Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет285/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

Моноклонды антиденелер 
1974-1975 жж. Г. Келлер және У. Мильштейн бiреуi - iсiктiк (миеломды 
жасуша), екiншiсi – қалыпты лимфоциттен тұратын, бiрiккен екi жасушадан 
алынған гибридтi жасушаларды алу үшiн әдiстеме шығарған. Алынатын 
гибридтi жасушалар қалыпты лимфоциттер (геномы тұрақтанбағанша, 
хромосоманың басқа бiр бөлiгi алғашқы бөлiну кезiнде жасушалардан 
шығарып тасталады) хромосомасының бiр бөлiгi (сонымен қатар, қасиетiн) 
және iсiк жасушаларының бiр бөлiгi болады. Тек қана шексiз бөлiну қабiлетi 
бар тұқымқуалаған жасушалар өседi. Шексiз бөлiнетiн жасушалар өз-өзiн 
клондауға «рұқсат етедi», яғни физикалық түрде бiр-бiрлеп «жайғастырады» 
(әрқайсысын жеке ыдысқа) және бiр жасушадан тараған ұрпақ - жасушалар 
клонын алады. Бұл жасушаларды -гибридомдар деп атаған. Осы 
жасушаларда қалыпты лимфоциттердiң өнiмдерi, көбiнесе, антиденелердiң 
биосинтезi жүредi.  
Гибридом жасушаларымен өндiрiлетiн антиденелердi моноклонды 
антиденелер деп атайды. Олар жеке нәруыздарға қарсы бағытталған 
(қарастырылатын жағдайда лейкоциттердiң жасушалық мембранасының 
компоненттерi) және тек осы нәруыздармен байланысатын антиденелер 
болып 
табылады. 
Осындай 
антиденелер 
белгiлермен, 
мысалы, 
люминесцияланған бояғыштармен қамтамасыз етiледi. Егер қан тамшысын 
белгiленген антиденелермен байланыстырсақ, мысалы, арнайы Т-жасушалық 
нәруыздарға қарсы, тек Т-лимфоциттер ғана жарқырау қабiлетiне ие болады. 
Осындай жасушалардың санын люминесценттi микроскоп арқылы анықтауға 
болады. Сондай зерттеулердi автоматизациялау үшiн – жасушалардың 
флуоресценттiк анализаторы, немесе ағымды цитофлуориметр деп 
аталатын арнайы құрал жасалған.
Люминесценцияны қоздыратын күн сәулесi түскен жiңiшке капиллярлар 
арқылы жасушалар тоқтаусыз өтедi. Әрбiр жарқырайтын жасуша арнайы 
детектор арқылы импульс ретiнде тiркеледi. Құрал автоматты түрде хабарды 
өңдеп, гистограмма ретiнде - әртүрлi жарқырау қарқындығын бар 
жасушалардың таралу графигiнiң нәтижелерiн бередi. Моноклонды 
антиденелердiң кең жиынтығын пайдалана отырып, қанда Т- (CD2
+
, CD3
+

және В-лимфоциттердiң (CD19
+
, CD20
+
, CD22
+
, CD72
+
) санын ғана емес, 
сонымен қатар Т-лимфоциттер субпопуляцияларының: Т-хелпердiң (CD4
+

және цитотоксикалық Т-лимфоциттердiң (CD8
+
), NK – жасушалардың 
(CD56
+
, CD16
+
) санын анықтауға болады.


Қазiрiгi уақытта әр түрлi антигендерге моноклонды антиденелердiң 
(МонАД) көптеген түрлерi шығарылған (13 кесте). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет