Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Бернет теориясының орталық аксиомасы: өзінікін өзгеден



Pdf көрінісі
бет18/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

Бернет теориясының орталық аксиомасы: өзінікін өзгеден 
ажырату - ол тіршіліктің шарты. Ф. Бернеттің клондық-сұрыптау 
теориясы төрт негізгі қағидаларға негізделген:
1. 
Лимфоидтық жасушалар популяциясы өте көп. 
2. 
Лимфоидтық жасушалар популяциясы гетерогенді.
3. 
Аз мөлшердегі антиген лимфоциттер клонының көбеюін, 
плазмоциттерге дифференциялануын және сол антигенге қарсы 
антидене өндірілуін ынталандырады. 
4. 
Көп мөлшердегі антиген иммундық жауапты шақырмайды және 
лимфоциттердің сәйкес клондарының жойылуына әкеледі.
Клондық-сұрыптау теориясы бойынша ағзада антигенмен жанасқанға 
дейін әртүрлі арнайлықтағы лимфоциттердің үлкен жиынтығы болады. 
Белгілі бір антигендік ерекшелігі бар лимфоциттер клондар түзеді.
Антиген тек талдау факторы ретінде болады және антигеннің жалғыз ғана 
қызметі - лимфоциттер клондарының бөлінуін және қызметін күшейту. 
Сәйкес антигенді таныған арнайы лимфоциттер клондары көбейеді және 
дифференцияланады 
(пісіп-жетіледі), 
бұл 
сәйкес 
арнайы 
иммуноглобулиндердің өндірілуін туғызады.
Ағзаға антиген түскен кезде оған тек бір лимфоциттер клоны 
(антигенді танушы рецепторлардың антигендік детерминантымен жанасу 
кезінде) арнайы жауап береді. Осындай жанасу үрдісі (тану) кезінде 
лимфоцит антигеннен бірінші – арнайы белгіні алады. Бірақ, бұл белгі 
берілген лимфоциттің антигенге қарсы жауап қайтаруы үшін жеткіліксіз.
Ол үшін лимфоцит екінші – пролиферативтік-диффернциялаушы белгіні 
алуы қажет. Бұл белгіні лимфоцит антигенді тану үрдісі кезінде 
кооперацияға қатысатын басқа иммунды хабарлы жасушалардан (АТЖ 
немесе Т-хелперлер) алады. Екі белгіні алғаннан кейін лимфоцит 
пролиферацияға және дифференциялануға ұшырайды. Нәтижесінде 5-7 
күндері берілген антигенге қарсы белгілі бір серпілістерді (антиденелердің 
түзілуі, цитотоксиндік серпілістер) іске асыратын көптеген пісіп-жетілген 
лимфоциттер 
қалыптасады. 
Көрсетілген 
тізбектік 
жағдайлар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет