— 111 —
ескеретін жайт бар: келісім жүргізіп отырған
парақшаның оқырмандары тірі оқырман екенін
қадағалаңыз, егер накрутка болатын болса,
жарнамадан сізге ешқандай пайда болмайды.
Керісінше өзге парақшаны
белгілеу арқылы өз
оқырмандарыңызды басқа жанға тіркеп бересіз.
Жарнама уақытын нақты бекітіңіз, себебі екі
түрлі уақытта салынатын болса, аудиторияда
сенім болмайды. Ал
сіздің басты мақсатыңыз,
сол оқырмандардың сіздің парақшаға тіркелуі.
2. Блогерлер мен танымал жандардың жарна-
масын пайдалану. Бұл жарнама түрін көбіміз
білеміз, алайда дұрыс пайдаланбаймыз. Сізге бір
әнші ұнады, десек те оның оқырмандары мүлде
сіздің мақсатты аудиторияңыз болмауы мүмкін.
Келісім жасар алдында оның барлық статистика-
сын сұрап алуыңыз керек. Жарнаманы неше рет
жасайтынын, қандай бағытта және сағат нешеде
салатынын келісуді ұмытпаңыз. Сонымен қатар,
оқырмандарын да зерттеуіңіз қажет. Ол әншінің,
блогердің парақшасындағы
кез келген посттағы
пікірлерді оқып шығыңыз. Басым көпшілігі нега-
тив болмау керек. Мәселен, танымал әншілерді
алатын болсаңыз, олардың аудиториясын
жақсылап зерттеуіңіз қажет.
Егер сіздің
тауарларыңыз қолжетімді болатын болса, әрине,
жарнамадан тауарыңызға сұраныс артады. Ал
егер сізде үлкен компания болып, қымбат қызмет
түрін жарнамалайтын болсаңыз, сәйкесінше
танымал бизнесмендермен серіктестік орнатып,
сол парақшаға жарнама бергеніңіз дұрыс болады.