Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Вакциналардың негiзгi түрлерi



Pdf көрінісі
бет258/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

Вакциналардың негiзгi түрлерi 
Вакцина түрiндегi өлi микроорганизмдер 
Микроорганизмдердiң антигендiк құрамын өзгертпей патогендiгін 
жоюдың ең қарапайым әдiсi – микробты жасушаны өмiр сүру 
қабiлеттiлiгiнен айыру. Мұндай өлi вакциналарды дайындау кезіндегі 
микроорганизмдердi 
инактивациялау 
барысында 
негiзгi 
протективтi 
антигендердiң ыдырап кетпеуiн қадағалап отыру керек. Қоздырғыштарды 
жоғары температураның немесе химиялық қосылыстардың (мысалы фенол) 
көмегiмен инактивацияға ұшыратады. Вакцинаның әсерiн күшейту үшiн, 
оған әдетте адъюванттарды қосады. Мұндай вакциналарға сүзекке, 
тырысқаққа, 
қызылшаға, 
полиомиелитке 
(Солка 
вакцинасы) 
қарсы 
вакциналар жатады. 
Тiрi аттенуацияланған вакциналар 
Тiрi аттенуацияланған вакциналарды алу үшін қоздырғышты белгілі бір 
жұқпаға сезімтал жануардың организмінен тыс жерде ұзақ уақыт 
дақылдандыру нәтижесiнде алады. Мысалы, микроорганизмдердi бiрнеше 
рет пассаж жасау арқылы (сары қызба вирусы), арнайы қоректiк орталарда 
(БЦЖ) 
немесе 
экстремалды 
жағдайларда 
дақылдандыру 
(жоғары 
температура, ультракүлгiн немесе иондаушы сәуле, мәселен, ол Bacillus 
anthracis үшiн), сондай-ақ спонтанды мутанттарды сұрыптау жолы (Yersinia 
pestis) арқылы дайындау.
Тiрi вакциналардың негізгі артықшылығы – аттенуацияланған 
қоздырғыштардың көбею және тiндерге қарай миграциялану қабiлеттiлiгi 
болады, нәтижесiнде антигендiк стимул мен иммундық жауап күшейедi.
Басқа артықшылығына жергiлiктi иммунитеттің қоздырғыш көбейген 
тiнде ғана дамитыны жатады. Мысалы, салға қарсы өлi вакцинаны 
парентералды жолмен енгiзген кезде мұрын-жұтқыншақта IgA түзілмейді. Ал 


интраназалды енгiзгенде тиімді иммундық жауап қалыптасады, бiрақ ол 2 
айдан кейiн жойылады. Сонымен қатар тiрi аттенуацияланған вируспен 
пероралды иммунизация жасаған кезде мұрын-жұтқыншақта IgA деңгейi 
тұрақты түрде жоғары болады. Сонымен, алдын ала егулер өздерiнiң 
эффективтiлiгiн ұзақ уақыт сақтайды (10-15 жыл шамасында).
Тiрi вакциналардың мысалына қызылшаға, эпидемиялық паротитке, 
сары қызбаға, салға (Сейбин вакцинасы), қызамыққа, туберкулезге (БЦЖ) 
қарсы вакциналарды жатқызуға болады. Бұл вакциналар аурудың 
субклиникалық түрiн және тиімді қорғанысты шақырады. 
Тірі және инактивацияланған вакциналар арасындағы айырмашылықты 
екі поливакцина мысалында жеңіл байқауға болады. Екі вакцинаның да 
өзіндік жақсы жақтары бар. Олардың дайындалуын зерттеу жұмыстары 
АҚШ-та бір уақытта басталды, бірақ өлтірілген вирусты Солка вакцинасы 
бірінші болып пайда болды, сондықтан АҚШ-пен кейбір Еуропа елдерінде 
жақсы қабылданды. Аталған вакцина арқасында АҚШ-та сал ауруы 
толығымен элиминацияланды, ал Швецияда ауру жойылды. Тірі вирусты 
вакцина – Сэйбин вакцинасы бұрынғы ССРО мен Шығыс Еуропа елдерінде 
бірінші болып сынақтан өтті. Оның нәтижесі күтпеген жерден біршама 
жоғары болды. Сондықтан Сэйбин вакцинасы бірнеше жылдың ішінде 
көптеген елдерде қолданып жүрген өлі вакцинаны ығыстырып шығарды. 
Оның артықшылықтарына пероралды енгізу, бағасының арзан болуы 
(антигенді масса саны аз кетеді), адъюванттарды қолдану қажет еместігі, 
тиімді жергілікті иммунитеттің (IgA мен IgG өндіріледі), күшті жасушалық 
иммундық жауаптың және ұзақ мерзімді иммунитеттің қалыптасуы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет