік бақылау органдарының (бұдан әрі - көліктік бақылау органдары) 
қызметкері, жол-пайдалану қызметінің қызметкері, теміржол өткеліндегі, паром 
өтпесіндегі кезекші;


49-1) такси – Автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау 
қағидаларына сәйкес жабдықталған жолаушылар мен багажды автомобильмен 
тасымалдауға арналған жеңiл автомобиль;
50) тәуліктің қараңғы уақыты — кешкі қара көлеңкеден таңертеңгі елең-
алаңға дейінгі уақыт аралығы;
51) теміржол өтпесі — жолдың темір жолдармен бір деңгейде қиылысуы. 
Жақын жердегі рельстен 10 м арақашықтықта жорамалданған сызықпен 
шектелген жол учаскесі өтпенің шекарасы болып табылады;
52) тоқтап тұру - көлік құралының жүрісін жолаушыларды отырғызуға 
немесе түсіруге не көлік құралын тиеуге немесе түсіруге байланысты емес 
себептер бойынша бес минуттан асатын уақытқа әдейі тоқтату;
53) тротуар - жолдың жүру бөлігіне қосылған немесе одан газонмен 
бөлінген, жаяу жүргіншінің жүруіне арналған жол бөлігі;
54) тұрғын аймақ - 5.38 белгісімен белгіленген учаске, құрылыс салынған 
аумақ немесе алқап;
55) тіркеме - қозғалтқышпен жабдықталмаған және механикалық көлік 
құралының құрамында жүруге арналған көлік құралы. Ұғым жартылай 
тіркемелер мен ұзартылмалы тіркемелерге де қолданылады;
56) ұйымдасқан жаяу жүргіншілер легі - осы Қағидалардың 3-бөлімі 2-
тармағының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған және белгіленген жолмен 
жүріп бара жатқан жаяу жүргіншілер тобы;
57) ұйымдасқан көлік легі - көк түсті жарқылдақ маягі немесе көк және 
қызыл түсті маягі іске қосылған бас көлік құралы ілесіп жүретін, фаралары 
үнемі жанып тұрған, бір жүру жолағымен тікелей бірінің артынан бірі жүріп 
келе жатқан үш немесе одан да көп механикалық көлік құралдарының тобы;
57-1) шектеулі көріну – жүргізушіге жергілікті жердің бедерімен, жолдың 
геометриялық 
параметрлерімен, 
өсімдіктермен, 
салынған 
үйлермен, 
құрылыстармен немесе өзге де объектілермен, оның ішінде көлік құралдарымен 
шектелген жүріс бағытындағы жолдың 100 метрден кем көрінуі;
57-2) іргелес аумақ – жолға тікелей іргелес және көлік құралдарының тура 
жүруіне арналмаған аумақ. Іргелес аумақ бойымен жүру осы Қағидаларға сәйкес 
жүзеге асырылады;
58) ірі көлемді көлік құралы - көлемі нормативтік құқықтық актілерде 
белгіленген көлем мөлшерінен асатын, жүгі бар немесе жүксіз көлік құралы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет