Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


инфекцияға қарсы иммунитет құруы



Pdf көрінісі
бет41/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

инфекцияға қарсы иммунитет құруы болып табылады. 
Инфекцияға қарсы иммунитетте қорғаныстық әсер ету механизмi 
бойынша ерекшеленетiн антиденелердiң бiрнеше топтары болады: 
 Бактериалдық токсиндердi бейтараптаушы антиденелер; 
 Вирустың жасушаға жабысуына қарсы, вирусты бейтараптаушы 
антиденелер; 
Комплемент 
қатысуымен 
вирус 
жұқтырған 
жасушаға 
цитотоксикалық әсер көрсетуші антиденелер; 
 Комплемент 
қатысуымен 
бактерияның 
жойылуын 
(лизиске 
ұшырау) шақырушы антиденелер; 
 Қоздырғышты опсонизациялаушы және оның ферменттiк жүйесiн 
басушы антиденелер; 
 Макрофагтарды опсонизациялаушы және фагоцитозды күшейтуші 
антиденелер; 
 Еритiн антигенмен комплекс түзiп, комплементтiң активтенуiнiң 
есебiнен қан тамырларының өткiзгiштiгiнiң жоғарлауын шақырып 
және жедел қабыну белгiлерiнiң дамуына қатысушы антиденелер; 
 Гельминттерге 
қарсы 
полиморфты 
ядролы 
лейкоциттердiң 
цитотоксикалық әсерiн күшейтуші антиденелер. 
 
В-лимфоциттердің шығуы мен дифференциялануы. 
В-лимфоциттер дифференциялануының негізгі кезеңдерi: 
1. Сүйек кемегінің көп қабiлеттi бағаналы жасушалары (КҚБЖ) 
2. ЛБК- лимфоциттердің бастаушы жасушалары (жалпы лимфопоэз 
бастаушысы) 


44 
3. Бастаушы В-лимфоциттер (б-В) 
4. В
0
-лимфоциттер 
5. В
1
-лимфоциттер 
6. В
2
-лимфоциттер 
Сүйек кемегіндегі антигентәуелсіз дифференцияланудың кезеңдерi: 
КҚБЖ  ЛБЖ – бастаушы-В-лимфоциттер  В
0
Иммунитеттің шеткері мүшелерінің тимустәуелсіз аймақтарында 
өтетін антигентәуелді дифференцияланудың кезеңдерi: В
1
-лимфоциттер  
В
2
-лимфоциттер. 
В-лимфоциттердің бастаушысы, басқа қан жасушалары тәрізді, сүйек 
кемегінің көп қабiлеттi бағаналы жасушасына жатады. Барлық Т- және В-
лимфоциттердiң жалпы бастауышы  жартылай бағаналы жасушалы кезеңi 
арқылы бастаушы В-лимфоциттер пайда болады, олар кейiннен жетілмеген 
В
0
-лимфоциттерге айналады. Бұл дифференциялануы сүйек кемегінде 
бөгде антигенмен байланыспай тұрып өтеді.
В
0
-лимфоциттер қан айналым арқылы көшіп, шеткері лимфоидты 
мүшелердің тимустәуелсіз аймақтарында қоныстанады. Сол жерде В-
лимфоциттердің әрі қарай жетілуі мен дифференциялануы өтеді, сөйтіп 
организиге 
түскен 
антигендермен 
байланысу 
арқылы, 
олар 
иммунологиялық серпілістерге бейімділігін алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет