Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Сүтқоректiлер мен адамдарда екi орталық мүшесi болады: сүйек



Pdf көрінісі
бет12/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

Сүтқоректiлер мен адамдарда екi орталық мүшесi болады: сүйек 
кемiгi және тимус. Сүйек кемiгiнде В-лимфоциттердің клондары 
түзiледi, сондықтан сүйек кемiгi гуморалдық иммунитет жүйесiнiң (В-
жүйесi) орталық мүшесi болып саналады. Ал, тимуста Т-
лимфоциттердің клондары түзiледi, ол жасушалық иммунитет 
жүйесiнiң (Т- жүйесi) орталық мүшесi болып табылады.
Сүйек кемiгi – иммундық жүйенiң қан айналымы мен орталық 
мүшелердiң қызметтерiн бiрiктiретiн мүше, ол көп қабiлеттi бағаналы 
жасушалардың, яғни барлық қан жасушаларының көзi болып табылады.
Көп қабiлеттi бағаналы жасушалардан (КҚБЖ) пайда болатын 
жасушалар: эритроидтық, одан эритроциттер түзiледi; миелоидтық, одан 
нейтрофилдер, 
моноциттер, 
базофилдер, 
эозинофилдер 
түзiледi;
мегакариоцитарлық – тромбоциттер түзiледi; лимфоидтық – екi 
жасушалық сызық: Т-лимфоциттiң және В-лимфоциттiң iзашарлары пайда 
болады. 
Сүтқоректiлерде сүйек кемiгi В-лимфоциттердiң негiзгi түзiлу 
ортасы болып табылады.
Гуморалдық иммунитеттiң орталық мүшесi алғашқыда құстарда – 
Bursa Fabricius – Фабрициус қапшығында табылған. Онда антидене түзетiн 
лимфоциттердiң дамуы жүредi. Даму орнына байланысты осы 
лимфоциттер В-лимфоциттер атына ие болды. Гуморалдық 


19 
иммунитеттiң барлық жүйесi В-жүйесi деп аталады. Кейiнiрек, 
сүтқоректiлер мен адамдарда гуморалдық иммунитеттiң орталық 
мүше жүйесiнiң қызметiн сүйек кемiгi атқаратыны белгiлi болды. 
Ағылшынша ол Bone marrow деп аталады, демек В-жүйесi мен В-
лимфоциттердiң (бұрынғы және қазiргi) аталуы сәйкес келедi.
Тимус (айырша без) деп, тимиан өсiмдiгiнiң жапырағына және 
айыршасына ұқсас болғандықтан аталған. Тимус филогенетикалы ежелгi 
лимфоидтық мүше, онда лимфоидтық жүйенiң түзiлуi мен қызметiнiң 
реттелуi және де жасушалық иммунитеттiң дамуы жүредi.
Тимус алдыңғы көкiрекаралықтың жоғары бөлiмiнде, төстiң артында, 
жүрек үстiнде орналасқан. Ол екi бөлiктен тұрады, әр бөлiгi капсуламен 
шектелген, одан тiннiң iшiне қарай, бөлiктi бөлшектерге бөлетiн перделер 
орналасқан. Әр бөлшектiң шетiнде субкапсулалық және қыртыстық 
қабаттар, ал ортасында – милық қабат ажыратылады.
Қыртыстық заттың негiзiн жұлдыз тәрiздi эпителий жасушалары 
құрайды, олардың арасында лимфоциттер мен макрофагтар орналасқан. 
Қыртыстық затында жоғары митоздық белсендiлiгi бар, бiрақ иммунды 
хабарлы қабiлетi жоқ лимфоциттер басым.
Милық затында аздаған лимфоциттер бар, стромасы жақсы жетiлген, 
эпителий жасушаларынан тұрады. Сонымен қатар, милық затында 
дендриттiк жасушалар, макрофагтар және Гассаль денешiктерi (жаңа 
номенклатура бойынша айырша бездiң денешiктерi) бар. Гистохимия әдiсi 
бойынша, қыртыстық қабаттың жұлдызша тәрiздi эпителий жасушалары мен 
Гассаль денешiктерiнде белсендi түрде жасанды және секреторлық үрдiстер 
жүрiп отырады. Онда бiрқатар биологиялық белсендi заттардың, соның 
iшiнде тимус гормондарының түзiлуi жүредi. Болжам бойынша, Гассаль 
денешiктерiнiң көмегiмен апоптозға ұшырыған тимоциттер жойылады деп 
есептеледi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет