ИММУНДЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ Қазіргі кездегі иммунодиагностиканың негізгі міндеттері. Иммунологиялық зерттеулердің жүргізу кезеңдері. Иммунитеттің жасушалық звеносының жағдайын бағалау әдістері. Иммунитетттің гуморалдық звеносын бағалау әдістері. Моноклондық антиденелер. Түсінігі, жасау қағидалары, қолданылуы. Иммунограмманы талдау. Аллергиялық аурулардың зертханалық диагностикасы. Балалардағы иммундық жағдай көрсеткіштерінің ерекшелістері. Балалардың иммундық жүйесінің қалыптасуындағы критикалық кезеңдер. Иммунологияның
фундаменталдық
зерттеулерінде
биологиялық
ғылыми саласында белiгiлi әдiстерді қолданады. Ең негiзгi жаңа әдiстер
молекулалық биология және молекулалық генетика әдiстерi болып
табылады. Клиникалық иммунологияда қолданылатын әдiстемелiк база кең
таралмаған. Қолданылатын әдiстердi 6 категорияға бөлуге болады.
Мағынасы бойынша, иммунологиялық әдiстер деп, қай жағынан болса да мiндеттi түрде антиген-антидене серпiлiсiн көрсететiн әдiстердi айтады: Фракциялау әдiстерi – иммунитеттiң гуморалдық факторларын
(молекуланың) немесе жасушалардың физикалық бөлiнуi:
- электрофорез;
- ағымдық микроцитофлюориметрия;
Корпускулярлық антигендерді қолданатын әдiстер (антигеннiң тiкелей
агглютинациясы,
гемагглютинация,
латекс-агглютинация,
нефелометрия);
Гемолиз технологиясын қолданатын әдiстер (комплементтi бекiту
сынамалары, Йерне әдiсi);
Иммундық гистохимиялық әдiстер (иммундық флюоресценттiк
микроскопия, ферменттiк белгiмен белгiленген антиденелермен
бекітілген
тiндер
немесе
жасушалар
препараттарының
микроскопиясы);
Иммундық талдау әдiстерi (радиоиммундық талдау, иммундық
ферменттiк талдау);
Молекулалық биология әдiстерi (полимеразалық тiзбектiк cерпiлiс;
иммундық блоттинг (нәруыздарды анықтау); Soulhern-блотт (ДНК
анықтау); Northern-блотт (РНК анықтау)).