болады, сол себептен постэкспозициялық профилактиканың тиімділігі төмен
болуы мүмкін. Мысалы, көк жөтел мен күл кезінде өсу кезеңі сәйкесінше 2
және 3 аптаға созылады.
Иммунитеттің төмендеу кезеңі – алдымен жылдам, кейіннен баяу
жүреді және бірнеше жылға немесе оншақты жылдарға созылады.
IgM мен
IgA антиденелерінің деңгейі IgG титріне қарағанда жылдам төмендейді.
Иммунитет жылдам төмендеген сайын иммунитетті ұстап тұру үшін
вакциналарды керекті мөлшерде жиі енгізіп тұру керек.
Жұқпадан кейінгі иммунитеттің ұзақтығы қоздырғыштың қасиетіне,
жұқтырушы мөлшеріне, иммундық жүйенің жағдайына,
генотипке, жасқа
және де басқа факторларға тәуелді. Иммунитет қысқа мерзімді болуы
мүмкін, мәселен, тұмау, іш сүзегі, қайталама іш сүзегі кезінде қысқа мерзімді
болса, күйдіргі, риккетсиоз, лептоспироз, сары
қызба кезінді ұзақ мерзімді
болады, ал сал, қызылша және көк жөтел кезінде тіпті бүкіл өмір бойына
сақталады.
Жасанды иммунитет сол қоздырғыштың қайтадан жұғуынан қорғайды.
Мұнда иммунитеттің негізгі механизмі бейтараптау эффектісімен байқалса,
айналымдағы антиделердің белгілі бір деңгейде болуы реинфекциядан
сақтайды. Қоздырғыштың екінші мөлшерін
енгізгенде оның жұққыш
белсенділігі әлсірейді және қайталама жұқпаға Т- мен В-жасушаларының
жауабы біршама жылдамдайды. Иммунизациядан кейін пайда болған
антиденелер уақыт өте жойылуы мүмкін, бірақ жұқпаға қарсы қорғаныс
сақталады. Бұл жағдайда патогенді енгізгеннен
кейін ағза екіншілік
серпіліспен жауап береді.
Жұқпалы аурулармен күрестегi негiзгi жетiстiктерге белсендi және
пассивтi иммунизация арқасында жеттiк.
Достарыңызбен бөлісу: