Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Тимус маңызды эндокриндiк мүше болып табылады



Pdf көрінісі
бет13/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

Тимус маңызды эндокриндiк мүше болып табылады. Тимустың 
гормондары кальций мен фосфор метаболизмiне, глюкозаның алмасуы 
мен утилизациясына, бұлшықет тонусына, бойға және жыныстық жетiлуге 
әсер ететiнi анықталған. Бірақ тимустың ең негізгі эндокриндік қызметі – 
иммуногенезге реттегіштік әсер етуі. Сонымен бірге, тимустың 
гормондары, тимустың өзінің ішіндегі және одан тыс лимфоциттердің 
дифференциялану үрдісіне ықпал жасай отырып, шеткi лимфоидтық 
мүшелерде Т-лимфоциттердің соңғы пiсiп-жетілуін реттейдi және де сүйек 
кемiгiнде Т-лимфоциттер ізашарларының дифференциялану үрдiсiне әсер 
етеді. Тимус гормондарының бірнеше негізгі топтарын ажыратады. 
Біріншіден, тимустың қыртысында Т-лимфоциттер ізашарларының 
дифференциялануының алғашқы кезеңдеріне әсер ететін І және ІІ топтағы 
тимопоэтиндер. Екіншіден - тимозин туыстастығының гормондары 
(тимозин αI с м.м. 3108; βI с м.м. 8451; β2 с м.м. 4982
және т.б.). Бұл 
гормондар өте көп мөлшердегі глутамин және аспарагин қышқылынан 
тұратын салыстырмалы орташа молекулалық салмақты полипептидтер 
болып табылады. Олардың Т-лимфоциттердің дифференциялану үрдiсiне 
әсер механизмi, жасушаның маңызды реттегіштік жүйесi болып 
табылатын, лимфоциттердің циклдік нуклеотидтер (цАМФ, цГМФ) 
жүйесіне әсер етумен байланысты.


20 
Тимуста тимопоэтиндер мен тимозиндерден басқа, лимфоциттердің 
миграция, дифференциялану және пролиферация үрдiсiне әсер ететін 
бірнеше гуморалдық факторлар түзiледi. Бұл мысалы, тимикалық 
гуморалдық фактор, тимикалық сарысулық фактор және тағы басқалары. 
Тимустың эпителий жасушалары, сонымен бірге цитокиндер түзедi: 
ИЛ-1, 6 және 7, колонистимулдеуші факторлар (ГМ-КСФ, Г-КСФ, М-
КСФ). Осы цитокиндер арасында тимоциттер дамуы үшін маңыздысы
ИЛ-7 болып табылады, тимустағы қалған цитокиндердің әсері өзара 
алмастырушылық. 
Кейбiр 
жағдайда 
тимустың 
гематотимикалық 
деп 
аталатын 
тосқауылдың болуына байланысты тимустың ағзаның басқа мүшелер және 
жүйелермен әрекеттесуi шектелген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет