Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет38/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

Түр-аралық арнайылық жануарлардың қай түрге жататындығына
олардың генетикалық конституциясына байланысты, яғни бұл ерекшелiк, 
әр түрге жататын ағзалардың бiр-бiрiнен айырмашылығын көрсетедi. Түр-
аралық арнайылыққа қандай да болса арнайы антигендер емес, ағзада 
кездесетiн көптеген заттар ие бола алады. Өзара жақын түрлерiнде ұқсас 
түр-аралық 
арнайылық 
антигендерi 
бар, 
ал 
алшақ 
түрлерiнiң 
антигендерiнде – көп айырмашылықтары болады. 
 
Типтiк арнайылық – түр-аралық арнайылық секiлдi ұғым, бiрақ 
микроб түрлерiне қатысты қолданылады (серологиялық варианттары-
сероварлар, бiр түрдiң iшiндегi антигеноварлар анықталады). 
 
Топтық антигендiк арнайылық – даралардың бiр түрiнiң iшiндегi 
әр-түрлi топтардың ерекшелiгi. Мысалы ретiнде, адам эритроциттерiнiң 
изоантигендiк жүйесi жатады, олар 15-тен астам, ал құрамына 100 
шамасында антигендер кiредi; олардың негiзгiсi қан тобындағы АВО 
жүйсенiң изогемагглютиногендерi. Лейкоциттердiң изоантигендiк жүйесi 
(HLA), мүшелер мен тiндердiң ауыстырып салуында маңызды орын алады, 
ол антигендердiң гистосәйкестiк жүйесi деп аталады. Ағзаның мүшелерiн 
ауыстырып салғанда (трансплантация) күштi гистосәйкестiк антигендердiң 
минималды айырмашылығына негiзделiп, сәйкес донор мен реципиент 
таңдалады. Гранулоциттердiң және тромбоциттердiң изоантигендiк жүйесi 
гемотрансфузия мен трансплантация кезiнде маңызы бар. Изоантигендердiң 
болуы ағзаның түрiшiлiк жеке дара ерекшелiктерiнiң дәлелi болып 
табылады.
 
Тiндiк арнайылық – бiр ағзаның әр түрлi тiндерiндегi антигендiк 
айырмашылық (миокард, өкпе, бауыр және т.б. антигендерi). 
 
Сатылық арнайылық - әр даму сатысында тұрған жасушалардағы 
антигендiк айырмашылығы. Мысал ретiнде, эмбрион антигендерiн (α-
фетопротеин немесе сүйек кемiгiнiң бағаналы жасушаларында және В-
лимфоциттердiң барлық дифференциялану кезеңдерiнде болмайтын 
плазмалық жасушалардың антигенi – РС-антигенiн) алуға болады. РС-
антигенi, тек антидене түзу кезiнде плазмалық жасушаларда пайда болады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет