Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


 Антиидиотиптiк вакциналар



Pdf көрінісі
бет266/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

4. Антиидиотиптiк вакциналар 
Вирустаға қарсы вакциналарды дайындағанда кез-келген түрдегi табиғи 
вирусты материалды қолдануға болмайды деген пiкiрлер айтылуда. Себебi, 
бұл жағдайда нуклеотидтер ретсіз орналасуы мүмкін. ЖИТС-ке қарсы 
вакцинаға қойылатын талаптар тiзiмiн анықтаған БДҰ сарапшылары осы 
жағдайға аса көңiл бөлуде.
Бұл қиындықтардан шығу үшiн антиидиотиптiк вакциналарды дайындау 
ұсынылған. Аталған вакцинаны дайындау барысында антигендiк материал 
ретiнде 
антигеннiң 
кеңiстiктегi 
құрылысын 
имитациялайтын 
антиидиотиптiк антиденелер қолданады.
Осындай принцип бойынша В гепатитiне қарсы вакцина дайындалды. 
Ол В вирусты гепатитi антигенiнiң бiрқатар беткей эпитоптарына арналған 
моноклонды антиидиотиптi антиденелер негізінде дайындалады. Аталған 
вакцинаны эксперименталды түрде шимпанзелерге қойғанда, оның В 
гепатитiнен қорғау тиімділігі жоғары екендiгi анықталды. Қазiргi кезде 
паразитарлық жұқпаларға қарсы антиидиотиптiк вакциналар дайындалуда. 
5. 
Табиғатта 
аналогы 
жоқ 
жасанды 
иммунизациялаушы 
молекулалар
Мұндай негiзде дайындалған вакциналар кез-келген бiр жұқпалы 
антигенге немесе антигендердiң тобына генотиптiк жауап бермейтiн 
индивидумдарға көп көмек көрсетедi. Бұл мақсатқа белгілі бір табиғи 
немесе жасанды антигендi детерминанттарды Т-тәуелсiз антигендерге 
ұқсас жасанды полимерлi молекулалармен конъюгациялау жолымен 
жетедi. Мұндай антигендер антидене түзілуін Т-жасушалардың көмегiнсiз 
шақыра алады, яғни Т-жүйесiнiң бақылау мен индукциялау қызметiн 
айналып өтедi. Бұл құбылысты генетикалық жауап бермеудi фенотиптiк 
коррекциялау деп атайды. 
Аталған 
вакциналардың 
көмегiмен 
қажеттi 
уақытта 
(мысалы, 
эпидемиялық қауiптi жағдайлар кезiнде), әрі қысқа мерзiм арасында 
антиденелердiң жоғары титрiн алуға болады, бiрақ вакцинация әсерi 
шектелген. Себебi катаболизм нәтижесiнде антиденелердiң концентрациясы 
қорғаушы деңгейден төмен түсiп кетеді, яғни, шамамен вакцинация әсері 
бiрнешi ай ғана болуы мүмкін. Әдетте, осындай вакцинация кезiнде зерде 
жасушалары қалыптаспайды. 
Мұндай түрдегi вакциналардың басты айырмашылығы келесiде: егер 
ағза өзiнiң генетикалық ерекшелiгiне байланысты белгілі бір қоздырғышқа, 
антигенге немесе антигендi детерминанттарға айқын иммундық жауап 
дамыта алмаса, онда құрамына керектi антигендi детерминант пен 
фенотиптiк коррекциямен қамтамасыз ететiн ынталандырушы (адъювантты) 
құрылым кiретiн жасанды макроглобулиндi кешендерді енгiзедi. Ол 
генотиптiк жауап бермеушiлiктi тиімді түрде жояды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет