Лейкоциттердiң миграциясын тежеуші серпiлiсi (ЛМТС) ЛМТС
әр
түрлi
жұқпалы
ауруларда,
негiзiнен
жасушаiшiлк
бактериялармен зақымданғанда: туберкулез, бруцеллез, лепра; кандидоз
және созылмалы вирусты жұқпаларда иммундық жауабын; сонымен қатар
аллергиялық ауруларда аллергендерге сезiмталдығын анықтау үшiн табысты
қолданады.
Әдiстiң қағидасы. Эритроциттер қоспасы жоқ қан плазмасынан алынған
лейкоциттер қоспасын, (50 мкл) 199-шi ортасымен (бақылауда) және
индуцирлеген вариант – ФГА-мен бiр көлемде араластырады. ФГА
концентрациясы 1 мл-де 10 мкг.
Осы серпiлiстiң бiрнеше модификациясы бар. Иммунологиялық серпiлiске
арналған планшетке, дуплетке немесе триплетке 10% бұзаудың эмбриондық
белсенденген сарысу қосылған 199 ортасын құяды. Мөлшерi 7мм және
диаметрi 1мм капиллярды ортасы бар лейкоциттер қоспасымен немесе ФГА-
мен толтырады. Бiр ұшын арақатынасы 1:3 тең парафин және воск
қоспасымен толтырады, екiншi жағын – планшеттiң ұясына түсiредi.
Планшеттi қақпақпен жабады, 18-24 сағатқа 37
о
C инкубациялайды.
Капиллярды алып тастағаннан кейiн сұйықтықты лункаларда қайтадан
суспензиялайды. Әр лункада лейкоциттердiң санын Горяев камерасымен
есептейдi. ФГА-мен бақылау және сынақ үшiн орташа санын есептейдi.
Миграция
индексiн
есептеу
үшiн
тәжiрибедегi
жасушалардың
концентарциясын бақылаудағы сондай концентрацияға бөледi. Қалыпты
жағдайжа арақатынасы 0,3-0,5 тең.
Капиллярлық әдiс. Бөлiнген лейкоциттермен бiр жағы ашық, ал екiншi
жағы жабылған 2 капиллярды толтырады. Кейiн центрифугалайды және
жасушалары жоқ тұнбаны алып тастайды. Содан соң бiр капиллярға
ынталандыруды (ФГА) қосады және 24 сағат бойы 37
0
С
инкубациялайды.
Бақылау және тәжiрибе капиллярының ашық жағынан планшеттiң ұясына
лейкоциттердiң миграциясы жүредi. Серпiлiстi бақылау және тәжiрибе
ұяларындағы жасушалар концентарциясының арақатынасымен бағалайды.
Қалыпты жағдайда арақатынасы 0,6-0,87 тең (миграция индексi).