1.23-маршруттық көлік құралдарына және басқа да қоғамдық көлікке
арналған арнайы жолақты көрсетеді.
1.1 - 1.3 сызықтарын кесіп өтуге тыйым салынады.
1.1 және 1.2 сызықтарын көлік құралының жол жиегіне тоқтауы үшін, ал 1.1.
сызығын ерекшелік ретінде, егер оны бұл ерекшелікті қолданбай орындау
мүмкін болмаса, кедергіні айналып өту кезінде кесіп өтуге жол беріледі.
1.4 сызығы маршруттық көлік құралдарына қолданылмайды.
1.5. — 1.8 сызықтарын кез келген жағынан кесіп өтуге рұқсат етіледі.
1.9 сызығын реверстік бағдаршамдар жоқ болғанда немесе олар сөніп
тұрғанда, егер ол жүргізушінің оң жағында орналасса кесіп өтуге рұқсат етіледі;
реверстік бағдаршамдар қосулы кезде - егер ол жүру бір бағытта рұқсат етілген
жолақтарды бөліп тұрса, кез келген жағынан кесіп өтуге рұқсат етіледі.
Реверстік бағдаршамдар сөніп тұрса, жүргізуші дереу 1.9 таңбасының
сызығынан оңға орын ауыстырады.
Қарама-қарсы бағыттардың көлік ағындарын бөлетін 1.9 сызығын реверстік
бағдаршамдар сөніп тұрған кезде кесіп өтуге тыйым салынады.
1.10 сызығының күші I және II топтағы мүгедектер басқаратын немесе
осындай мүгедектерді тасымалдайтын көлік құралдарына және таксометрі іске
қосулы таксилерге қолданылмайды.
1.11 сызығын үзік сызық жағынан, сондай-ақ басып озу немесе айналып өту
аяқталғаннан кейін ғана тұтас жағынан кесіп өтуге рұқсат етіледі.
Алып жүретін тақтада орналасқан уақытша жол белгілері мен таңба
сызықтарының мәні бір-біріне қайшы келетін жағдайларда жүргізушілер
белгілерді басшылыққа алуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: