Макрофагтардың жайылуын тежеу серпiлiсi (МЖТС).
Бұл
серпiлiс
лимфокиндермен
шақырылатын
мононуклеарлы
фагоциттердiң өзгеруiмен негiзделген. Моноциттер және макрофагтар
әйнектiң бетiнде жайылу қабiлетi бар. Моноциттердi сенсибилизацияланған
лимфоциттермен дақылдандырған кезде бұл қабiлетi төмендейдi.
Макрофагтардың адгезиясын тежеуші серпiлiсi (МАТС).
Бұл серпiлiс сезiмталдығы жоғары донордың, арнайы антигенi бар
әйнектi пластинаға мононуклеарлық фагоциттер адгезиясының тоқтауымен
негiзделген.
Қан сарысуында цитокиндер өнiмдерiнiң құрамын анықтау
Қанның моноциттерiмен және лимфоциттерiнiң негiзгi қызметi
цитокиндердi өндiру және өндіру болып табылады. Цитокиндер –
жасушааралық коммуникацияда және де гемопоэзде жасушалардың өсуi
және дифференциялануы, иммунды хабарлы жасушалардың эффекторлық
және реттегiш қызметтерi сияқты бiрқатар биологиялық қызметтi
ортақтастыратын иммундық жүйенiң реттегiш нәруыздары.
Бүгiнгi күнде цитокиндер деңгейiн бағалауда ең тиiмдiсi иммунды
ферменттiк әдiстер болып табылады. Әр түрлi патологияда жергiлiктi және
жүйелi деңгейлерде цитокиндi статусты бағалауға арналған диагностикалық
иммунды ферменттiк сынама-жүйелерiн қолдану, аурудың патогенезiнiң
түсiнiктемесiнде қосымша болып табылады. Қан лимфоциттерi және
моноциттердiң цитокиндердi өндiру (интерлейкиндер, интерферондар)
қабiлетiнiң бағасын соңғы уақытта олардың функционалдық жарамдығын
тексеруде жиi қолданады.
Әдiстiң қағидасы. Спонтанды өнiмдердiң ИЛ1, ИЛ-1-РА, ИЛ-2, ИЛ-4,
ИФ және ИФ анықтауға арналған әдiстiң сезiмталдығы ИЛ1 үшiн- 6,25
пг/мл, ИЛ-1-РА үшiн– 50 пг/мл, ИЛ-4 және ИЛ-2 үшiн – 5 пг/мл, ИФ және
ИФ үшiн - 15 пг/мл құрайды. Қатты фазалық иммунды ферменттiк талдау
әдiсi қатты фазада (иммунды ферменттiк талдауға арналған 96-лункалық
плат) кешендердiң құруымен негiзделген. Ол кешендер: 1) ерiтiндiдегi
цитокиндермен байланыстаын тышқанның моноклонды антиденелерiнен; 2)
цитокиннен; 3) цитокиндерге қоян поликлонды антиденелерiнен; 4) қоян
иммуноглобулиндерге ешкi антиденелерi бар хрен пероксидазасының
конъюгатасынан тұрады.
Платтарға керек реагенттердi енгiзген кезде кешен қалыптасады. Аспирация
және платты жуу арқылы артық реагенттердi жояды. Хромоген ерiтiндiсi
қосылғаннан кейiн, әр лункада байланысқан конъюгат мөлшерiндегi боялу
жиiлiгiн анықтауда хромоген ерiтiндiсiн әрбiр лункаға қосқанда бiлемiз.
Талдаудың нәтижесi калибрлi кесте арқылы анықталады. Ол фотометрде
ИФТ-мен сәулелiфильтрдегi 492 нм оптикалық тығыздықты анықтау.
IL-2. Дақылдық сұйықтықта және қан сарысуында болуын 20-дан 1000
пг/мл дейiн (1пг=10
-12
г) концентарция интервалында анықталады. IL-2
митоген немесе антигенмен белсендiрiлген Т-лимфоциттермен өндiрiлетiн,
гликопротеин болып табылады. IL-2 иммунды жауаптың дамуында маңызды
рөл атқарады. IL-2 төменгi деңгейi әр түрлi ауруларда: склерозда,
склеродермияда, ревматоидтық артритте, инсулинге тәуелдi диабете, жүйелi
қызыл жегi және т.б. байқалады.
IL-1-
сарысу және дақылдық сұйықтық үлгiсiнде 6,3-тен 400 пкг/мл
дейiн (ООО «Цитокин») концентрация диапазонында анықталады. IL-1
негiзгi көзi моноциттер, макрофагтар және дендриттi жасушалар болып
табылады. IL-1-дан айырмашылығы IL-1 ерiгiш формасы түрiнде
кездеседi. IL-1 рекомбинантты түрiнiң айқын иммунды модуляторлық
қасиетiнiң арқасында иммунды тапшылықты емдеуде және гемопоэздi
қалпына келтiру кезiнде клиникалық тәжiрибеде қолданады.
IL-1RA (IL-1 рецепторлық антагонистi). Денi сау донордың
сарысуында
350-ден
700
пг/мл
дейiн
болады.
Макрофагтармен,
моноциттермен, нейтрофилдермен, фибробласттармен және эпителий
жасушаларымен өндiрiледi. IL-1RA IL-1 және IL-1 биологиялық
белсендiлiгiн
тежеу
арқылы
олардың
рецептормен
байланысуында
жарысады. Адам қанында IL-1RA концентрациясын анықтау сепсис,
ревматоидтық
артрит,
демiкпе
және
қабыну
аурулары
кезiнде
диагностикалық және болжамдық мағынасы бар.
IL-4
белсендiрiлген
Т-лимфоциттермен
өндiрiледi.
L-4
В-
лимфоциттердiң, сүйек кемiгiндегi iзашар жасушаларының және мес
жасушаларының пролиферациясын белсендiредi. IL-4 бiрқатар беткей
антигендердiң
экспрессиясын
шақырады
және
цитофилдi
иммуноглобулиндердiң өнiмдерiн белсендiредi. Оның көптеген биологиялық
қызметтерi, гуморалдық иммундық жауапты реттейдi, Оның көптеген
биологиялық қызметтерiне, гуморалдық иммундық жауапты IgE өнiмдерiне
және реттейтiн Т-хелпердiң субпопуляциясының Th2 стимуляциясына
плазмалық жасушалар түзетiн иммуноглобулиндердiң өнiмдерiне ауысуының
индукциясы жатады. IL-4 сонымен қатар айқын iсiкке қарсы белсендiлiгiне
ие болады.
IL-8 әр түрлi ынталандырушыға, эндотоксин, IL-1, TNF- және вирустарға
жауап
ретiнде
мононуклеарлы
фагоциттермен,
полиморфтыядролық
лейкоциттермен, эндотелий жасушалармен және әртүрлi мезотелиалды тип
жасушаларымен өндiрiледi. IL-8 бiрiншiлiк қызметi – қабыну жерлерiнде
нейтрофилдiң белсендiлiгi және хемотаксисi. Қазiргi уақытта жарақатты
емдеуде IL-8 негiзiндегi препараттарды сынаудан өткiзуде.
Интерферон-α
вирусты
жұқпалардан
ағзаның
арнайы
емес
қорғаныстың негiзгi элементтерiнiң бiрi болып табылады. Интерферон-α
моноцитарлы-макрофагалды қатардағы жасушалармен түзiледi. Барлық
жасушаларды қажеттi тұрғыда белсендiретiн болсақ, олар IFN- өндiруi
мүмкiн. Бiрақ IFN- ең көп санын дендриттiк жасушалардың iзашарлары
өндiредi. Қалыпты жағдайда қан сарысуында альфа-интерферонның деңгейi
бiршама аз және ол бiрнеше бiрлiктi құрайды: 5-50 пкг 1 мл сарысуда. IFN-
түзiлуiнiң негiзгi индукторы көптеген вирустар және олардың өнiмдерi, оның
iшiнде маңызды орын алатын екiтiзбектiк РНК болып табылады. IFN-
биологиялық қызметi вирусты жұқпаларға және iсiк өсуiнiң тежеуiне
бағытталған. IFN- негiзiндегi препараттарды клиникалық тәжiрибеде
белсендi түрде қолданады.
IFN-
Т-лимфоциттермен
және
табиғи
киллермен
өндiрiледi.
Макрофагтардың сонымен қатар табиғи киллердiң, микробқа және iсiкке
қарсы in vitro және in vivo белсендiгiн күшейтедi. IFN- МНС II класс
молекуласының
экспрессиясын
белсендiредi.
IFN-
В-жасушалардың
дифференциялануы және активациясының кофакторы, сонымен бiрге IL-4
функционалдық антагонистi болып табылады.
TNF-
.
Көптеген
ынталандыруға:
митогендерге,
цитокиндерге,
бактерияларға, вирустарға және паразиттерге жауап ретiнде, макрофагтар
TNF- негiзгi өндiретiн жасушалар болып табылады. Iсiкке қарсы
белсендiлiгiнiң болуына қарамастан, TNF иммунды жауаптың, қабынудың
және гемопоэз модуляциясында маңызды рөл атқарады; iсiкке қарсы
иммунитетке қатысады, TNF өнiмi артық болған кезеде анорексия, кахексия
және септикалық шок шақырады.
Достарыңызбен бөлісу: |