— 43 —
жайып, барын алдына тосқан. Халқымыздың осы
қонақ күту әдебі, салт-жоралғылары
атадан балаға
жалғасып, бүгінгі күнге дейін жетті. Дегенмен де,
заманның ағымына қарай қыз-келіншектеріміз,
аналарымыз еңбекке араласқалы бері, қазақ
отбасыларында қонақ күту мәселесі уақыттың
тығыздығына байланысты екінші орынға сырғыды.
Осы орайда,
жұмысбастылықтан уақыты
болмай, не болмаса күтпеген жерден үйіне қонақ
келген, немесе мейманын дәмді тағамдармен
таңқалдырғысы келетіндер үшін қызмет көрсетудің
жаңа саласы – «кейтеринг» қызметі көмекке келеді.
Жалпы «кейтеринг» термині ағылшын тілінен
аударғанда азық-түлікті, тағамды жеткізу деген сөз.
Яғни, қоғамдық тамақтануды ұйымдастыратын
қызмет көрсетудің бір саласы. Жалпы кейтеринг
Еуропа
елдерінде, АҚШ-та кең дамыған. Дегенменде,
кейінгі жылдары елімізде қоғамдық тамақтанудың
бұл бағыты қарқын алып келеді.
Соңғы уақытта еліміздің Алматы, Астана
сияқты ірі қалаларында кейтерингпен айналысатын
компаниялардың қызметіне жүгінетіндер
қатары
көбейген. Дегенмен де, осы қызмет түрін ұсынатын
компаниялар көбіне банкеттер мен тойларға арнайы
фуршет дайындаумен, не
болмаса пицца, суши сияқты
жеңіл тағам түрлерін жеткізумен ғана шектеліп
жүр. Ал қазақ отбасының салт-дәстүріне, қонақ
күту әдебіне сай қызмет ететін компания нарықта
бірең-сараң десек те болады. Демек сіз «қазақша
кейтерингті» қолға алып дамытсаңыз болады.