Арнайы тарихи пәндер және оқыту технологиясы кафедрасының магистратура бойынша емтихан сұрақтарының бағдарламасы


ІІ Бөлім  ҚАЗАҚСТАН ОРТА ҒАСЫРЛАРДА



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата31.10.2022
өлшемі444,13 Kb.
#46425
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
6M011400 kz

ІІ Бөлім 
ҚАЗАҚСТАН ОРТА ҒАСЫРЛАРДА 
 
Ежелгі түрік мемлекетінің құрылуы. Қазақстан тарихындағы Түркі дәуірі және оның 
тарихтағы маңызы. Түркілер мемлекеттілігінің құрылуы. Қоғамдық құрылымы және 
шаруашылығы. Қағанаттар дәуірі. Қағанаттардың әлеуметтік-этникалық тарихы. 
Қыпшақ хандығы. «Дешті қыпшақ». Қыпшақтардың этникалық тарихының негізгі 
кезеңдері. Шығу тегі және ішкі этникалық құрамы, қоныстануы. Қыпшақтардың Орталық Азия 
және Оңтүстік-Шығыс Европаның көршілес халықтарымен саяси қарым-қатынасы. Моңғол 
жаулап алуына дейінгі кезеңдегі қыпшақтардың қоғамдық құрылысы мен мемлекеттілігік 
формасы. Қыпшақтардың қазақ халқының қалыптасуындағы ролі.
Қазақстан Алтын Орда құрамында. Алтын Орданың этникалық-саяси құрылымы және 
мемлекеттік-әкімшілік құрылысы. Алтын Орда мемлекеттеріндегі ұлыстық жүйенің қалыптасуы. 
Тақ үшін талас. Алтын Орданың халықаралық байланыстары. Алтын Орданың Евразиядағы 
тарихи оқиғаларға әсері. 
XIV-XVғғ. басындағы Қазақстанның саяси дамуы. Ақ Орда. ХҮІ-ХҮ ғғ. Қазақстан 
аумағындағы мемлекеттер. Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы саяси жағдай, этникалық-
мәдени даму. ХІҮ ғ. Ақ Орда. Ақ Орданың мемлекеттік және әкімшілік құрылысы.  
Қазақ хандығының және халқының қалыптасуы: кезеңдері, ерекшеліктері, проблемалар. 
Қазақ мемлекеттілігі туралы қазіргі пікір таластар. Жәнібек пен Керей хан ұлысының Жетісуға 
көшіп келуі (1459). Қазақ мемлекеттілігінің құрылуы. Жәнібек пен Керей билігінің өзбек-қазақ 
ұлысында беки түсуі. 
Қазақ халқының құрамына енген этникалық компоненттер. Мырза (Мұхаммед) Хайдар 
Дулатидың (1500-1551) «Тарихи Рашидиі» Қазақ хандығының ерте тарихы жөнінде. Тарихи 
әдебиеттегі «қазақ» этнонимі. Өтеміш қажының «шыңғыс-наме» шығармасы қазақ халқының 
қалыптасуы тарихын зерттеудегі негізгі дерек. 
Тәуке хан басқарған дәуірдегіқазақ хандығының нығаюы. Тәуке ханның заңдары (1680-
1715). «Жеті Жарғы». Тәуке хан тұсында билердің ықпалының күшеюі. Тәуке ханның үш жүзді 
біріктіру әрекеті. Қазақстанның Орта Азия, Сібір хандықтарымен қарым-қатынасы. Қазақстанның 
Ресеймен дипломатиялық байланыстары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет