145
деңгейде, әсіресе IFN-γ-мен қосылып, адам моноциттерінің U 937
тізбегінде
АИВ-1
репликациясын
тежейді.
ГМ-КСФ
жетілген
нейтрофилдер мен эозинофилдердің бірқатар қызметтерін жоғарылатады:
нейтрофилдердің
бактериялар
мен
ашытқыларды
фагоцитоздауын
белсендіреді;
антиденелермен
байланысқан
нысана
жасушаларына
нейтрофилдер мен эозинофилдердің цитотоұлағыштығы әсерлеуіне ықпал
етеді. ГМ-КСФ қабынудың белсенді медиаторы - лейкотриен В4 синтезіне
қатысты
нейтрофилдік
5-липоксигеназаны
активтейді.
ГМ-КСФ
культивацияланған адамның эндотелиалды жасушаларының миграциясы
мен көбеюін қоздырады. ГМ-КСФ рецепторлары бірқатар тіндерде
табылған:
плацентада,
олигодендроциттерде
және
кейбір
ісік
жасушаларында (меланома, өкпенің жасушааралық
карциномасы және
қуықасты безі). Сонымен, in vitro өткізілген зерттеулер нәтижесінде ГМ-
КСФ макрофагтар мен нейтрофилдердің физиологиялық белсенділігінде
зор маңызы бар деп айта аламыз, сол себептен бір қатар індеттер кезінде,
соның
ішінде
макрофагтардың
ішінде
көбейетін
микробтармен
шақырылатын, емдеу және алдын алу шарасы ретінде қолданыла алады.
Г-КСФ - тегi адам хромосомаларының 17-ші жұбында орналасқан,
классикалық гемопоэтикалық өсу факторларының бірі.
Г-КСФ негізгі
өндірүші жасушалары: моноцит/макрофагтар, фибробласттар, тегіс салалы
және эндотелиалды жасушалар. Г-КСФ синтезін қоздыратындар - ИЛ-1,
ИЛ-6 және ГМ-КСФ. Ол, көбінесе, гранулоциттердің бастауыштары мен
жетілген гранулоциттерге әсер келтіріп, эритроциттер, тромбоциттер,
нейтрофилдер
және
эозинофилдердің
дамуын
қамтамасыз
етеді,
митогендерге (ЛПС) жауап ретінде фагоциттердің
белсенділігін және
оттегі өнімін жоғарылатады. Сонымен қатар, Г-КСФ хемотаксикалық
белсендiлiктi
көрсетіп,
лейкоциттердің
миграциясын
шақырады;
гранулоцитопоэзді қоздыруда ИЛ-3, 6, 11-лермен бірігіп, қызмет етедi;
адам эндотелиінде фибрин ұйытқыларын ерітетін протеолитикалық
ферменттің - плазминнің плазминогеннен пайда болуына әсер келтіретін
плазминоген
активаторының
белсенділігiн
жоғарлатып,
культивацияланған адам эндотелиінің жасушаларының
миграциясы мен
пролиферациясын күшейтеді; қуық карциномасына аутокринді өсіру
фактор ретінде әсер келтіреді. Г-КСФ-ды енгiзгенде тез арада
гранулоциттердің саны көбейедi.
М-КСФ – тегi адам хромосомаларының 5- жұбында орналасқан. М-
КСФ
өндірілуінің
индукторлары:
ИЛ-3,
ГМ-КСФ,
IFN-γ.
Оны
фибробласттар, эндотелиалды жасушалар, моноцит/макрофагтар өндіреді.
Негізгі
биологиялық
әсері
моноцитопоэзді
қоздыруымен
және
моноцит/макрофагтарды белсендірүмен байланысты. ГМ- және Г-КСФ-
термен салыстырғанда, нейтрофилдердің хемотаксисының күштi тежегіші
болып келеді. Сонымен, КСФ табиғи жағдайда миело/моноцитопоэзді,
белгілі бір сатылары
мен тізбектеріне әсер етіп, қамтамасыз ететін
факторлары болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: