— 105 —
дам жақындай түсесіз.
29. Бизнес-айла: сіздің тауарыңызды сатып алған
тұтынушының суретін өзіңіздің парақшаңызда
жариялаңыз. Нәтижесінде ол
оқырман парақ-
шасында өз суретімен бөліседі. Сондай-ақ, бұл
сіздің әр клиентті бағалайтыныңызды көрсетеді.
30. Бренд болуға талпыныңыз. Бизнесіңіздің ата-
уын, логотипін қалам, блокнот, киімге пайдала-
нуға тырысыңыз.
31. Facebook парақшасындағы достарыңызды да
бизнес аккаунтыңызға тіркелуге шақырыңыз.
32. Оқырмандар stories көргенді ұнатады. Күнделікті
ойыңыз бен тауар
жайлы ақпаратты бөлісіп оты-
рыңыз. Бірақ ол міндетті түрде эмоцияға толы
болуы керек.
33. Stories-те де адамдарды белгілеуді ұмытпаңыз.
34. Оқырмандардан лүпіл басуды сұраудан ұял-
маңыз. Тәжірибе жүзінде дәл осындай посттар
89%-ға көп лүпіл жинайды.
35. Алдын ала уақытты да, контентті де жоспар-
лаңыз. Бірнеше күнге ерте материалды дайын-
дап, оларды уақытпен реттеп жариялаңыз.
36. Мотивацияға толы цитатамен пост салу оқыр-
манды жігерлендіреді.
37. Телефондағы байланыс
нөмірлеріне тіркелген
аккаунттарды да тауып, тіркелуге тырысыңыз.
38. Сіздің бизнесіңізбен айналысатын бәсекеле-
стерді де назардан тыс қалдырмаңыз. Олардың
жұмысын саралап, үнемі бақылауда ұстаңыз.
39. Басқа парақшалармен серіктестік орнатыңыз.
Өзіңіздің оқырмандар
санымен тең парақшаны
тауып байланыс орнатыңыз. Ортақ жеңілдік, ак-