Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет272/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

Иммундық 
жағдайдың 
параметрлерiн 
бiлу 
барысында 
иммунологиялық зерттеулердiң алгоритiмiн дұрыс таңдау маңызды болып 
табылады. Иммундық жүйенiң әсерлесуi дамиды және осы кезеңмен 
бағаланады:
- тану; 
- белсенденуi;
- пролиферациясы
- дифференцировкасы;
- иммундық жауаптың эффекторлық фазасы. 
 
Иммундық жағдайды зерттеуде қолданылатын материалдар


Қазiргi 
кездегi 
клиникалы-иммунологиялық 
зерттеулердiң 
тәжiрибесiнде талдаудың негiзгi объектiсi - қан және оның жасушалық 
компонентi, қан сарысуы болып табылады.
Зерттеуге шынтақ венасынан қанды екi пробиркаға алады. Таза, құрғақ 
шыны пробиркасына қанды құйған кезде, ол тез ұйып қалады. Осы 
пробиркада алынған қан түйiршiкке, ондағы формалық элементтермен 
(жасушалармен) бiрге және құрамында бiзге керек молекулалары бар мөлдiр 
қансарысуына бөлiнедi. Басқа пробиркаға алдын ала қанның ұюын тежейтiн 
және бiзге қажеттi қан жасушаларын плазмада суспензия ретiнде сақтайтын, 
арнайы зат – антикоагулянтты қосады.
Қорғаныс молекулалары және жасушалары тек қанда ғана болмайды. 
Егер шырышты қабаттың жергiлiктi қорғаныс жағдайын анықтау қажет 
болса, онда зерттеуге мұрын-жұтқыншақ шырышы, немесе сiлекейi, немесе 
көз жас сұйықтығы алынады (11 және 12 кестелер). Егер науқастың жүйке 
жүйесiне көңiл бөлсек, онда зерттеуге ми-жұлын сұйықтығын (ликвор) 
алады, ол үшiн жұлынның пункциясын жасайды.
11 кесте. Иммундық талдауды жүргiзу үшiн қолданылатын
биологиялық сұйықтар 
Тобы 
Биологиялық материал 
1. Жабық кеңiстiктiң 
сұйықтықтары
Лимфа, шеткi қан, перитонеалды, плевралық, 
синовиалды, церебралды-жұлындық сұйықтық 
2. Экстраваскулярлық 
шырыштар 
Бронхоальвеолярлық 
сұйықтық, 
вагиналды 
шырыш, 
несеп, 
тер, 
жоғары 
тыныс 
жолдарының 
шырышы, 
асқазан-iшек 
жолдарының шырышы, сүт безiнiң шырышы, 
көз жас сұйықтығы, сiлекей, эякулят 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет