— 107 —
дәл осындай өзіңізге қажетті аудиториямен бірне-
ше критерийлерді таңдайсыз. Негізі тауарыңыз бен
жарнаманың мүмкіндіктеріне
байланысты дәл осын-
дай критерийлердің басқа да 10-20-сын қосуға бо-
лады. Оның бәрі сіздің қалауыңызға байланысты.
Нәтижесінде таргетингтік жарнаманы іске қосқан
кезде, сіздің жарнамаңызды тек осындай, яғни сіз
таңдаған категорияға жататын адамдар көреді. Яғни
әйел адамдар, жасы 18-30,
қалай белгілесеңіз сон-
дай аудитория ғана сіздің жарнамаңызды қарайды.
Бұл дегеніміз – таргетинг. Егер сіз нақты тауар сату
немесе қызмет көрсетумен айналысатын болсаңыз,
таргетингтік жарнама сіз үшін тиімді мүмкіндіктердің
бірі. Таргетинг ақылы болғаныменен, мақсатты
аудиторияны дұрыс анықтаған болсаңыз, түсетін
пайда да неғұрлым көп болмақ. Сондай-ақ, «Instagram»
әлеуметтік желісінде сарапшылардың есебі бойынша,
басқа желілермен
салыстырғанда тауар немесе
қызмет түрлері үшін қаржы төлеуге дайын адамдар
саны көп.
Әрине, таргетинг жасамас бұрын сізде арнайы
жоспар болу керек. Яғни жарнама бюджетін жоспарлау,
жарнамаға қоятын фото-видео таңдау,
мәтінін назар
аударарлықтай жазу және пікірлерді қадағалап
отыру. Мәтін жазар алдында түрлі маркетингтік
тәсілдерді пайдалансаңыз болады (+1 қосымша сабақ
тегін, 50 % жеңілдік,
жаппай сатылым, өзіңізбен бірге
досыңызды алып келсеңіз 30 % жеңілдік).
Таргетингтік жарнама жасау үшін инстаграм
парақшаңыз міндетті түрде «Faceboоk» әлеуметтік
желісіне байланысқан болу керек. Кей жағдайда
Faceboоk парақшасысыз
таргетинг жасап жатады,