30
бұл үрдiс
өкiнiшке орай, тиiмдi емес, өйткенi
жасушалардың бөлiнуi
кезiнде мутантты жасушалар түзiледi, ал олардың көбiсi жойылмай,
ақаулы ұрпақ бередi. Спонтанды мутацияның жиiлiгi 10
-6
,
яғни әрбiр
миллион жасушалардың бөлiнуiнде 1 мутанттық жасуша түзiледi.
Адамдар мен сүтқоректiлерде тәулiгiне орта есеппен, үнемi
бөлiнетiн
жасушалардың саны 10
12
-10
13
, яғни ағзада тәулiгiне орта шамамен 1-ден 10
млн. дейін мутантты жасушалар түзiледi. Эволюция үрдiсi кезiнде күрделi
көп жасушалық ағзалардан тұратын сүтқоректiлер мен адамдар даму үшiн
жасушалардың
бөлiнуiн
қадағалайтын
жүйе
керек
болған,
ол
иммунитеттiң Т-жүйесi болып табылады. Сөйтiп, Т-жүйенiң және
иммундық жүйенiң жалпы ең басты қызметi - ағзаның iшкi ортасының
генетикалық тұрақтылығына иммунологиялық бақылауды жүзеге
асыру
және өспелi, мутантты жасушаларды жою. Экзогендiк антигендерге
(жұқпалы және жұқпалы емес) қарсы
жауап осы негiзгi қызметтiң
нәтижесi болып табылады.
Иммундық жауап
Иммундық жауап – антигендi тануға, байланыстыруға, әлсiздендiруге,
ыдыратып және ағзадан шығаруға бағытталған иммундық жүйенiң
арнайы кешендiк серпiлiсi. Арнайы иммундық серпiлiстер гендiк бөтен
ақпараттарды тасымалдаушыларға қарсы бағытталады. Мысалы: вирус,
бактерия,
басқа да жұқпалы агенттер, iсiк жасушалары мен гендерi ұқсас
емес ағза, бөгде нәруыздар, полиқанттар және т.б. антигендер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: