SDF-1 (stromal cell-derived factor-1; стромалық жасушалармен өндірілетін фактор-1) - α-хемокиндер тұқымдастығына жатады, 10 кДа молекулалық салмағын
құрайды, стромалық жасушалармен, бауыр және бұлшық ет жасушаларымен
өндіріледі. Бастауыш В- жасушаларының өсуін, моноциттер мен Т- жасушаларының
хемотаксисін күшейтеді.
MIG (monokin induced by IFN-γ; IFN-γмен индукцияланған монокин)- α-
хемокиндер тұқымдастығына жатады, 14-15 кДа молекулалық салмағы бар, IFN-γмен
өңделген моноцит/макрофагтар өндіреді. Негізгі қызметі – ісіктің құрамындағы
лимфоциттердің хемотаксисін жоғарылату.
MCP-1 (monocyte chemoattractant protein-1; моноцитарлық хемоаттрактант ақуыз-1) – β -хемокиндер тұқымдастығына жатады, 11-17 кДа
молекулалық салмағы бар. Әр түрлі жасушалармен (моноциттер/макрофагтар,
фибробласттар және кейбір ісіктердің жасушалары) өндіріледі. Т-лимфоциттердің
хемотаксисін күшейтеді, моноциттердің хемотаксисінің белсендірілуін шақырады.
MCP-2 (monocyte chemoattractant protein-2; моноцитарлық хемоаттрактант ақуыз-2) – β -хемокиндер тұқымдастығына жатады, 7,5-11 кДа молекулалық салмағы
бар. Әр түрлі жасушалармен (моноциттер/макрофагтар, фибробласттар және кейбір
ісіктердің жасушалары) өндіріледі. Т-лимфоциттердің хемотаксисін күшейтеді,
моноциттердің хемотаксисі мен белсендірілуін шақырады.
MCP-3 (monocyte chemoattractant protein-3; моноцитарлық хемоаттрактант ақуыз-3) – β -хемокиндер тұқымдастығына жатады, 11 кДа молекулалық салмағы бар.
MCP-1 мен MCP-2 өндіруші жасушаларымен өндіріледі, эозинофилдер мен Тх-
жасушаларының хемотаксисін жоғарылатады, моноциттердің хемотакисі мен белсенуін
шақырады.