- ағзанаың иммундық реактивтiлiк жүйелерінің
зақымдалған звеносын
анықтау;
- аурудың этиологиясын талдау;
- патогенезін талдау;
-
аурудың өршуiн болжау;
- иммунитеттi реттеу (иммунокоррекция) тәсiлдерiн таңдау;
- жүргiзiлетiн терапияның тиiмдiлiгiн бағалау.
Қазiргi уақытта иммундық жүйенiң жағдайын зерттеу медицинаның
барлық саласында кеңiнен қолданады: терапияда, хирургияда, жұқпалы және
аллергиялық ауруларда,
онкологияда, дерматологияда және т.б. Ол кем
дегенде екі себеппен түсіндіріледі: бiрiншiден,
аутоиммундық патогенезi
дәлелденген тұрақты түрде аурулар шеңберiнiң кеңеюi; екiншiден,
көптеген
созылмалы патологиялардың түрiмен өтетiн, екiншiлiк иммундық тапшылық
жағдайлардың кеңiнен таралуы.
Иммунологиялық зерттеулердi
екi кезеңмен өткiзуді ұсынады.
Бiрiншi -
жобалау деңгейi арнайы құралдарды қажет етпейтiн, тек иммундық жүйенiң
«дөрекi» ақауларын анықтайтын жалпы тиiмдi әдiстер енгiзiлген. Бұл кезеңге
бiрiншi деңгейдегi сынамалар жатады:
қанның
формуласы
бойынша
лейкоциттердiң,
лимфоциттердiң,
нейтрофилдердiң,
моноциттердiң
және
тромбоциттердiң
санын
анықтау;
лейкоциттердiң жұту және бактерицидтiк белсендiлiгiн, сонымен қатар
оттегiнiң активті түрiн түзу қабiлетiн анықтау;
шеткi қанда Т-лимфоциттердің (CD3
+
), Т-хелперлердiң (CD4
+
), Т
киллер/супрессорлардың
(CD8
+
),
В-лимфоциттердің
(CD20
+
)
салыстырмалы санын анықтау;
негізгі сарысулық иммуноглобулиндердің (Ig M, IgG, IgA) мөлшерін
анықтау.
Бiрiншi деңгейдегi сынамалар иммунологиялық
зерттеулердiң барлық
жағдайларына қажет.
Екiншi кезеңде адамның иммундық жүйесiнiң жағдайын тереңдетiлген
талдауын жүргiзедi. Соның нәтижесінде жобалау сынамаларының көмегiмен
айқындалған ақаудың орналасу сипаттамасын анықтау және иммунитеттi
реттеу препараттарын (иммунокоррекция) қолданудағы сұрақтарды шешеді.
Иммунологиялық зерттеудiң осы кезеңiн жүргiзу үшiн
иммундық
жүйенiң жағдайын сипаттайтын in vivo (иммунизацияның тиiмдiлiгiн
бағалау; терi сынамаларының нәтижелерi) және in vitro сынамаларын
қолданады. Соңғы сынамада зерттеу материалы
ретiнде шеткi веноздық
қанын, көк бауыр және лимфа түйiндерiнiң пунктатын, сонымен қатар
шырышты қабаттардың сөлiн, жағындысын және жуындысын қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: