Арнайы тарихи пәндер және оқыту технологиясы кафедрасының магистратура бойынша емтихан сұрақтарының бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата31.10.2022
өлшемі444,13 Kb.
#46425
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
6M011400 kz

 
 
 
 
 


«ЖАЛПЫ ТАРИХ» ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ 
Әлем тарихының кезеңдері және оған сипаттама беру. Әлем тарихының кезеңдерге 
бөлінуі, оның заңдылықтары мен дамуына сипаттама беру. Алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, 
феодалдық құрылыс және капиталистік қоғам, олардың дамуындағы ерекшеліктер. Адамзат 
дамуының негізгі кезеңдері. Алғашқы қауымдық құрылыс және оның даму кезеңі мен шеңбері. 
Әлем тарихын кезеңдерге бөлу туралы жаңа көзқарастар. Ежелгі дүние тарихы. Орта ғасырлар 
тарихы. Жаңа және қазіргі заман тарихы.
Тарихи процестерді формациялық тұрғыдан зерттеу. «Формация» деген сөздің түсінігі. 
Қоғамдық формациялар, олардың түрлері, дамуы мен ерекшеліктері және әр формацияның өзіне 
тән қасиеті мен бір формациядан екіншіге өту. Қоғамдық-экономикалық формация түсінігі. К. 
Маркс пен Ф. Энгельс және олардың «қоғамның дамуы экономикалық дамуға байланысты» - 
деген концепциялық көзқарастары. Тарихи процестерді қоғамдық-экономикалық формациялардың 
ауысуы ретінде түсіну. Бір қоғамдық-экономикалық өркениеттен екіншіге ауысу мәселесі.
«Өркениет» термині және оның маңызы. «Өркениет» дегеніміз не? Өркениеттің 
түрлері. Ежелгі өркениет, орта ғасырлық өркениет, жаңа және қазіргі заман өркениеттерінің даму 
заңдылықтары, ерекшеліктері мен ұқсастықтары. «Өркениет» термині және оның маңызы. 
Өркениеттің түрлері, олардың даму заңдылықтары. Өркениеттің дамуына әсер ететін жағдайлар 
мен оның критерийлеріне сипаттама беру.
Қазіргі өркениетке Ежелгі Шығыс өркениетінің қосқан үлесі. Батыс пен Шығыс 
өркениеті арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер. Ежелгі қоғамнан бастап қазіргі кезге дейінгі 
өркениеттің қалыптасуы мен даму заңдылығы, ұқсастықтары мен ерекшеліктері. Ежелгі Шығыс 
өркениеті - дүниежүзілік өркениеттің құрамдас бөлігі және оның ортақ өркениетке қосқан үлесіне 
сипаттама беру, маңыздылығы мен қалдырған ескерткіштер мен ежелгі қоғамның мұраларына 
тоқталу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет