Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


NAP-1 (neutrofil activating protein-1, нейтрофилдерді белсендіруші ақуыз-1)



Pdf көрінісі
бет138/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

NAP-1 (neutrofil activating protein-1, нейтрофилдерді белсендіруші ақуыз-1) – 
α-хемокиндер тұқымдастығына жатады, 6-8 кДа молекулалық салмағын құрайды, әр 
түрлі жасушалармен өндіріледі (моноциттер, лимфоциттер, гранулоциттер). Негізгі 
қызметі – нейтрофилдерді белсендіру, соның ішінде: хемотаксисті күшейту, адгезия 
молекулаларының экспресиясын, эндотелиалды жасушаларына жабысуды жоғарлату. 


149 
Сонымен қатар, ангиогенездің лизосомалдық ферменттерінің экзоцитозын күшейтеді 
және комплемент рецепторларының экспрессиясын жоғарылатады. 
NAP-2 (neutrofil activating protein-2, нейтрофилдерді белсендірүші ақуыз-2) – 
α-хемокиндер тұқымдастығына жатады, тромбоциттермен өндіріледі. Негізгі қызметі –
хемотаксисті күшейту және нейтрофилдерді белсендіру. 
PF-4 (plafelet factor-4, тромбоцитарлық фактор-4) - α-хемокиндер тұқымдастығына 
жатады, тромбоциттермен өндіріледі. Базофилдердің ішінен гистаминнің босап 
шығуына ықпал етеді, эозинофилдердің бетінде IgE –рецепторларының экспрессиясын 
жоғарылатады, гранулоциттер мен моноциттердің хемотаксисін күшейтеді. 
GRO-α (growth regulated oncogene, өсуді реттейтін онкоген) - α-хемокиндер 
тұқымдастығына жатады, 7-11 кДа молекулалық салмағын құрайды, моноциттермен, 
эпителиоциттермен және эндотелиоциттермен, сонымен қатар ісік жасушаларымен 
(соның ішінде, меланома жасушаларымен) өндіріледі. Ангиогенез бен ісіктердің кейбір 
түрлерінің өсуін күшейтеді.  
IP-10 (IFN-α, индуцибелді протеин-10) - α-хемокиндер тұқымдастығына 
жатады, 10-11кДа молекулалық салмағын құрайды. Эндотелиоциттер, моноциттер, 
фибробласттар, тимуспен көк 
бауырдың стромалық жасушаларын өндіреді. 
Белсендірілген Т-лимфоциттердің хемотаксисін күшейтеді, эндотелий жасушаларының 
пролиферациясын тежейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет